Тауар/ қызмет көрсетушілермен өзара іс‑қимыл

Сатып алу жүйесі

Тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, тиімді сатып алуды қамтамасыз ету – ҚМГ қызметінің ажырамас бөлігі, бұл өз кезегінде компанияның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал етеді.

ҚМГ компаниялар тобының сатып алу қызметінің негізгі қағидаттары заңнамалық және ішкі талаптарды сақтау, сатып алудың ашықтығы, адал бәсекелестікті дамыту және контрагенттер үшін тең мүмкіндіктер беруге негізделеді. Сонымен қатар, ҚМГ қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау мақсатында сатып алу қызметінде бірқатар бастамаларды жүзеге асырады.

ҚМГ компанияларында сатып алу қызметін басқару екі құжаттың негізінде жүзеге асырылады:

  • 2022 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылы 8 маусымдағы № 47‑VII Заңы (бұдан әрі – Заң). Заң квазимемлекеттік сектор компанияларының, оның ішінде «Самұрық‑Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың жұмыс істеуін және жарғылық қызметін орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті тауар, жұмыс, қызметті сатып алудың базалық қағидаттары мен негізгі ережелерін реттейді;
  • «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық – Қазына» АҚ‑қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен (бұдан әрі ‑ Тәртіп) тиесілі заңды тұлғалардың Қордың директорлар кеңесінің 2022 жылы 3 наурызда №193 шешімімен бекітілген сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі. Тәртіп Заңның 14‑бабына сәйкес әзірленді және сатып алудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, сатып алу қызметін басқарудың жалпы тәртібін, сатып алу қызметін басқару саласындағы Қордың және сатып алу жөніндегі қор операторының құзыретін, сатып алу қызметінің процестеріне қойылатын негізгі талаптарды, сатып алудың қолданылатын тәсілдерін, сатып алуды бір көзден қолдану үшін негіздерін, сондай‑ақ сатып алу санаттарын басқару бойынша сатып алу қызметінің процестерінТолығырақ ақпаратқа мерзімдер, құжаттаманың мазмұнына қойылатын талаптар және жүргізілетін рәсімдер сияқты мәселелер кіреді. толығырақ ашады, жеткізушілерді басқару және таңдау, жеткізу шарттарын басқару жөніндегі қызметтерді анықтайды.

Ең озық халықаралық стандарттар мен технологиялар негізінде ашықтық пен тиімділік деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін ҚМГ компаниялар тобының сатып алу рәсімдерінде барлық мүдделі тұлғаларға сатып алу туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді (бірінші кезекте мемлекеттік құпияға байланысты жекелеген ерекшеліктерді қоспағанда), сатып алудың барлық қатысушылары үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ететін «Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесі» порталы (бұдан әрі — ЭCАЖ) қолданылады.

ЭCАЖ сатып алу циклінің барлық процедураларын автоматтандыруға және стандарттауға мүмкіндік береді (жоспарлау процесінен келісімшартты басқаруға дейін), тапсырмаларды орындау уақытын қысқартады және адам факторының әсер ету дәрежесін төмендетеді. Электронды сатып алу нарыққа қол жеткізуді жеңілдетеді және осылайша тиімділікті арттыруға, бәсекелестіктің өсуіне және әкімшілік жүктеме мен операциялық шығындардың төмендеуіне ықпал етеді.

Сатып алу рәсімдері мен сатып алу келісімшарттарына қатысты сатып алу туралы ақпаратты, соның ішінде сауда‑саттыққа қатысуға шақыру және шарт жасасу шарттары туралы ақпаратты көпшілікке таратудан басқа, ЭCАЖ іріктеу критерийлері мен Сауда‑саттықты өткізу қағидаларын және оларды жариялауды қоса алғанда, бәсекелестік сатып алуға қатысу үшін талаптарды алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ЭCАЖ нормативтік құжаттарда белгіленген ережелер немесе рәсімдер сақталмаған жағдайда сатып алу нәтижелеріне шағымдануды қоса алғанда, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етеді.

Сатып алуда тұрақты даму қағидаттарын сақтау

Контрагенттермен өзара іс‑қимылды жүзеге асыруда заңдылық пен ашықтық, шарттардың талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу және төзбеушілік секілді ҚМГ‑ның тұрақты даму саласындағы қағидаттары негізге алынады, сондай‑ақ олардың тиімді баға ұсынуы, сапасы мен шарттары, іскерлік беделі негізінде контрагенттерді іріктеуде көрініс тапты.

ҚМГ өз кезегінде контрагенттерге тұрақты даму қағидаттарының (ESG) талаптарын сақтау бойынша міндеттемелер артады:

  1. экологиялық жауапкершілік (E) – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай қоршаған ортаны қорғау.
  2. әлеуметтік жауапкершілік (S) – қызметкерлерге әділ қарау, балалар еңбегін пайдаланбау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету.
  3. корпоративтік басқару (G) – заңнаманы қолдану, сапа менеджменті жүйелеріне сәйкестігі және этикалық мінез‑құлықтың өзге де қағидаттарын ұстану.

Бұл шарттар Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқығын сақтау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, балалар құқығын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ҚМГ контрагенттермен жасасатын шарттардың талаптарына енгізілген. ҚМГ бұл шаралар ынтымақтастықта жұмыс істейтін компаниялардың заңға қайшы әрекетін азайтуға ықпал ететініне сенімді.

Тауарларды сатып алу кезінде ҚМГ болашақ тауар/ қызмет көрсетушілерге сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификаттарын көрсету туралы талап қояды.

Жалпы сатып алу көлемі

2023 жылы жалпы сатып алу көлемі, ҚҚС‑ты есептемегенде, 1 231 млрд теңгеге жетті.

ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі – бір көзден сатып алуды қысқарту және бәсекелі сатып алу үлесін арттыру. Бәсекелес сатып алу ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрау, электронды дүкен және бәсекелестік келіссөздер арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобы бойынша жасалған жылдық сатып алу жоспарының шарттары бойынша бәсекелестік сатып алу сомасы 622 млрд теңге болды. Сонымен қатар, соңғы үш жылда бәсекелестік сатып алулардың үлесі 51%‑ды құрады, бұл ҚМГ‑ның адал бәсекелестікті және тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді. Бәсекелестікке жатпайтын бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілген сатып алулардың үлесі оларды бәсекелестік тәсілмен сатып алу мүмкін болмаған ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.

Бәсекелес сатып алулар, ҚҚС‑ті қоспағанда млрд теңгеБәсекелес сатып алуларға ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрау, электронды дүкен және бәсекелестік келіссөздер арқылы сатып алу жатады
Жыл Тауарлар Жұмыстар мен қызметтер Барлығы
Сомасы Үлесі, % Сомасы Үлесі, % Сомасы Үлесі, %
2019 169 12 326 23 495 36
2020 168 15 252 23 420 38
2021 162 15 285 27 447 42
2022 237 23 275 26 512 49
2023 302 25 320 26 622 51
Ұзақ мерзімді сатып алу шарттарын және бір жылдағы жергілікті қамту үлесін қоса алғанда жеткізілген тауар, жұмыс, қызметтің жалпы көлемі
Год Тауарлар Жұмыстар мен қызметтер БарлығыҰзақ мерзімді сатып алу шарттарын қоса алғанда, жеткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемі ерекше тәртіпті қолдана отырып жүргізілген сатып алулар ескерілмей есептелген.
Жалпы сомасы (млрд теңге) Жергілікті қамту үлесі, % Жалпы сомасы (млрд теңге) Жергілікті қамту үлесі, % Жалпы сомасы (млрд теңге) Жергілікті қамту үлесі, %
2021 273 57 943 85 1 216 78
2022 410 58 1 290 90 1 700 82
2023 606 50 1 580 88 2 186 77

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы тауарлар бойынша жергілікті қамту үлесінің 8%‑ға төмендеуі ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 64 млрд теңгеге импорттық дизель отынын сатып алумен байланысты. Жұмыстар мен қызметтер бойынша 2%‑ға төмендеуі «Астрахань‑Маңғышлақ» су құбырының 2‑ші желісін салу кезеңінде 99 млрд теңге сомаға жұмыстарды орындау кезінде құбыр өнімдері себебінен жергілікті қамту үлесі төмендеді. Құбыр өнімі бойынша жергілікті қамту үлесінің төмен болуына жалғыз өндіруші ArcelorMittal Tubular Products Aktau кәсіпорнының жобаны толық көлемде қамтамасыз етуге өндірістік қуатының жеткіліксіздігі себеп.

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу

Қазақстандық және халықаралық практиканың талаптары мен стандарттарын ескере отырып, сатып алу қызметін жетілдіру – ҚМГ‑ның басым міндеттердің бірі. Осы міндетті шешудің пәрменді құралы – әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік бойынша іріктеуді жүргізу тетігін іске асыру.

Алдын ала біліктілік бойынша іріктеуАБІ рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер Біліктілік органы комиссиясының шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу порталында ашық қорда жарияланған білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізіледі. (АБІ) – сауалнама және аудит арқылы жүзеге асырылатын, сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім берушілерді бағалау процесі.

АБІ‑нің негізгі мақсаттары – білікті, тиісті түрде іріктелген жеткізушілерді анықтау, Қордың портфельдік компанияларының қажеттіліктері үшін тауар, жұмыс, қызметтерді сатып алу тиімділігін арттыру.

АБІ процедурасы

2020‑2023 жылдары Қордың алдын ала біліктілік іріктеу мәселелері жөніндегі комиссиясы ҚМГ‑ның еншілес және тәуелді ұйымдары, АБІ рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің 24 санатын бекітті.

Оған қоса, 2023 жылы ҚМГ АБІ өткізу үшін тауар, жұмыс, қызметтің 16 санаты бойынша біліктілік критерийлері әзірленіп, біліктілік органына жолданды. Қазіргі уақытта аталған санаттар Қордың АБІ жөніндегі комиссиясының келісімін алып, бекіту процесінде.

Санат бойынша сатып алу

Сатып алу санаттарын басқару – басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қызметіне және пайдалануға байланысты шығындарды азайтудың кешенді тәсілін әзірлеу процесі.

Санаттау сатып алу нысанасының және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай нарығының жалпы белгілері бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу санатына біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Санаттар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір және бірнеше атауын қамтуы мүмкін. Басымдықтар ретінде шығындар деңгейі жоғары, сыни, үнемдеу және басқару әлеуеті бар санаттар анықталады.

Санаттарды басқару санат бойынша сатып алу стратегиясын әзірлеу және бекіту арқылы егжей‑тегжейлі талдау арқылы үнемдеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша көбейтуге негізделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың оңтайлы тәсілін анықтайды. Санат бойынша сатып алу стратегияларында мақсаттар мен міндеттер, ішкі және сыртқы ортаны талдау, сатып алу санаттарын басқару тәсілдері, жеткізушілерді дамытуға қойылатын талаптар, пайданы есептеу және іске асыру жоспары болуға тиіс.

Санаттарды басқару стратегиялық жоспарлауды қолдану, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді егжей‑тегжейлі талдау және меншіктің жалпы құнын есептеу арқылы, сондай‑ақ бизнестің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерімен кросс‑функционалды өзара іс‑әрекет жасау арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және пайдалану шығындарын едәуір төмендетеді. Жеткізудің бұл әдісі тиімді, өйткені ол сенімді өндірушілермен және жеткізушілермен жұмыс жасай отырып, сапаны, сондай‑ақ анық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сатып алу санаттарын басқару келесілерді қамтиды:

  • сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді санаттау және сатып алудың басым санаттарын айқындау;
  • басым санаттар бойынша сатып алу категориялық стратегияларын әзірлеу (жаңарту) және бекіту;
  • санат бойынша сатып алу стратегияларын іске асыру;
  • санат бойынша сатып алу стратегияларын іске асыру мониторингі;
  • жеткізушілерді дамыту.
2018‑2023 жылдардағы санаттық сатып алу көлемі мен пайдасы, млн теңге
Көрсеткіш 2018 2019 2020 2021 2022 2023
Санат бойынша сатып алу көлемі 13 948,38 41 531,68 49 716,04 109 447,54 93 618,92 115 545,23
Сатып алуды санат бойынша басқарудың пайдасы 1 565,01 4 101,81 7 011,23 13 109,53 8 435,32 7 534,63

Импортты алмастыру

Мұнай‑газ саласында мемлекет мүддесін таныстыратын Компания ретінде ҚМГ оффтейк‑шарттар жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жаңа өндірістерге бастамашы болған жеке кәсіпкерлерді қолдау, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ компанияларында сұранысқа ие өнімдерді шығару мақсатында технологиялық қайта жарақтандыру.

Оффтейк‑шарттардың тетігі жобаны іске асыру нәтижесінде өндірісі жолға қойылатын тауарларды сатып алу мен жеткізуді кейінге қалдыру шартымен импортты алмастыру жобаларының іске асырылуын көздейді.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары 2023 жылы жалпы сомасы 1,68 млрд теңгеге 64 офтейк‑келісімшарт жасасты.

Анықтама
Жыл Саны Сомасы, млн теңге
2019 10 270
2020 41 686
2021 49 388
2022 56 791
2023 64 1 687
Барлығы 220 3 031

Сонымен қатар, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі №353 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2023 жылы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс‑шаралар жоспарының 6‑тармағына сәйкес, ҚМГ ұйымдары үшін 2024 жылға «тауарларды сатып алудағы офтейк‑келісімшарттардың үлесін» 10%‑ға жеткізуге арналған жаңа KPI әзірленіп, бекітілді.

Импортты алмастыру