Стратегиялық мақсаттар мен бастамаларды іске асыру мақсатында жыл сайын компания менеджменті үшін корпоративтік қызмет көрсеткіштері белгіленеді. Бұл көрсеткіштер Компанияның басым міндеттерінің орындалуы, өндірістік, қаржылық көрсеткіштер мен тұрақты даму саласындағы көрсеткіштер арасындағы теңгерімнің сақталуы ескеріліп қалыптасады. Корпоративтік қызмет көрсеткіштері тізбесіне міндетті түрде өндірістегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау индикаторлары кіреді. Жыл қорытындысы бойынша басты қызмет көрсеткіштерінің нәтижесі қызмет тиімділігін бағалау периметріне кіретін ҚМГ қызметкерлеріне сыйақы тағайындау кезінде ескеріледі.
2023 жылы ҚМГ‑ның корпоративтік және Басқарма мүшелеріне тиесілі функционалдық корпоративтік қызмет көрсеткіштері инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістік, қаржы‑экономикалық көрсеткіштердің жоспарлы мәндерін қамтамасыз етуге, сондай‑ақ ESG мақсаттарына қол жеткізуге бағытталды.
Компанияның құн тізбегі тиімділігін арттыру
Басым инвестициялық жобаларды іске асыру
80% (2022: 54,02%)
Бес жобаның ішінен торт жобаның жоспарланған іс‑шаралары жүзеге асырылды:
«Астрахань‑Маңғышлақ» су құбырын реконструкциялау және жаңғырту»;
«Кендірліде қуаты тәулігіне 50 000 текше метр теңіз суын тұщыту зауытын салу»;
«Бірінші интеграцияланған газ‑химия кешенін салу. Екінші кезеңі (Полиэтилен өндірісі)»;
23 490Жоспарлы басты қызмет көрсеткіштері мәндеріне енгізілген активтер тізіміне сәйкес. ҚМГ-ның мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру көлемі — 23 532 мың тонна. мың тонна (2022: 22 012 мың тонна)
Бұл көрсеткіш операциялық активтер мен ірі мұнай‑газ активтерінде Компанияның қатысу үлесіне өндірілген мұнай мен газ конденсатының көлемін сипаттайды.
Бұл көрсеткіш Компанияның табыстылығын анықтайды және компания салық, кредиттер бойынша пайыздар мен амортизация шығынын төлегенге дейін түсімнен түскен пайызды көрсетеді.
Бұл көрсеткіш құйылған инвестицияның тиімділігін (қайтарымдылығын) көрсетеді. 43,1% = (2023 жылдың соңында (29.12.2023) акцияның бағасы 11 541 теңге – сатылымның басында (08.12.2022 ұсыну кезінде) акцияның бағасы 8 406 теңге + бір акцияға төленген дивиденд 491,71 теңге) / ұсыныс басында акцияның бағасы (08.12.2022 ұсыну кезінде) 8 406 теңге *100%
«Тұрақты даму және өндірісте көміртек сыйымдылығын жүйелі төмендету»
Өндірістегі қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш
Жұмыс уақытын жоғалтумен жазатайым оқиғалар коэффициенті(LTIR): 0,30 (2020: 0,36)
Қауіпсіз емес жағдайды/қауіпсіз емес мінез‑құлықты/қауіпсіз емес әрекетті/қауіпті жағдайды/қауіпті факторды анықтау және ол туралы хабарлау: ҚМГ‑ның ЕТҰ‑да 12 240 Қорғау картасы толтырылды (көрсеткіш 2023 жылы енгізілді).
Көрсеткіш екі құрамдауышынан тұрады LTIR (Lost Time Incident Rate), өндірістік қауіпсіздік бойынша Қорғау карталарын толтыру.
Корпоративтік қызмет көрсеткіштерін орындау мәндері бағаланып қойды. Жоспар бойынша ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылғы көрсеткіштердің нақты мәндерін 2024 жылы шілдеде бекітеді.