Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттер

Директорлар кеңесінің мүшелері Комитеттердің жұмысына қатыса отырып, өзара байланысты функцияларды, мәселелер мен бағыттарды жан‑жақты қарауға және талдауға жиналады. Комитеттердің отырыстары шақырылған сарапшылардың, бизнес‑көшбасшылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен өтеді. Директорлар кеңесінің комитеттері атқарушы емес директорлардан тұрады, олардың көпшілігі – тәуелсіз директорлар, сондай‑ақ тәуелсіз директорлар да төрағалары болады.

Директорлар кеңесі комитеттерінің функциялары мен міндеттері
Комитет Міндеттер
Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитет

Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс‑әрекет етеді:

  • Даму стратегиясы және инвестициялық саясат, оның ішінде қызметтің басым бағыттары;
  • ҚМГ‑ның инвестициялық тартымдылығын арттыру;
  • ҚМГ‑ның қаржы‑шаруашылық қызметін лайықты түрде жоспарлауды қамтамасыз ету;
  • ҚМГ‑ның трансформациясына мониторинг жүргізу.
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет

Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс‑әрекет етеді:

  • Директорлар кеңесі мен Басқарманың сабақтастығын жоспарлау;
  • Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Корпоративтік хатшының және өзге де қызметкерлердің қызметін тұрақты және объективті түрде бағалауды қамтамасыз ету;
  • тиімді кадр саясатын, еңбекақы және сыйақы төлеу жүйесін, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Аудит жөніндегі комитет

Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс‑әрекет етеді:

  • қаржы‑шаруашылық қызметті бақылаудың тиімді жүйесін орнату;
  • ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін, сондай‑ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бақылау;
  • сыртқы және ішкі аудиттің процесін бақылау;
  • Компанияның жылдық және тоқсандық қаржы есептілігін тексеру;
  • комплаенстың сақталуын бақылау.
Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті

Комитет Директорлар кеңесіне төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну арқылы көмек көрсету мақсатында іс‑әрекет етеді:

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау;
  • ҚМГ‑ның стратегиялық жоспарлауы мен ҚМГ әлеуметтік‑экономикалық дамуына тұрақты даму қағидаттарын енгізу;
  • жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде ҚМГ‑ның әлеуметтік міндеттемелері мен бағдарламалары;
  • ҚМГ‑ның экологиялық тиімділігіне мониторинг жүргізу.
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет

2023 жылы тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 6 отырысы өтіп, 56 мәселе қаралды.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамы (2023 жыл 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
  2. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – 2023 жылы маусымнан бастап Комитет мүшесі;
  3. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылы тамыздан бастап Комитет мүшесі.

Кадр мәселелері – Компанияның тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі. Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін Компания қызметкерлерін тиісті тағайындау мен сыйақылары, сондай‑ақ оларды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдарды Директорлар кеңесіне береді. Тағайындау үшін негізгі қағидаттар – кандидат құзыреттерінің лауазымның тиісті міндеттерін орындау үшін қажетті жоғары талаптарға сәйкес келуі, кандидаттың дағдыларының сәйкестігі және Компанияның өз бағытындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігі.

Комитет 2023 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Сабақтастықты жоспарлау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының «МАНСАП» жобасы бойынша сабақтастық жоспарына қабылданған 3 пул (А, B, С) қызметкерлерімен жұмысты іске асыру барысы туралы;
  • СЕО‑1 деңгейіндегі лауазымға кандидаттарды сайлау мәртебесі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры лауазымына тағайындау туралы;
  • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директорын (басқарма төрағасын) тағайындауды (сайлауды) келісу туралы;
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және Бақылау кеңесінің мүшесі мен төрағасын сайлау туралы;
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесін сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  • «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшелерін сайлау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінде әртүрлілік саласындағы саясатты қалыптастыру мүмкіндігін және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жоғары басшылығының құрамына, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесіне әйелдерді қосу мүмкіндігін қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі комитетінің құрамында тағайындаулар мен сыйақылар бойынша акционердің өкілдерін алып тастаудың және тәуелсіз директорлар санын көбейтудің орындылығын қарау;
  • Кадр резервіне кіретін неғұрлым перспективалы қызметкерлермен кездесу (5 адамнан артық емес);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметі басшысының лауазымдық нұсқаулығын жаңа редакцияда бекіту туралы.
Қызметті тұрақты және тиімді бағалауды қамтамасыз ету
  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің қызметін өзін‑өзі бағалау нәтижелері туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің жалақысын қалыптастыру және қайта қарау рәсімі туралы;
  • 2022 жылғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің корпоративтік негізгі көрсеткіштері мен мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелілігі туралы;
  • 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің корпоративтік негізгі көрсеткіштері мен мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің карталарының мониторингі;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің түзетілген корпоративтік негізгі көрсеткіштері мен мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің карталары және олардың 2023 жылға арналған мақсатты мәндері туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері жұмысының корпоративтік негізгі көрсеткіштері мен мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің карталарын және олардың 2024 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмен қызметінің мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің картасын және олардың 2024 жылға арналған мақсатты мәндерін бекіту туралы;
Тиімді кадр саясатын, еңбекақы төлеу және сыйақы жүйесін қамтамасыз ету
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орталық аппаратының құрылымын бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында грейдинг жүйесін енгізу мәртебесі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшелеріне лауазымдық жалақының мөлшерін айқындау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Омбудсмен қызметінің басшысы – омбудсменді тағайындау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің және Басқарма төрағасының сыйақысы туралы ақпаратты жариялау мүмкіндігін қарастыру;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшесіне лауазымдық жалақының мөлшерін айқындау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2023‑2024 жылдарға арналған кәсіби даму бағдарламасын бекіту туралы.
Комитет мүшелерінің 2023 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні 1/2023 31.01 2/2023 13.02 3/2023 04.04 4/2023 25.07 5/2023 03.10 6/2023 05.12 Қатысу үлесі, %
Ұзақтығы 11:00–12:11 (71 мин.) 16:00–17:40 (100 мин.) 11:05–12:06 (61 мин.) 11:04–13:00 (116 мин.) 11:00–11:56 (56 мин.) 11:00–12:55 (115 мин.)
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Холланд Ф.М. + + + + + + 100
Уолтон К.Д. + + + + Комитет құрамынан шығарылды
Ауғанов Ғ.К. + + Комитет құрамынан шығарылды
Хаирова Ә.Ә. + + + Комитет құрамынан шығарылды
Бердіғұлов Е.Қ. Комитет құрамынан шығарылды
Арғынғазин А.Ә. + + + 100
Мыңшәріпова С.Н. + + 100
Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитет

2023 жылы Стратегия және портфельді басқару комитетінің бес отырысы өтіп, 63 мәселе қаралды.

Стратегия және портфельді басқару комитетінің құрамы (2023 жыл 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – 2023 жылдың маусымынан бастап Комитет мүшесі, 2023 жыл тамыздан бастап Комитет төрағасы;
  2. Холланд Филип Малкольм – 2022 жылдың маусымынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
  4. Отыншиев Елжас Мұратұлы – 2023 жылдың шілдесінен бастап Комитет мүшесі;
  5. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылдың тамыз айынан бастап комитет Мүшесі.
Комитет 2023 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Даму стратегиясы, оның ішінде қызметтің басым бағыттары
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын 2022 жылы іске асыру туралы есеп туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру бойынша есебі туралы.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының 2022 жылғы инвестициялық жобаларын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат;
  • «Силлено» ЖШС жасаған құны тиісті кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштер болжамында (базалық сценарий) айқындалған бағам бойынша теңгемен 110 000 000 (жүз он миллион) АҚШ долларына баламалы шекті мәннен асатын мүлік иеліктен шығарылатын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілелерге келісу туралы, «Силлено» ЖШС мен «СИБУР Холдинг» ЖАҚ арасындағы болашақ өнімді сатып алу туралы келісімдер, «Силлено» ЖШС, SIBUR International GmbH және «СИБУР Холдинг» ЖАҚ арасындағы болашақ өнімді сатып алу туралы келісімдер және «Силлено» ЖШС, Sibur International Trading (Shanghai) Co., Ltd және «СИБУР Холдинг» ЖАҚ арасындағы болашақ өнімді сатып алу туралы келісімдер;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Karaton Operating Ltd» жеке компаниясын құру туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мүддесі бар мәмілелерді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қорытындысын келісу туралы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Самұрық‑Қазына» АҚ, Total Open S. A. және «Ақтас Энерджи» ЖШС арасындағы бірлескен кәсіпорын туралы келісімдер.
Қаржы‑шаруашылық қызметті лайықты түрде жоспарлауды қамтамасыз ету
  • ҚМГ компаниялар тобы бойынша жекешелендіру және дивестициялар бағдарламасының орындалу мәртебесі;
  • Мүдделі мәмілелерді жасасу туралы, ҚМГ, «Самұрық‑Қазына» АҚ және «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы өтеу туралы келісім бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісімдер; ҚМГ, «Самұрық‑Қазына» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ арасындағы құқықтарды беру және міндеттемелерді қабылдау туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы 21.06.2023ж. №5238‑УВС‑СП келісімшарт бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын «Karaton Operating Ltd» жеке компаниясының пайдасына беру туралы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мүддесі бар мәмілені жасасу жолымен көрсетілген келісімшартқа №1 толықтыру арқылы өзгерістер енгізу туралы, «Karaton Operating Ltd.» жеке компаниясының 21.06.2023 ж. №5238‑УВС‑СП келісімшарт бойынша «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуын келісу туралы;
  • Мүдделі мәмілелерді жасасу туралы – ҚМГ, «Самұрық‑Қазына» АҚ және «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы өтеу туралы келісім бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісім; ҚМГ, «Самұрық‑Қазына» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ арасындағы құқықтарды беру және міндеттемелерді қабылдау туралы келісім;
  • ӨМГ жоспарлы мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстар.
Комитет мүшелерінің 2023 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні 1/2023 31.01 2/2023 04.04 3/2023 25.07 4/2023 03.10 5/2023 05.12 Қатысу үлесі, %
Ұзақтығы 13:06–15:41 (155 мин.) 13:04–14:45 (101 мин.) 13:04–16:47 (223 мин.) 13:00–16:00 (180 мин.) 13:15–17:15 (240 мин.)
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Уолтон К.Д. + + + Комитет құрамынан шығарылды
Холланд Ф.М. + + + + + 100
Миллер Т.Г. + + Комитет құрамынан шығарылды
Қарабалин Ұ.С. + + + + + 100
Жанәділ Е.Б. + + Комитет құрамынан шығарылды
Жұбаев А.С. + + + 100
Отыншиев Е.М. 0
Мыңшәріпова С.Н. + + 100
Аудит жөніндегі комитет

2023 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 12 отырысы өткізіліп, 111 мәселе қаралды.

Аудит жөніндегі комитеттің құрамы (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – 2023 жылдың маусымынан бастап Комитет төрағасы;
  2. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі;
  3. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – 2023 жылдың мамырынан бастап Комитет мүшесі;
  4. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылдың тамыз айынан бастап Комитет мүшесі.
Аудит жөніндегі комитет 2023 жылы қараған негізгі мәселелер
Ішкі аудит
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023‑2025 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің бюджетін қалыптастыру кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сондай‑ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің бюджетін қалыптастыру процесінің бюджетті және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Даму жоспарын қалыптастыру процесімен тұтастай интеграциялануын қамтамасыз ету туралы;
  • Ішкі аудит қызметі туралы тоқсандық есептерді қарау және алдын ала бекіту;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі қызмет мамандарын ӨМГ сотқа дейінгі тергеуіне қатысу үшін бөлу туралы;
  • 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі бюджетінің қолданылуы жөнінде есепті қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы туралы туралы есепті және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі жүргізген аудит нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарын орындалмаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы компанияларының тізімін қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орталықтандырылған ішкі аудит қызметінің қызметі мен рөлі туралы ақпаратты қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы жоспардан тыс тексерулері бойынша ақпаратты қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2022 жылғы қызметінің мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелілігінің нақты мәндерін бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы мөлшерін айқындау;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулердің (аудиттердің) нәтижелері бойынша анықталған жағдайларға қатысты шараларды қатаңдату жөніндегі ұсыныстарды қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің жекелеген қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін айқындау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің уақытша жұмыста болмаған қызметкерлерінің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін ішкі аудит қызметкерлеріне қосымша ақы белгілеу туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату/ тағайындау туралы;
  • Ішкі аудит қызметінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының ҚБМмердігер ұйымдарының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту туралы;
  • 2024 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің бюджетін бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2024 жылға арналған қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекіту туралы.
Есеп және сыртқы аудит
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдарының 2022 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қаржылық есептілік аудиті бойынша мәртебе;
  • ҚМГ аралық қаржылық есептерін қарау және алдын ала бекіту;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының 2023 жылғы 24 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторының 2022 жылғы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарын орындау жөніндегі іс‑шаралар жоспары туралы;
  • 2022 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігін келісу туралы;
  • «Эрнст энд Янг» ЖШС және Ernst & Young Global Limited құрамына кіретін басқа компаниялар, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдарына 2022 жылы көрсеткен аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер туралы ақпаратты және 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ernst & Young Global Limited және оның еншілес ұйымдарына көрсетуге рұқсат етілген және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің рұқсатынсыз Ernst & Young Global Limited көрсеткен аудиторлық емес қызметтер туралы ақпаратты бекіту туралы;
  • 2025‑2027 жылдарға арналған бірыңғай аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізуге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық‑Қазына» АҚ‑мен бірлесіп қатысу үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіретін компаниялардың тізімін келісу туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есебіне жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы басшылыққа дайындалған хат бойынша EY есебін талқылау (шығарылған күні ‑ 2023 жыл 24 наурыз);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың 2‑тоқсанындағы қаржылық есептілікті талдау мәртебесі туралы Сыртқы аудитордың есебі;
  • ҚМГ компаниялар тобының сыртқы аудиторы көрсететін аудиторлық емес қызметтерді мақұлдау;
  • 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның сыртқы аудиторы «Эрнст энд Янг» ЖШС‑ның ұсынымдарын орындау мәртебесі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қаржылық есебіне аудитті жоспарлау туралы есеп.
Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның еншілес ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізу мәртебесі (тоқсан сайынғы негізде);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспарды мақұлдау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекел‑тәбеті туралы өтінішті, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдер тізімін және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдер картасын, тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылға арналған негізгі тәуекел көрсеткіштерінің тіркелімін бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдері бойынша тоқсан сайынғы есептерді бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық тәуекелдер бойынша есептерді бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі басшысының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдарының ішкі бақылауларының тиімділігі туралы есебін қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қосымша компанияларын ішкі бақылау жүйесін енгізу периметріне қосу жөніндегі ақпарат туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекел‑тәбеті туралы өтінішті, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдер тізімін және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдер картасын, тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2024 жылға арналған негізгі тәуекел көрсеткіштерінің тіркелімін бекіту туралы;
  • 2024 жылға арналған контрагент‑банктерге баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі лимиттерін белгілеу туралы.
Корпоративтік басқару
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы туралы 2022 жылға арналған есепті келісу туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына дайындық мәртебесі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022 жылға арналған жылдық есебін алдын ала мақұлдау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 2022 жылғы қызметі туралы есеп;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің және/ немесе оның комитеттерінің отырыстарына материалдарды дайындау және енгізу қағидаларына өзгеріс енгізу туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да ақпараттық технологияларды кешенді сараптау нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдер мен ұсынымдарды жою жөніндегі іс‑шаралар жоспарының» 2.1‑тармағының (ИТ архитектурасы) орындалу мәртебесі туралы есепті қарау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын айқындау туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ киберқорғауды ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша ақпараттық технологияларға арналған шығыстар бойынша мәліметті қарау туралы.
Комплаенс мәселелері
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің 2022 жылғы қызметі туралы есеп;
  • Жедел желіге келіп түскен өтініштер туралы тоқсан сайынғы есептер;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің 2023 жылға арналған комплаенс‑бағдарламасын және жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметі басшысының қызметінің мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің картасын және олардың 2024 жылға арналған мақсатты мәндерін бекіту туралы.
Жергілікті билік органдарының (оның ішінде салық бойынша), сыртқы және ішкі аудиторлардың және ҚМГ басшылығының заңнаманы сақтау туралы есептерін зерделеу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарына және (немесе) олардың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және (немесе) қылмыстарға байланысты мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін тергеулер және (немесе) тексерулер туралы ақпарат
Комитет мүшелерінің 2023 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні

1/2023

30.01

2/2023

20.02

3/2023

06.03

4/2023

03.04

5/2023

19.05

6/2023

24.07

7/2023

18.08

8/2023

31.08

9/2023

02.10

10/2023

30.10

11/2023

17.11

12/2023

04.12

Қатысу
үлесі, %
Ұзақтығы 13:30–17:23
(233 мин.)
15:00–16:00
(60 мин.)
15:00–16:03
(63 мин.)
13:30–16:14
(164 мин.)
15:00–16:00
(60 мин.)
13:23–15:33
(130 мин.)
16:00–17:00
(60 мин.)
16:00–17:08
(68 мин.)
13:00–15:15
(135 мин.)
15:05–17:37
(152 мин.)
16:30–16:58
(28 мин.)
13:35–16:10
(155 мин.)
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Хаирова Ә.Ә. + + + + Комитет құрамынан шығарылды
Холланд Ф.М. + + + + + + + + + + + + 100
Миллер Т.Г. + + + + + Комитет құрамынан шығарылды
Жұбаев А.С. + + + + + + + + 100
Арғынғазин А.Ә. + + + + + + + 100
Мыңшәріпова С.Н. + + + 75
Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті

2023 жылы Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитетінің бес отырысы өткізіліп, 31 мәселе қаралды.

Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитетінің құрамы (2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша):

  1. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – 2023 жылдың маусымынан бастап Комитет төрағасы;
  2. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2019 жылдың мамырынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – 2023 жылдың маусымынан бастап Комитет мүшесі.
2023 жылы Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті қараған негізгі мәселелер
Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік
  • Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша есеп;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасының іс‑шараларын іске асыру мәртебесі;
Тұрақты даму және ESG‑рейтингі
  • ҚМГ ESG (Environmental, Social, Governance) рейтингі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспарын бекіту туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның бизнес‑бірліктерінде тұрақты даму жүйесін енгізу және тұрақты даму қағидаттарын негізгі бизнес‑процестерге енгізу туралы статус‑есеп;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның климат саласындағы корпоративтік басқару жөніндегі іс‑қимыл жоспарын әзірлеу және ақпаратты TCFD ұсынымдарына сәйкес жариялауға дайындау» жобасы бойынша жұмыс нәтижелері туралы.
Комитет мүшелерінің 2023 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні

1/2023

30.01

2/2023

03.04

3/2023

24.07

4/2023

02.10

5/2022

04.12

Қатысу
үлесі, %
Ұзақтығы 11:00–12:30
(90 мин.)
11:07–12:32
(85 мин.)
11:04–12:32
(88 мин.)
11:00–12:17
(77 мин.)
11:00–13:28
(148 мин.)
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Миллер Т.Г. + Комитет құрамынан шығарылды
Уолтон К.Д. + + + Комитет құрамынан шығарылды
Қарабалин Ұ.С. + + + + + 100
Хаирова Ә.Ә. + + Комитет құрамынан шығарылды
Жұбаев А.С. + + + 100
Арғынғазин А.Ә. + + + 100