Жаңа кен орындарды іске қосу

Стратегиялық
мақсат
Компанияның құн тізбегі тиімділігін арттыру

Компания операциялық және барлау активтерінде газ өндірісін ұлғайту жөніндегі бастамасы аясында 2023 жылы үш жаңа газ кен орнын іске қосты. Олар — Оңтүстік Ақсай, Шығыс Өріктау және Рожков.

Жаңа жобалар ішкі нарыққа газ жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Толығырақ «Өндіру» бөлімінен оқыңыз

Газ конденсатты кен орны

Өндірістің басталуы: 2023 жылғы мамыр

1,7 млрд м3
игерілетін газ қоры
+ 100 млн м3
Жылына

Жобаны іске қосу нәтижесінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚМГ үлесі бар бірлескен кәсіпорын) Қызылорда облысы тұрғындарының қажеттіліктері үшін жылына қосымша 100 млн текше метрге дейін газ жеткізетін болады.

Мұнай-газ кен орны

Өндірістің басталуы: 2023 жылғы желтоқсан

4 млн тонна
игерілетін мұнай қоры
2,2 млрд м3
еріген газ қоры

Кен орны Қазақстанда бірінші болып жақсартылған модельдік келісімшарт аясында өнеркәсіптік игеруге көшті . Қазір алты пайдалану ұңғымасы жұмыс істеп тұр, тағы тоғыз ұңғыманы бұрғылау жоспарда бар. Бұл мұнай өндіру көлемін жылына 200 мың тоннаға дейін, ал ілеспе газ өндірісін жылына 100 млн м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Газ конденсатты кен орны

Өндірістің басталуы: 2023 жылғы желтоқсан

26,9 млрд м3
игерілетін газ қоры
12,5 млн тонна
игерілетін конденсат қоры

Кен орнынан шыққан шикі газ «Жайықмұнай» ЖШС-нің газ өңдеу кәсіпорындарына беріледі, одан кейін тауарлық газ ішкі нарыққа жеткізілетін болады.

Толық қуатына шыққан кезде:

жылына 1 млрд м3
газ өндіру деңгейі
жылына 500 + мың тонна
конденсат өндіру деңгейі
жылына 150 + мың тонна
сұйытылған көмірсутек газының өндірісі
147 млн АҚШ доллары
жобаға салынған инвестиция
Толығырақ «Өндіру» бөлімінен оқыңыз

Мұнай экспортының баламалы бағыттары

Стратегиялық
мақсат
Компанияның құн тізбегі тиімділігін арттыру

ҚМГ Қазақстан мұнайын экспортқа тасымалдаудың қосымша бағыттарын дамыту бастамаларын жоспарлы іске асыруда.

Жұмыс мынадай бағыттар бойынша атқарылуда:

— мұнайды «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға жеткізу;
— мұнайды Ақтау портынан Әзербайжан арқылы «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағытына қарай жөнелту;
— CNPC-мен бірлесіп «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын кеңейту.

Теңіз арқылы тасымалдау бағытын дамыту

Теңіз арқылы тасымалдау бағытын дамыту және технологиялығын арттыру аясында 2023 жылы қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінен серіктес компания Abu Dhabi Ports-пен (ADP) бірлескен кәсіпорын ашылып, Taraz және Liwa екі танкер сатып алынды. Танкерлер Қазақстан мұнайын Каспий теңізінде тасымалдауға жұмылдырылған.

2023 жылдың ортасынан бастап ҚМГ/ADP бірлескен танкерлер пулы «Теңіз» кен орнынан шыққан мұнайды алғаш рет ашық теңіздерде тасымалдай бастады.

Толығырақ "Мұнай тасымалдау" бөлімінен оқыңыз

Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) маршруты

1 057 мың тонна
2023 жылы Ақтау портынан жөнелтілген мұнай көлемі

2023 жылы Қазақстан мұнайын Ақтау-Баку- Тбилиси-Джейхан (БТД) бағытына тасымалдау басталды. 2022 жылы қарашада «ҚазМұнайГаз» және Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Қазақстан мұнайын Ақтау порты арқылы, әрі қарай Баку арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры бойынша тасымалдау туралы келісімге қол қойды.

Мұнайды Ақтау порты арқылы Бакуге ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны — «Қазақтеңізкөлікфлотының» (ҚТКФ) танкерлері тасымалдайды.

«Дружба» мұнай құбыры

993 мың тонна
2023 жылы Германияға жеткізілген мұнай көлемі

2023 жылы ақпанда Қазақстан мұнайы «Атырау — Самара» мұнай құбыры және әрі қарай «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға (Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты) жеткізіле басталды.

Герман тарапы Қазақстан мұнайының жеткізу көлемін айына 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүдделі екенін білдірді. 2023 жылы желтоқсанда қолданыстағы жеткізу келісімшарты кейін 2024 жылдың соңына дейін ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың маусымына дейін 6 айға ұзартылды.

Толығырақ "Мұнай тасымалдау" бөлімінен оқыңыз

Климат мәселесінің күн тәртібі: жаңа бастамалар

Стратегиялық
мақсат
Тұрақты даму және өндірістегі көміртегі ізін үдемелі азайту

Қазақстан Республикасының ұлттық мақсаты: 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу

ҚМГ көміртегі ізін азайтудың нақты сарапталған тәсілін таңдады. 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында Компания мынадай нәтижелерге бағытталған:
— СО2 шығарындысын 2019 жылғы деңгейден 15% — ға төмендету;
— Өндірістің көміртегі сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығын кемінде 10%-ға төмендету;
— Жалпы қуаты 300 МВт ЖЭК жобаларын іске асыру.

Толығырақ «Тұрақты дамуды қамтамасыз ету» бөлімінен оқыңыз

2024 жылы 18 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» және итальяндық Eni S.p.A компаниясы Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.

Жоба аясында салынатын нысандар:

  • жел электр станциясы (77 МВт)
  • күн электр станциясы (50 МВт)
  • газ электр станциясы (120 МВт)

Мақсаты: өңірдегі ҚМГ-ның өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету. Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш жүзеге асырылатын болады.

Жобаның алдын-ала құны — 306 млн АҚШ доллары.

Жоба толық қуатына 2025 жылдың соңында шығады деп жоспарланған. Құрылыс кезінде жұмысқа 800 адам, ал пайдалану кезінде 80 адамға дейін тартылатын болады.

Жоба ҚМГ мен Eni компанияларының бизнес-портфолионы әртараптандыру және қызметті декарбонизациялау мақсаттарына сай келеді, бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді тұрақты ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

2023 жылы 1 қарашада Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға ресми сапары барысында Total компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасы бойынша Бірлескен кәсіпорын туралы келісім жасалды. 2022 жылы қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Total Eren бұл жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойды.

300 МВт/600 МВтс электр энергиясын жинақтау жүйесі негізінде қуаты 1 ГВт ЖЭС Жамбыл облысының Мирный кентінде салынатын болады.

Жоба — Қазақстан мен Франция арасында энергетика, жаңартылатын энергия көздері және жасыл технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам.

Жобаның қатысушылары
Толығырақ «Тұрақты дамуды қамтамасыз ету» бөлімінен оқыңыз

Кредит басымдығының ыңғайлы деңгейін сақтау

Кредиттік рейтингтер

Кредиттік рейтингтер

Толығырақ «Қаржылық қызметке шолу» бөлімінен оқыңыз

ҚМГ — еурооблигациялар нарығында қазақстандық негізгі қарыз алушылардың бірі. Компания мемлекеттен кейін Қазақстанда еурооблигациялардың екінші ірі эмитенті.

ҚМГ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында өзінің борышты басқарудың ыңғайлы және теңдестірілген саясатына сәйкес қарыз алады. Компанияның борыштық бағалы қағаздары — Қазақстан эмитенттерінің арасындағы анағұрлым өтімді құралдардың бірі. ҚМГ-ның шетел валютасындағы облигациялары тарихи түрде инвесторлардың кең ауқымын тартты.

500 млн доллар
мерзімінен бұрын өтелген еурооблигациялар
42,4 млрд рубль
кредитті мерзімінен бұрын өтеу (213,7 млрд теңгеге тең)
2023 жылы сәуірде ҚМГ 2025 жылы 24 сәуірде өтелуі тиіс 500 млн АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды 4,75% купондық мөлшерлемесімен мерзімінен бұрын толық өтеді.
2023 жылы 26 желтоқсанда Атырау мұнай өңдеу зауыты (ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны) ВТБ Банкінен алған 42,4 млрд рубль (213,7 млрд теңгеге тең) сомасындағы қарызды толық өтеді.

2023 жылы сыртқы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері компанияның кредиттік рейтингтерін жоғарылатты.

  • 2023 жылы 9 наурызда Standard&Poor’s компанияның рейтингін «тұрақты» деген болжамды қайта қарап, «ВВ+» деңгейінде растады, бұл агенттіктің Қазақстанға қатысты рейтингтік әрекетін көрсетеді (рейтинг «ВВВ—» деңгейінде расталды, болжам «тұрақты» болып қайта қаралды).
  • 2023 жылы 3 мамырда Standard&Poor’s мемлекеттік қолдау ықтималдығын «жоғары» деңгейден «өте жоғары» деңгейге көтерді, компанияның рейтингі өзгеріссіз қалды.
  • 2023 жылы 22 маусымда Fitch ҚМГ-ның кредиттік рейтингін «BBB—» деңгейінен «ВВВ»-ге дейін көтерді, дербес кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауына байланысты болжам — «тұрақты». ҚМГ рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне тең.
  • 2023 жылы 13 желтоқсанда Moody’s компанияның кредиттік рейтингін «Baa2» деңгейінде растап, болжамды «жағымды» етіп қайта қарады, бұған меншікті кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауы әсер етті. ҚМГ рейтингі еліміздің егеменді рейтингіне тең.
  • 2023 жылы 26 желтоқсанда Standard&Poor’s ҚМГ-ның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, меншікті кредит қабілеттілігінің рейтингі «bb —» деңгейінен «bb»- ге дейін көтерілді.
Борыштық жүктеме, млн АҚШ доллары
Толығырақ «Қаржылық қызметке шолу» бөлімінен оқыңыз

Акционерлер үшін өсім

2023 жылы Компания акционерлерге 300 млрд теңге көлемінде рекордтық дивиденд төледі. IPO-ға шыққан сәтінен бастап ҚМГ акцияларының құны 37%-дан астамға өсті

Толығырақ «Акционерлермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл» бөлімінен оқыңыз

ҚМГ акцияларының бағасы ұсынылған күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 37,3%-ға өсті. Төленген дивиденд мөлшерін қоса алғанда, 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ акцияларының бағасы 43,1%-ға өсті.

ҚМГ-ның нарықтағы капиталдандыруы 2023 жылдың соңында 7,0 трлн теңгені немесе 15,5 млрд АҚШ долларына жетті.

ҚМГ-ның дивиденд саясаты акционерлердің, кредиторлардың және Компанияның мүдделерінің балансын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз акционерлеріне дивиденд төлеу мөлшерін айқындау кезінде ашықтыққа бағытталған.

2023 жылы ҚМГ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 300 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл компания тарихындағы төлемдердің рекордтық мөлшері.

Дивиденд, млрд теңге
Толығырақ «Акционерлермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл» бөлімінен оқыңыз