Ірі мәмілелер және мүдделі мәмілелер туралы мәліметтер

Ірі мәмілелер

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі және (немесе) акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ірі деп танылатын мәмілелер бойынша шешім қабылданған жоқ.

Қызығушылық бар мәмілелер

«Қаламқас‑теңіз, Хазар және Әуезов»

9 ақпанда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қаламқас‑теңіз, Хазар, Әуезов жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісімдер жасасты. Тараптар үлескерлер келісіміне, «Kalamkas‑Khazar Operating» ЖШС жарғылық капиталындағы 50% үлесін сатып алу‑сату шартына және оператор қызметіне қатысушылардың қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды. Құжаттар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесін әзірлеу жөніндегі бірлескен қызмет шеңберінде құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Осылайша, «Лукойл» Каспий қайраңындағы жер қойнауының осы учаскесін игеруде ҚМГ‑ның стратегиялық серіктесі атанды. Мүдделі мәміленің мәні «Қаламқас‑теңіз, Хазар, Әуезов» жобасы құнының ҚМГ активтерінің баланстық құнына пайыздық арақатынасы – 18%.