БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және тұрақты дамудың 17 басты мақсатын берік ұстану

ҚМГ‑ның Тұрақты даму мәселелеріне деген көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ‑ның басты қағидаттарына, жалпы адамзат құндылықтарына, жаһандық үрдістеріне және Қазақстанның даму басымдықтарына сай болуына негізделген.

ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының барлық 10 қағидатын берік ұстанатынын растайды.

  • №1‑қағидат. Іскерлік орта Халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қолдап, құрметтеуі тиіс.
  • №2‑қағидат. Іскерлік орта адам құқықтарының бұзылуына қатыспауы тиіс.
  • №3‑қағидат. Іскерлік орта бірлестік бостандығын және ұжымдық шарт қабылдау құқығын нақты мойындауды қолдауға тиіс.
  • №4‑қағидат. Іскерлік орта мәжбүрлі және міндетелген еңбектің барлық түрлерін жоюды қолдауы тиіс.
  • №5‑қағидат. Іскерлік орта балалар еңбегін толығымен жоюды қолдауы қажет.
  • №6‑қағидат. Іскерлік орта еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдауы тиіс.
  • №7‑қағидат. Іскерлік орта сақтық қағидатына негізделген экология мәселелеріне көзқарасын сақтауы тиіс.
  • №8‑қағидат. Іскерлік орта қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс.
  • №9‑қағидат. Іскерлік орта экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесуі қажет.
  • №10‑қағидат. Іскерлік орта сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс.

Компания БҰҰ‑ның барлық 17 тұрақты даму мақсатын (ТДМ) берік ұстанады.

Компания үшін стратегиялық мақсаттар мен басым міндеттерді назарға ала отырып, ҚМГ БҰҰ‑ның 10 ТДМ мен 24 міндетіне қол жеткізудегі өзінің үлесі туралы ақпаратты жария етеді.

Компанияда тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы:
Тұрақты даму мақсаттары Басым міндеттер ҚМГ үлесі

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамның амандығына ықпал ету

3.6. Жол‑көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақат алу санын азайту

«Сапарларды басқару» жобасы

Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2023‑2025 жылдар аралығында ҚМГ компаниялар тобы бойынша ең көп автокөлігі бар еншілес ұйымдарда «Сапарларды басқару» көлік құралдарының мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жобаны кезең‑кезеңімен тарату жоспарланған.

Еншілес мекемелерге тарату аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

  • ҚМГ‑ның жеті еншілес мекемесінде көлікті басқару процестеріне диагностика жүргізілді (ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОСК, ОТК, ҚТО, ҚМГ‑С).
  • ҚМГ‑ның бес еншілес мекемесінде «Сапарларды басқару» жобасын тарату бойынша Жол картасы бекітілді (ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОСК, ОТК).

Жол‑көлік апаты кезінде бетпе‑бет соғысудың имитатор‑тренажері («Конвинсер»)

ҚМГ‑ға қарасты еншілес/тәуелді ұйымдар қызметкерлеріне қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы ақпарат беруді кеңейту мақсатында үш «Конвинсер» бірлігі (ҚТО, ӨМГ, ОТК) сатып алынды.

Нәтиже

2023 жылы «Жол‑көлік оқиғаларын тоқтату» науқаны аясында ҚМГ еншілес/тәуелді ұйымдардың басқа қызметкерлерін тарта отырып, «Конвинсер» жұмысы іс жүзінде көрсетіліп, оған ҚМГ еншілес мекемелердің 7 783 қызметкері қатысты.

Еншілес және тәуелді ұйымдардың 1 451 қызметкері, мердігер ұйымдардың 454 қызметкері RoSPA халықаралық стандарттарына сәйкес «Қорғана отырып жүргізу» (Defensive Driving) курсы бойынша оқудан өтті.

3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту, соның ішінде сапалы негізгі медициналық‑санитариялық қызметтерге қолжетімділік және қауіпсіз, тиімді, сапалы әрі арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қолжетімділік

Қызметкерлерді сауықтыру бағдарламасы

2024‑2028 жылдарға арналған қызметкерлерді сауықтыру бағдарламасы әзірленіп жатыр, оның негізгі бағыттары:

  • созылмалы аурулары бар қызметкерлердің, өндірістік персоналдың жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
  • созылмалы аурулардың алдын алудың кешенді бағдарламаларын енгізу;
  • ауысым алдындағы тексерулердің инновациялық әдістері;
  • қызметкерлердің аурушаңдығын төмендету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту.
  • жұмыс орнында жұмысшылардың денсаулығын жақсарту шарттарын кәсіподақтармен талқылау.

Денсаулықты медициналық сақтандыру

Қызметкерлерді медициналық тексеру мен вакциналау тұрақты негізде жүргізіледі.

Нәтиже

ҚМГ қызметкерлерінің 100%‑ы денсаулықты сақтандыру бағдарламасымен қамтамасыз етілген.

3.9. Қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан болатын өлім мен аурудың санын едәуір азайту

Көшбасшылыққа қатысты бастамалар

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша қызметкерлердің көшбасшылығы мен міндеттемелері кодексі енгізіліп, іске асырылып жатыр.

«Қорғау» картасы

Қауіпті жағдайды/ қауіпті мінез‑құлықты/ қауіпті әрекетті/ қауіпті факторды анықтауға және хабардар етуге бағытталған бағдарлама жүзеге асырылады.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдің, қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

5.1 Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жаппай жою

5.5 Саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық деңгейінде шешім қабылдау үшін әйелдердің жан‑жақты әрі нақты қатысуын, сондай‑ақ олардың көшбасшылығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

ҚМГ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтайды және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, наным‑сенімі, тұрғылықты жері, жасы немесе физиалық кемшіліктеріне, сондай‑ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан ешкімді кемсітуге болмайтын нормаларды бұзбайды.

Жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық рәсімдерде жынысы, жасы немесе өзге де белгілері бойынша шектеулер жоқ. Барлығы үшін бірыңғай еңбекақы және әлеуметтік қолдау көрсетудің бірдей шарттары белгіленеді.

ҚМГ компаниялар тобындағы Директорлар кеңесі мен байқау кеңестері құрамындағы әйелдердің үлесін 2030 жылға қарай 30 % ‑ға дейін арттыру.

«БҰҰ‑әйелдер» құрылымы мен БҰҰ‑ның жаһандық келісімі бойынша құрылған WEP’s бастамасын ілгерілету. WEP (әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары) халықаралық еңбек және адам құқықтары стандарттарына негізделген және іскер топтардың гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі әрі жауапты екенін мойындауға негізделген.

Бұл бастама аясында мыналар жоспарланады:

  • компания басшысының әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту принциптерін қолдау туралы мәлімдемесіне қол қойылмақ.
  • WEP’s гендерлік алшақтықты талдау құралы арқылы өзін‑өзі бағалау жүргізу. Ол гендерлік теңдікке қатысты стратегиялық тәсілді бағалайды, үздіксіз жетілдіру үшін олқылықтар мен мүмкіндіктерді анықтайды және межелі мақсаттар мен міндеттерді айқындауға көмектеседі.
  • мүдделі тараптарға бұл саладағы прогресс туралы хабарлау үшін тұрақты даму туралы есептерде жынысы бойынша деректерді жария ету.

Нәтиже

Директорлар кеңесінің, Басқармалар және байқау кеңестері құрамындағы әйелдер үлесі:

  • 2023 жылдың басынан бастап ҚМГ Директорлар кеңесі мен басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2023 жылы ҚМГ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (2023 жылғы 14 тамыздағы №4/2023 хаттама) Директорлар кеңесінің құрамына С.Н.Мыңшәріпова сайланды. 2023 жылғы сәуірде Д.А. Арысова ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, өндірісте энергия тиімділігін арттыру және қолжетімді таза энергия үлесін ұлғайту

7.1. Қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету

ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңарту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай‑ақ жеке генерациялау көздерін, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып дамыту.

Бастамалар:

Төмен көміртекті дамудың 2031 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді, қызметтің басым бағыттары айқындалды.

Энергия тиімділігін арттыру бойынша:

  • озық қолжетімді технологияларды енгізу
  • қазан және пеш жабдығын жаңғырту;
  • жылу энергиясын тұтынатын технологиялық қондырғыларды жаңғырту;
  • механикалық қорды жаңғырту;
  • механикалық қорды және жиілік‑реттеулі жетекті пайдалана отырып сорғы жабдықтарын оңтайландыруға бағытталған басқарушы бағдарламаларын іске асыру;
  • негізгі және қосалқы жабдықты жылумен оқшаулау;
  • көлік техникасын оңтайландыру;
  • отын‑энергетикалық ресурстарды есептеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;
  • энергия менеджменті қызметтерін ашу.

Нәтиже

2022‑2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

2023 жылы: 60 іс‑шараны іске асыру есебінен отын‑энергетикалық ресурстардың есеп бойынша үнемделуі 22,2 мың шартты отын тоннасына жетті, бұл СО2 шығарындысының 45 мың тоннасын қысқартумен тең.

ҚМГ компаниялар тобының өндіруші активтерінде (ӨМГ, ЕМГ, ММГ және ҚБМ) пештер мен қазандық жабдықтарына технологиялық аудит жүргізілді. Қорытындысы бойынша 23 іс‑шара әзірленді, оның 14‑і экономикалық және техникалық тұрғыдан орынды деп қабылданды және зерттелген еншілес/тәуелді ұйымдардың Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспарына енгізілетін болады. Қосымша шаралардың жалпы әлеуеті – 32,1 мың шартты отын тоннасы немесе 42,9 тонна СО2.

Экологиялық таза авиациялық отын өндірісі

2023 жылы қыркүйекте Air Astana компаниясымен бірлесіп, Еуропа қайта құру және даму банкінің қолдауымен экологиялық таза авиаотын (ағылш. Sustainable Aviation Fuel, SAF) нарығын техникалық‑экономикалық зерттеу және Қазақстан Республикасында өндіру перспективалары бойынша жұмыстар басталды.

Зерттеуге қатысушылардың 2023 жылы 23‑24 қарашада өткен жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан үшін SAF өндірудің ең перспективті технологиялары бірге айқындалды.

Зерттеудің алдағы кезеңдерінде ҚМГ үшін SAF өндірісінің орындылығын анықтау мақсатында SAF өндірісінің таңдалған технологияларын неғұрлым егжей‑тегжейлі зерделеу, сондай‑ақ SAF өндіру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік‑құқықтық базасын зерттеу жоспарлануда. Техникалық‑экономикалық ақпарат нәтижелері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ұсынылатын болады.

7.b. Қазіргі заманғы және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту

ЖЭК жобаларын дамыту:

  • Total Eren‑мен бірлесіп 1 ГВт болатын ЖЭС;
  • Eni‑мен бірге 120 МВт болатын гибридті электр станциясы;
  • 2031 жылға қарай кемінде 15% «жасыл» электр энергиясын сатып алу;
  • 2023 жылғы желтоқсанда ЖЭК генерациялау көздерінен электр энергиясын тұтынғанын растау үшін 10 мың бірлік мөлшерінде I‑REC «жасыл» сертификаттары сатып алынды.

Нәтиже

2031 жыл: :

  • 15% ‑ ҚМГ электр тұтыну балансындағы ЖЭК үлесі,
  • кемінде 300 МВт болатын ЖЭК жобаларын іске асыру,
  • Қазақстанда сутегі энергетикасын дамыту.

Үдемелі, жан‑жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толыққанды әрі өнімді жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

8.5. Әйелдер мен ерлерді, оның ішінде жастар мен мүгедектерді толыққанды әрі өнімді, лайықты жұмыспен қамту және құндылығы бірдей еңбегі үшін тең жалақы төлеуді қамтамасыз ету ҚМГ 49 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. ҚМГ‑ның адами капиталын дамыту аспектілерінің бірі – гендерлік теңдікті сақтау және барлық деңгейде кемсітушіліктің болмауы. ҚМГ ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктер ұсынуды қоса алғанда және құндылығы бірдей еңбегі үшін тең жалақы төлеу қағидаттарын ұстана отырып, тұрақты дамудың жаһандық бастамаларын құптайды.
8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастар үлесін едәуір қысқарту

Жас мамандарды дамыту және өндіріске жас мамандарды тарту бағдарламалары

«Жас маман» бағдарламасы — Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай‑химия зауытына жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламасы.

2022‑2023 жылдар аралығында АМӨЗ‑де 31 адам оқып, жұмыс істеді. Оның жетеуі жұмысқа орналастырылды. ПМХЗ‑да бір адам болған, сол адам жұмысқа орналастырылды.

Дуалды оқыту – ҚМГ компаниялар тобында оқытуды, тағылымдамадан өтуді және одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтитын бағдарлама. Мәселен, 2022‑2023 жылдар аралығында Ембімұнайгазда осы бағдарлама бойынша оқыған 99 адамның төртеуі жұмысқа қабылданды АМӨЗ‑де 62 адамнан 17 адам жұмысқа орналастырылды; ПМХЗ‑да 53 адамнан 36 адам жұмысқа орналастырылды.

Тағылымдамашы – бағдарлама үш мамандық бойынша қолға алынды ‑ технологиялық қондырғының операторы, технологиялық сорғы мен компрессор машинисі, бақылау өлшеу аспаптары мен автоматика аспапшысы. Тағылымдамадан өтушілер АМӨЗ-де оқиды және өндірістік тағылымдамадан өтеді. 2022-2023 жылдар аралығында аталмыш бағдарлама бойынша 60 адам оқып, соның 29-ы жұмысқа қабылданды.

8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық еңбекші үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

ҚМГ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес көрсетіледі. ҚМГ компаниялар тобында ұжымдық шарт 25 кәсіпорында қабылданған. Кәсіпорындардың әлеуметтік пакеті 50‑ден астам әлеуметтік жеңілдік түрінен тұрады. Бүгінгі таңда ұжымдық шарттар мен актілердің барлық талаптары ҚМГ‑ның бүкіл кәсіпорындарында толық көлемде сақталады.

Толық ақпарат «Персоналды дамыту» бөлімінде берілген.

Төзімді инфрақұрылым құру, тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

9.1. Экономикалық даму мен адамдардың амандығын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, төзімді және тұрақты инфрақұрылымды дамыту.

ҚМГ цифрлы трансформациялау бағдарламасы ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңейтуге, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға қомақты инвестиция құяды. Өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуаттарды дамыту елдегі климаттық жағдайға да оң әсер етеді.

«ABAI ақпараттық жүйесін әзірлеу» жобасы

ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын Big Data платформасындағы ортақ дерекқорда жинақталуын, сондай‑ақ жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, оны өңдеу мен талдауды көздейді.

ABAI ақпараттық жүйесі 17 автономды модульден тұрады, олардың әрқайсысы нақты өндірістік мәселені шешуге бағытталған.

Нәтиже

Алты ABAI модулі енгізілді («Деректер базасы», «Карта жасаушы», «Технологиялық режим», «Тереңдік‑сорғы жабдықтарын таңдау», «Геологиялық техникалық іс‑шаралардың тиімділігін іріктеу және талдау» және «Өндіруді жоспарлау және мониторинг»). Қол жеткізген нәтижелер:

  • автоматтандырылған деректерді жинау және өндірістік есептерді шығару функциясы іске асырылды;
  • ӨМГ және ҚГМ‑де барынша тиімді технологиялық режим есебінен қосымша өндіру көлемі алынды;
  • ӨМГ және ММГ‑да тереңдік‑сорғы жабдықтарының істен шығуын азайту есебінен ұңғымаларды жерасты жөндеу саны азайды;
  • ӨМГ және ММГ‑да геологиялық‑техникалық іс‑шаралардың тиімділігі артты;
  • ҚГМ‑да қабат қысым ұстап тұрудың барынша тиімді жүйесі есебінен қосымша өндіру көлемі алынды.
9.4. Инфрақұрылымды жаңғырту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді кеңінен қолдану есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

Төмен көміртекті дамудың 2031 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді, энергия тиімділікті арттыруға қатысты қызметтің басым бағыттары айқындалды:

  • энергия менеджментін оңтайландыру және энергия менеджменті қызметтерін ашу;
  • отын‑экономикалық есеп‑қисаптарды есепке алу және басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу;
  • нақты еншілес/тәуелді ұйымдардың активтерінде серпінді жобалардың қолданылуын анықтау;
  • үздік қолжетімді технологияларды енгізу;
  • механикалық қорды жаңғырту, көлік техникасының құрамын оңтайландыру және жаңғырту.

Нәтиже

2031 жыл:

  • барлық еншілес ұйымдарын энергия менеджментінің қызметтерімен толығымен қамту;
  • энергия сыйымдылығын 2019 жылдың деңгейінен 10%‑ға төмендету.

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

11.6. 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққандағы жағымсыз экологиялық әсерін азайту, оның ішінде ауа сапасына және қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару.

Қоршаған ортаға теріс әсерді кезең‑кезеңімен төмендетуге бағытталған үздік қолжетімді әдістерді енгізу

Қазақстанда ластаушы заттардың шығарындысы бойынша 50 ірі ластаушы кәсіпорындар тізіміне кіретін ҚМГ тобына қарасты бірқатар компания алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінен кешенді экологиялық рұқсат ала отырып, 2024 жылы ұлттық салалық үздік қолжетімді әдістердің анықтамалықтары негізінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын әзірлеуге ниетті.

Ластаушы заттар шығарындысын азайтуға қатысты бағдарлама әзірлеу

ҚМГ компаниялар тобы бойынша ластаушы заттардың шығарындысын азайту мақсатында қоршаған ортаға шығарылатын заттар көлемін азайту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және мақсатты көрсеткіштерді белгілеу жоспарлануда.

Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын факелде тұрақты жағуды толық тоқтату» бастамаларын іске асыру

ҚМГ Дүниежүзілік Банктің 2015 жылы ілеспе мұнай газының пайдалы қолдануын арттыру мақсатында мемлекеттердің, мұнай компаниялары мен қоғамдық ұйымдардың күш‑жігерін біріктіру үшін жарияланған, 2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын факелде тұрақты жағуды толық тоқтату бастамасына қатысады. Жоғарыда аталған бастаманы іске асыру аясында компания 2030 жылға қарай газды факелде тұрақты жағуды толық тоқтатуға бағытталған ҚМГ‑ның шығарындыны басқару жөніндегі саясатын басшылыққа алады.

«Жасыл белдеу» құру – көгалдандыру жобасы

«АМӨЗ» ЖШС 2023 жылы 5 маусымда өткен экологиялық конференция барысында Атырау қаласын көгалдандыру бойынша Атырау облысының әкімдігі мен ҚМГ арасында қабылданған меморандум аясында үш жыл ішінде 10 мың ағаш отырғызады.

Нәтиже

  • Халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және экологиялық жағдайды жақсарту, соның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында мұнай өңдеу зауыттары «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының көрсеткіштеріне сай іс‑шараларды іске асырады. Бұл бағыт аясында бес жыл ішінде шығарындыларды 20%‑ға қысқарту көзделіп отыр.
  • Ластаушы заттар эмиссияларын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату жұмыстары атқарылуда. Қазіргі уақытта жол карталарына сәйкес аталмыш жүйені орнату бойынша құрылыс‑монтаж жұмыстары жүргізілуде.
  • 2023 жылы «АМӨЗ» ЖШС Атырау облысының әкімдігіне жабық тамыр жүйесі бар 200 өсіп қалған шаған ағашын берді. Ағаштар ретро саябақ аумағында егілді. 2022‑2023 жылдары ЕМГ Меморандум аясында 22 мыңға жуық көшет отырғызды.
  • «Жасыл белдеу» құру мақсатында Атырау облысы әкімдігі мен ЕМГ арасында Талқайран ауылында Атырау облысы әкімдігі бөлген 243 гектар аумақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету

12.4. Келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттарды және барлық қалдықтарды олардың бүкіл өмірлік циклі бойы экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа таралуын барынша азайту

12.5. Қалдықтардың пайда болуын болдырмау, оларды азайту, өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қабылдау арқылы 2030 жылға қарай олардың көлемін едәуір азайту.

Су ресурстарын басқару бағдарламасы

Су алуды қысқарту, суды қайта пайдалануды ұлғайту бойынша нысаналы көрсеткіштерді айқындау мақсатында ҚМГ компаниялар тобы бойынша су ресурстарын басқару жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді.

TAZALYQ

АМӨЗ қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға арналған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді түрде іске асыруда.

Тарихи жинақталған мұнай қалдықтарын утилизациялау бағдарламасы.

Тарихи жинақталған мұнай қалдықтары мен мұнаймен ластанған аумақтарды утилизациялау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру.

Нәтиже

Тарихи мұнай қалдықтарын жою: 2018‑2023 жылдары аралығында 3,2 млн тонна мұнай қалдықтары қалпына келтірілді.

12.6. Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты жария етуге кеңес беру

Carbon Disclosure Project

Компания су ізін есептейді және Carbon Disclosure Project алаңында су қауіпсіздігі сауалнамасын жариялайды.

Жасыл кеңсе

Корпоративтік «жасыл» бағыт белсенді дамып келеді және кеңселік үй‑жайларда қалдықтарды бөлек жинауды, су мен энергияны үнемдеуді енгізу сияқты «жасыл кеңсе» қағидаттары кезең‑кезеңімен енгізілуде.

Нәтиже

Жасыл кеңсе қағидаттарын енгізу аясында және пластик пен металл қалдықтарының түзілу көлемін азайту мақсатында кеңсеміздің бірінші қабатында Фандомат орнатылды. ҚМГ орталық аппараты орналасқан ғимаратта фандомат қойылған уақыттан бастап 17 516 пластикалық бөтелке және 3 403 алюминий бөтелке тапсырылды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша CDP су қауіпсіздігі бойынша сауалнама жария етілді.

Климаттың өзгеруіне қарсы және оның салдарымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау

13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияға және жоспарлауға енгізу

Метан шығарындысын азайту

Carbon Limits компаниясымен (метанның ағып кетуін басқару саласындағы әлемдік көшбасшы компания) Меморандум қабылданды. Меморандумның жол картасы аясында метанның ағып кетуін басқару бойынша ҚМГ мамандары оқытылды, ал 2024 жылы LDAR метанының ағып кетуін анықтау және жою жөніндегі бағдарламасын таныстыру, сондай‑ақ MIST бағдарламасын қолдану арқылы ҚМГ активтеріндегі метан шығарындысын түгендеу жоспарланған.

OGMP 2.0 бастамасына қосылу

Компания UNEP OGMP 2.0 метан бастамасына қосылды, ол метан шығарындысын азайту бойынша меншікті мақсатты белгілейді және UNEP‑ке метан шығарындысына қатысты есеп беруді көздейді.

Мұнай‑газ секторын декарбонизациялау жөніндегі Хартияға қосылу

Компания тараптардың СОР‑28 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында осы бастамаға қосылды.

Орман‑климаттық жобалар

Павлодар облысында 2 мың гектар аумақ бөлінді, парник газдарды сіңіріп алу мүмкіндігіне бағалау жүргізілуде.

Парник газдары шығарындысы бойынша есеп беру ауқымын кеңейту

ҚМГ компаниялар тобы бойынша парник газдары бойынша есептілікті жетілдіру және парник газдары шығарындысын басқару жүйесін жақсарту мақсатында 12 санат бойынша (қамтылғаны 3) парник газдардың жанама шығарындысын түгендеу бойынша жұмыс жүргізілді, сондай‑ақ алдағы уақытта оны ҚМГ парник газдары шығарындысы бойынша мониторинг және есептілік әдістемесіне енгізу мақсатында ақпарат жинау әдіснамасы әзірленді.

Нәтиже

  • 2022 жылдан 2031 жылға дейінгі кезеңге арналған төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.
  • ҚМГ‑ның СО2 тұту, сақтау және пайдалану (CCUS) жобасы және игерілген мұнай қабаттарынан мұнай алу көлемін ұлғайту үшін айдау әлеуетін анықтау бойынша пилоттық жобасы әзірленуде.
  • Төмен көміртекті сутекті өндіру үшін ресурстық әлеуетті, құрылысқа инвестиция салудың техникалық мүмкіндігін, коммерциялық және экономикалық орындылығын анықтау және бағалау үшін «көгілдір» сутекті өндіру мүмкіндіктерін айқындау, сондай‑ақ алдағы уақытта мұнайдың игерілуін қарқындату үшін мұнай‑газ кен орындарында көмірқышқыл газын айдай отырып, «көгілдір» сутекті өндіру мүмкіндіктерін айқындау үшін техникалық‑экономикалық есептеу жүргізілуде.
  • Ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған бенчмарк әзірленді.
  • ҚМГ парник газдары шығарындысы бойынша мониторинг және есептілік әдістемесіне Scope 3 ескеріліп, өзгерістер енгізілуде.
  • Еншілес/тәуелді ұйымдарға арналған метанның ағып кетуін анықтау және шығарындыларды азайту жөніндегі нұсқаулық әзірленуде.
13.3. Климаттың өзгеру күшін жұмсарту мен салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша оқу‑ағарту, ақпаратты таратуды және адамдар мен мекемелердің мүмкіндіктерін жақсарту

Ішкі көміртегінің бағасын белгілеу тұжырымдамасы

Еншілес және тәуелді ұйымдардың көміртегі ізін азайту жөніндегі іс‑шараларды жоспарлау мен қамтамасыз етуді енгізу, сондай‑ақ көміртегіні реттеудің қаржы‑экономикалық көрсеткіштерге әсерін жан‑жақты есептеу мақсатында ішкі көміртегінің бағасын белгілеу тетіктері әзірленді. Қазіргі уақытта оларды ҚМГ компаниялар тобының бизнес‑процестеріне интеграциялау жұмысы жүргізілуде.

CDP

Компания көміртегі ізін есептейді және климаттық сауалнаманы CDP (бұрынғы — Carbon Disclosure Project) алаңында орналастырады.

World Benchmarking Alliance компаниясының төменкөміртек түрлеріне көшуді және әлеуметтік көрсеткіштердің тиімділігін бағалауға негізделген Oil and Gas Benchmark рейтингіне сәйкес 2023 жылы ҚМГ әлемнің 100 басты мұнай‑газ компаниялары арасында 37‑ші орынға көтерілді, 2022 жылы 77‑ші орында болды.

Task Force on Climate‑related Financial Disclosures (TCFD)

2023 жылы климаттық тәуекелдерді басқаруға және тұрақты дамуға қатысты халықаралық рейтингтерді жақсарту жөніндегі іс‑шаралар аясында ҚМГ Еуропа қайта құру және даму банкінің қолдауымен «ҚазМұнайГаз» АҚ‑ның климат саласындағы корпоративтік басқару және TCFD ұсынымдарына сәйкес ақпаратты жария ету бойынша іс‑қимыл жоспарын әзірлеу» жобасын іске асырды.

Талдау негізінде декарбонизация тізімін толықтыруға қатысты ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар климаттық мақсаттарға жету, қауіп‑қатерді азайту және климаттық мүмкіндіктерді пайдалану үшін ҚМГ‑ның бейімделуін және декарбонизация салдарын жұмсартуды көздейді. Жүргізілген талдау барысында климат саласындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс‑қимыл жоспары әзірленді.

Нәтиже

2023 жылы желтоқсанда ҚМГ‑ның көміртекті реттеуден болатын қаржы шығынының әсерін бағалау мақсатында көміртегіге жасырын бағаны қолдану тетігі бар ішкі көміртегіге баға белгілеудің жаңартылған бағдарламасы бекітілді.

Құрлықтағы экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және оларды тиімді пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды тиімді басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату мен кері қайтару және биологиялық алуандылықты жоғалту процесін тоқтату.

15.3. Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру және бүкіл әлем бойынша жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу

ҚМГ ластаушы заттардың шығарындысын азайтуға және табиғи көздерден су алуды қысқартуға бағытталған жобалар мен іс‑шараларды іске асырып келеді.

Carbon Disclosure Project

Компания су ізін есептейді және су қауіпсіздігіне қатысты сауалнаманы CDP алаңында орналастырады. ҚМГ компаниялар тобы бойынша су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленіп жатыр.

TAZALYQ

АМӨЗ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді жүзеге асыруда.

Су тұщыту зауыттарын салу

Жер қабаты суын тұщыту зауыты Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған бірегей жоба. Зауыт өңірді дамыту үшін жылына кемінде 6,2 млн текше метр көлемінде Еділ суын босатады.

Маңғыстау облысының «Кендірлі» демалыс аймағы маңындағы су тұщыту зауыты. Болжамды қуаты – тәулігіне 50 мың текше метр.

Жерді қалпына келтіру

Компанияда бұрыннан жиналған – «тарихи» мұнай қалдықтарын жою және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Нәтиже

TAZALYQ. АМӨЗ‑де «Механикалық тазарту құрылыстарын (жабық үлгідегі МТҚ) реконструкциялау» жобасын іске асыру жұмыстары аяқталып қалды. Қазіргі уақытта бірінші кезең толық жүзеге асып, жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс аяқталуда.

«АМӨЗ‑де нормативтік‑тазартылған ағын судың арнасын реконструкциялау және булану алқаптарын рекультивациялау» жобасы іске асырылуда. Булану алқаптары төрт секторға бөлініп, кезең‑кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші және екінші секторлар толық құрғатылған және қалпына келтірілген. АМӨЗ сарқынды суларын АМӨЗ булану алаңдарына ағызылған, қолданыстағы ашық каналдың орнына құбыр салынды.

15.5. Табиғи мекендеу ортаның деградациясын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық алуандылықтың жоғалуын тоқтату, сондай‑ақ жойылу қаупі бар түрлердің сақталуын қамтамасыз ету

Биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы

Компанияда өндірістік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде негізгі төрт іс‑әрекетті ескере отырып, биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы қолданылады: ықтимал тікелей әсер етудің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және орнын толтыру.

Биоалуандылықты сақтау бағдарламасы

Биоалуандылықты сақтауға байланысты мақсаттар мен мерзімдерді, биоалуандылықты сақтау мәселелері бойынша жергілікті немесе халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтитын биоалуандылықты сақтау бағдарламасын әзірлеу.

Орман‑климаттық жобалар

ҚМГ‑ның 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті дамыту бағдарламасы аясында құрлық экожүйелерін сақтауға қолайлы әсер ететін орман‑климаттық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Нәтиже

Павлодар облысында 2 мың гектарды алып жатқан аумақ бөлінді, парник газдарды сіңіріп алу мүмкіндігі бағаланып жатыр.

Тұрақты даму мүддесі үшін жаһандық серіктестік аясында іске асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру

17.1. Салық пен басқа да кірісті жинау бойынша ұлттық мүмкіндіктерді арттыру үшін ішкі көздерден, соның ішінде дамушы елдердің халықаралық қолдауының арқасында ресурстарды жұмылдыруды күшейту

ҚМГ салық туралы ақпаратты GRI стандартына және Country by country OECD Action 13 бастамасына сай жария етеді.

Мемлекет пайдасына аударымдар.

Компания жыл сайын есепте мемлекеттердің пайдасына аударылған төлемдер туралы ақпаратты төмендегідей төлем түрлері бойынша ұсынады:

  • Салық

Пайдалы қазбалар өндіру салығынан басқа салық түрлері.

  • ПҚӨС

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – бұл өндірілетін минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулардың және емдік балшықтардың жеке‑жеке түрі бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндетті төлемі. Пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың нақты көлемі.

  • Жазылу бонусы

Қол қою бонусы – бұл жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақта (жер қойнауы учаскесінде) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай‑ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарттық аумақты (жер қойнауы учаскесін) кеңейту кезінде біржолғы тіркелген төлемі.

  • Өзге төлемдер

Басқа төлемдер экспорттық кедендік бажды қоса алғанда, мемлекеттерге аударылатын қалған төлемдерді қамтиды.

Нәтиже

ҚМГ мемлекетке төлем аудару саласындағы ашықтықты арттыру, сектордан түсетін кіріс мәселелерінде өндіруші компаниялардың жауапкершілігін күшейту, өңірлерде компания қызметі туралы халықтың хабардар болуын арттыру бойынша әлемнің үздік тәжірибелерін ұстанады.

17.16 Барлық елде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологияларды және қаржылық ресурстарды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптар қатысатын серіктестіктермен толықтырылған тұрақты даму мүддесі үшін жаһандық серіктестікті нығайту.

17.17 Серіктестердің ресурстарды пайдалану тәжірибесі мен стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасындағы және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті ынталандыру және көтермелеу

БҰҰ‑ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін ҚМГ салалық компаниялармен, халықаралық агенттіктермен белсенді ынтымақтасады және энергия үнемдеу, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы күрес, шығарындыларды азайту, сондай‑ақ жасыл энергетиканы және басқа да осыған ұқсас бағыттарды ілгерілету саласындағы мемлекетаралық ұйымдарға қатысады.

Адам құқықтарын сақтау

ҚМГ экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерге де ерекше көңіл бөле отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.

Компания Адам құқықтары жөніндегі халықаралық биллде, еңбек саласындағы халықаралық еңбек ұйымының стандарттарында бекітілген, дүниежүзінде мойындалған адам құқықтарын ұстанады және БҰҰ‑ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басты қағидаттарын іске асыруға ұмтылады.

ҚМГ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және оған сәйкес еңбек құқықтарын іске асыру кезінде адамның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, жасы немесе физикалық себептеріне қатысты ешкімді қандай да бір кемсітуге болмайтын нормаларды бұзбайды.

Біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз, ешкімді еңбек етуге мәжбүрлемейміз, нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан барлық қызметкерлердің тең құқықтарын мойындаймыз.

Есепті кезеңде кемсітушілік фактілері тіркелмеген.

2022 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі Адам құқықтары және жұртшылықпен қарым‑қатынас саласындағы саясатты бекітті. Саясат туралы толық ақпарат ҚМГ веб‑сайтында «Корпоративтік құжаттар» бөлімінде берілген.

Адам құқықтары саласында мынадай міндеттемелерді қабылдаймыз:

  • халықаралық нормаларға сәйкес адам құқықтарын құрметтеу;
  • ҚМГ мен еншілес ұйымдардың жоғары басшылығының келісімін алып, саладағы адам құқықтарына әсер ететін мәселелерді шешу үшін бағдарламалар қабылдау;
  • адам құқықтарына әсерді бақылау және ол туралы хабарлау;
  • ҚМГ қабылдаған шағым мен талаптарды қарау механизмдерін сақтау;
  • теріс әсерді жою немесе азайту үшін өтемақы және құқықтық қорғау құралдарын ұсыну;
  • тиісті есепті дайындай отырып, адам құқықтарына ықпалды бақылау арқылы адам құқықтарына қатысты тиісті байқампаздық таныту;
  • өз қызметкерлеріне жағымсыз әсерді жою үшін құқық қорғау құралдарын ұсыну;
  • ҚМГ‑ның адам құқықтарына қатысты персоналдан және үшінші тараптардан не күтетінін ашып айту.