Басқарма төрағасы орынбасарының үндеуі

Диана Арысова
Фон

Есепті жылы Компания тұрақты өндірістік және қаржылық нәтижелерге қол жеткізіп, жүктелген міндеттерді тиісінше орындау бағытынан ауытқымай дамуын жалғастырды.»

Диана Арысова «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 82,6 АҚШ долларын құрады. Мұнайдың орташа құны барреліне 101,32 АҚШ доллары болған 2022 жылмен салыстырғанда бұл 18,4%-ға төмен. Бұл ретте Brent-ке қатысты KEBCO мұнай сортына дисконт жыл соңында барреліне 0,6 АҚШ долларына дейін азайды.

Есепті жылдың қаржы нәтижелері

ҚМГ-ның қаржылық және операциялық нәтижелері, 2022 жылмен салыстырғанда мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, 2023 жылы компанияда жеткілікті тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Жалпы, мұнай бағасының төмендеуі ҚМГ-ның қаржылық нәтижелеріне қалыпты әсер етті.

EBITDA көрсеткіші 20,5%-ға төмендеп, 4,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивиденд мөлшерін есепке алатын түзетілген EBITDA көрсеткіші бұл кәсіпорындардағы пайда үлесінің орнына 4,6 млрд АҚШ долларына жетіп, 4,7%-ға өсті.

Осы кезеңмен салыстырғанда бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивиденд мөлшері 35,5%-ға өсіп, 1,4 млрд АҚШ долларына жетті.

Есептеу әдісі бойынша күрделі шығын мөлшері — 1,8 млрд АҚШ доллары, ал кассалық әдіспен есептелген шығын — 1,5 млрд АҚШ доллары. Бұл көрсеткіштер 2022 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 51,8% және 52,9%-ға өсті.

Еркін ақша ағымы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,9%-ға азайып, 2,2 млрд АҚШ доллары болды. Көрсеткіштің төмендеуіне мұнай бағасының арзандауы және күрделі шығынның өсуі әсер етті.

Ыңғайлы борыштық жүктемені сақтау

ҚМГ қолайлы левередж деңгейін сақтап тұр. Есепті жылдың соңындағы жалпы қарыз 3,8 трлн теңгені немесе 8,3 млрд АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 9,6%-ға, ал доллармен 8%-ға азайды. Бұл ретте таза қарыз 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл 2022 жылдың соңындағы таза қарыз қалдығымен салыстырғанда 22,3%-ға аз.

2023 жылы сәуірде ҚМГ 2025 жылы өтелуі тиіс 500 млн АҚШ долларына тең еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді. Айта кетсек, кесте бойынша еурооблигацияларды өтеудің келесі мерзімі 2027 жылы еді.

Есепті жылдың желтоқсан айында ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны — Атырау мұнай өңдеу зауыты — өтеуге қолайлы валюта бағамына байланысты ВТБ Банктен алған 42,4 млрд рубль сомасындағы кредитті мерзімінен бұрын толық өтеді, бұл 213,7 млрд теңгеге тең. Компания қаржылық тәртіпті сақтайды және өзіне алған барлық қаржылық міндеттемелерді уақытылы орындап, инвестициялық қоғамдастықта жоғары кредиттік беделі бар қарыз алушы ретінде өзін көрсете білді.

Компанияның кредиттік рейтингтері (S&P, Fitch, Moody’s)

Халықаралық рейтинг агенттіктері ҚМГ-ның қаржылық тұрақтылығын растап, компанияға оң баға берді. 2023 жылы наурыз айында Standard&Poor’s рейтинг агенттігі болжамын «тұрақты» деп өзгертіп, компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады. Есепті жылдың маусым айында Fitch Ratings рейтинг агенттігі Компанияның рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB» деңгейіне көтерді, болжам «тұрақты». 2023 жылдың соңында Moody’s рейтинг агенттігі ҚМГ-ның болжамын «жағымды» деп өзгертіп, рейтингін растады.

Акционерлерге дивиденд төлеу және акция құнының өсуі

ҚМГ жария компания ретінде өзінің акционерлеріне барынша пайда әкелуге ұмтылады. 2023 жылы маусымда ҚМГ акционерлеріне 300 млрд теңге немесе 667 млн АҚШ доллары мөлшерінде рекордтық дивиденд төледі. Соңғы жылдары төленген дивиденд динамикасын талдайтын болсақ, есепті жылы дивиденд сомасы 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бес еседен астам өсті. Сонымен қатар ҚМГ акциялар құны едәуір өскенін байқаймыз, бағалы қағаздар ұсынылған күннен бастап 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша 37,3%‑ға өсті. Төленген дивиденд мөлшерін қоса алғанда ҚМГ акционерлерінің кірісі ұсынылған күннен бастап есепті жылдың соңында 43,1%‑ға жетті. Бұл ретте ҚМГ‑ның капиталдандыруы 15,5 млрд АҚШ долларына немесе 7 трлн теңгеден астам сомаға жетті.

Салық және басқа да әлеуметтік төлемдер

Компания жыл сайын салық төлеп, әлеуметтік міндеттемелерді орындау арқылы ел экономикасына елеулі үлес қосады. 2023 жылы компания ел бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде 1 162 млрд теңге аударды. ҚМГ кәсіпорындары орналасқан өңірлерінде әлеуметтік жобаларды іске асырып қана қоймай, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында 5,6 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік инвестиция салды. ҚМГ‑ның қаржылық нәтижелерге қол жеткізуі және өзіне алған міндеттемелерді (соның ішінде әлеуметтік міндеттемелерді) орындау жолындағы теңгерімді тәсілі – бұл Компанияның ұзақ мерзімді дамуының кепілі.