Директорлар кеңесінің құрамы

Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлар саны Кодекстің талаптарына сай келеді, оған сәйкес тәуелсіз директорлар саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50%‑ын құрайды.

2019 жылы Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрды және олардың мерзімі 2020 жылдың 28 маусымында аяқталды.

«Самұрық‑Қазына» АҚ басқармасының 2020 жыл 17 тамыздағы шешімімен (№ 30/20 хаттама) үш тәуелсіз директорды қоса алғанда, жеті адамнан тұратын Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

2023 жылы Директорлар кеңесінің құрамына келесідей өзгерістер енгізілді.

  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жыл 6 сәуірдегі шешімімен (№1/2023 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшелері – «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Ауғанов Гибрат Қайратұлы және тәуелсіз директор Хаирова Әсел Әнуарқызының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы және тәуелсіз директор Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жыл 30 мамырдағы шешімімен (№2/2023 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор Миллер Тимоти Гленнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып сайланды.
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жыл 27 маусымдағы шешімімен (№3/2023 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшелері – «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі Жанәділ Ернар Бейсенұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және Директорлар кеңесінің мүшелері – «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде Отыншиев Елжас Мұратұлы сайланды.
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жыл 14 тамыздағы шешімімен (№4/2023 хаттама) 8 адамнан тұратын директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, оның ішінде 4‑еуі – тәуелсіз директор. Дәл осы шешіммен Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы сайланды.
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жыл 6 қарашадағы шешімімен (№5/2023 хаттама) 9 адамнан тұратын директорлар кеңесінің құрамы белгіленіп, Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор болып Шәкіров Асқар Оразалыұлы сайланды.

Осылайша, Директорлар кеңесінің құрамы 2023 жыл 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тоғыз адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы – «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілі.

ҚМГ Директорлар кеңесінің 2023 жыл 31 желтоқсандағы құрамы

2023 жылдың сәуір айынан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

Туған күні: 1987 жыл 3 қыркүйек.

Білімі

  • 2022–2023 – Harvard Business School (Бостон, Массачусетс, АҚШ) – көшбасшылықты дамыту бағдарламасы (Басқарушылық құрамға арналған бағдарлама);
  • 2015–2018 – University of Warwick (Ковентри, Ұлыбритания) – бизнес әкімшілендіру магистрі (қашықтықтан бағдарлама);
  • 2007–2010 – University of Toronto (Торонто, Канада) – мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар (саяси экономика бағыты);
  • 2004–2007 – Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан) – халықаралық қатынастар факультеті, «Аймақтану» мамандығы, (3 курсты бітіріп, одан әрі оқыту – «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша);
  • 2004 – 2005 – Marysville Pilchuck High School (Мэрисвил, Вашингтон, АҚШ) – болашақ көшбасшылармен алмасу бағдарламасы (FLEX).

Жұмыс тәжірибесі

  • 2010–2011 – «Семізбай‑U» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны), Алматы, Қазақстан ‑ Бизнес әкімшілендіру бөлімінің бас маманы;
  • 2011–2012 – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры», Астана, Қазақстан ‑ Жоба менеджері, Басқару есептілігі жүйесін (БЕЖ) енгізу жөніндегі жобалау офисі;
  • 2013 – 2013 – «Самұрық‑Энерго» АҚ, Жобаларды басқару департаментінің директоры;
  • 2013 – 2014 – Стратегиялық даму департаментінің директоры;
  • 2014‑2016 – Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 2016–2016 – «Талдамалық қолдау» департаментінің директоры;
  • 2016–2018 – «Самұрық‑Энерго» АҚ, Астана, Қазақстан, Басқарма төрағасының кеңесшісі (қаржы‑экономикалық мәселелер бойынша);
  • 2018 – 2019 – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры», Астана, Қазақстан – Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы;
  • 2019 – 2022 – Whiteshield Partners [бағыт – мемлекеттік сектордағы консалтинг], Астана, Қазақстан – Жобалар басшысы (Аға талдаушы ретінде бастады, 2020 жылғы ақпанда Консультанқа дейін, 2021 жылғы ақпанда – Жобалар басшысына дейін жоғарылады);
  • 2021 – 2022 – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры», Астана, Қазақстан – Стратегия, тұрақты даму және цифрлы трансформация жөніндегі тең басқарушы директор;
  • 2022 – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры», Астана, Қазақстан – Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор.

Қоса атқаратын жұмыс пен ДК‑дегі мүшелік

  • «KEGOС» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «QazaqGaz» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы ‑ «Құрмет» ордені, 2022;
  • Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 2021;
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, 2021;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесі хатшысының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің қызметіне, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат және экономикалық даму саласындағы стратегиялық және талдамалық құжаттарды дайындауға белсенді және жемісті қатысқаны үшін алғысы, 2020;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы орынбасарының сыртқы саясат және экономикалық даму саласындағы стратегиялық және талдамалық құжаттарды дайындауға қосқан үлесі үшін алғысы, 2020;
  • Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, желтоқсан, 2019.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2022 жылдың сәуірінен бастап кіреді.

Туған күні: 1978 жыл 7 қараша

Білімі

  • О.А. Жәутіков атындағы Республикалық физика‑математика мектебі;
  • «Тұран» университеті, «экономист» мамандығы;
  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясы, «халықаралық қатынастар» мамандығы;
  • Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «мұнай‑газ ісі» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

  • ҚМГ компаниялар тобында жеті жылдан астам, ҚМГ‑де – төрт жыл, оның ішінде төрт жыл басшы лауазымдарында қызмет етті;
  • Әр жылдары M‑I Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясының Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында қауіпсіздік және өндіріс менеджері, бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице‑министрі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі;
  • 2022 жылдың сәуірінен бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2020 жылдың тамызынан бастап кіреді.

Туған күні: 1954 жыл 25 желтоқсан.

Білімі

  • Лидс университеті (Ұлыбритания), азаматтық құрылыс саласында ғылым бакалавры;
  • Крэнфилд технологиялық институты (Ұлыбритания), «инженерия/құрылысты басқару» мамандығы бойынша ғылым магистрі.

Жұмыс тәжірибесі

  • 1976 жылы Лидс университетін бітіріп, 1980 жылы Ұлыбритания мен Сауд Арабиясында жұмыс істегеннен кейін, әлемнің түрлі елдеріндегі ірі мұнай‑газ жобаларын басқара отырып, Bechtel Corporation‑ға қосылды.
  • 2004 жылы Shell компаниясында Shell Global Solutions жобалар жөніндегі вице‑президент лауазымында жұмыс істей бастады.
  • 2009 жылы Shell жаңадан құрылған жобалар және технологиялық бизнес жөніндегі бөлімшесінде даунстрим жобалары жөніндегі атқарушы вице‑президент болды.
  • 2010 жылы Қазақстандағы екінші сатыдағы Қашаған жобасының директоры болып тағайындалды. Одан әрі «Әл‑Қараана» Shell\\QP мұнай‑химия жобасында жұмысын жалғастырды.
  • 2013 жылдан бастап жобаларды басқару бойынша тәуелсіз кеңесші болып жұмыс істеді. Ол – Velocys PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай‑ақ EnQuest plc компаниясының атқарушы емес директоры және қауіпсіздік, климат және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдың сәуірінен бастап кіреді.

Туған күні: 1977 жыл 28 қаңтар.

Білімі

  • 1997–1999 – Дюкейн университеті (Питсбург қ., АҚШ) – «бизнесті басқару» (BSBA) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі;
  • 2002–2003 – Оксфорд университеті (Ұлыбритания) – салыстырмалы әлеуметтік саясат ғылымдарының магистрі (MSC Comparative Social Policy);
  • 2005–2007 – Калифорния Беркли университеті (АҚШ) – МВА дәрежесі;
  • 2012 жылдан бастап – сертификатталған қаржылық талдаушы, CFA.

Жұмыс тәжірибесі

  • 2006–2008 – SAP компаниясы (АҚШ), маркетинг маманы,;
  • 2009–2010 – Маккинзи компаниясы (Мәскеу, РФ), кеңесші;
  • 2010–2012 – Полиметалл компаниясы (Қазақстан);
  • 2012–2013 – КПМГ компаниясы (Қазақстан), аға менеджер;
  • 2013–2020 – PwC компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, директор;
  • 2020 ж – бүгінге дейін – «StrategyLab» ЖШС консультациялық компаниясының негізін қалаушы.

Өзге де қызмет/ лауазым түрлері

  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Самұрық‑Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдың маусымынан бастап кіреді.

Туған күні: 1978 жыл 1 желтоқсан.

Білімі

Boston University School of Management, Бостон, АҚШ – Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым бакалавры; Корпоративтік қаржы саласына маманданды, декан тізіміне енді (оқудағы жоғары нәтижелері үшін).

Жұмыс тәжірибесі

  • 2000 – Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ), қаржы талдаушысы;
  • 2001–2003 – HSBC Bank Kazakhstan, Алматы, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, маман, бизнесті дамыту бөлімі бастығының орынбасары;
  • 2004–2006 – ABN AMRO Bank Kazakhstan, Астана, Астана қ. филиалының басқарушысы/ коммерциялық банкинг жөніндегі вице‑президенттің орынбасары;
  • 2006 – ABN AMRO Bank Kazakhstan, Астана, Астана қ. филиалының басқарушысы/ металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру бағытының басшысы (Metals және Mining);
  • 2006–2012 – RBS Kazakhstan, Алматы, корпоративтік банкинг басшысы, Басқарма мүшесі, атқарушы директор;
  • 2012–2021 – UBS AG Өкілдігі, Алматы, Басқарушы директор.

Қоса атқаратын жұмыс пен ДК‑дегі мүшелік

  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Kazakhstan Investment Development Fund, Директорлар кеңесінің мүшесі.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2016 жылдың ақпанынан бастап кіреді.

Туған күні: 1947 жыл 14 қыркүйек.

Білімі

  • И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай‑химия және газ өнеркәсібі институты, мамандығы – «Тау‑кен инженері»;
  • И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай‑химия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасы;
  • техника ғылымдарының кандидаты;
  • техника ғылымдарының докторы;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі.

Жұмыс тәжірибесі

Әр жылдары «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының Оңтүстік Ембі мұнай‑газ барлау экспедициясында, Қазақ ғылыми‑зерттеу геологиялық‑барлау мұнай институтында, «Каспий маңы геология» аумақтық басқармасында, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалында. Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің өнеркәсіп бөлімінде жұмыс істеді. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, «Қазақойл» ұлттық мұнай‑газ компаниясы» ЖАҚ бірінші вице‑президенті және президентінің міндетін атқарушы, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице‑министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті, ММГ бас директоры, «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазтрансойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңестерінің төрағасы, KAZENERGY қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы, «ҚазРосГаз» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Атырау Мұнай және газ университеті» Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚМГИ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) қызметтерін атқарған.

«ҚазТрансОйл» АҚ‑ның 9 655 жай акциясына ие.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдың маусымынан бастап кіреді.

Туған күні: 1987 жыл 1 сәуір.

Білімі

  • 2008–2010 – Мәскеу физика‑техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы – қолданбалы математика және физика (магистр);
  • 2004–2008 – Мәскеу физика‑техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы – қолданбалы математика және физика (бакалавр).

Жұмыс тәжірибесі

  • 2007–2008 – Ernst&Young (Мәскеу) ‑ Аудиторлық және консультациялық қызметтер, технологиялар және қауіпсіздік қызметтері бөлімі. Позициялар – талдаушыдан аға талдаушыға дейін;
  • 2008–2009 ‑ Ernst&Young (Москва) ‑ Бағалау және бизнес‑модельдеу бөлімі. Позиция – талдаушы;
  • 2009–2012 ‑ «Тау‑Кен Самұрық» ұлттық тау‑кен компаниясы» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, Қаржы институттарымен жұмыс департаменті. Позициялар – менеджерден Департамент директорына дейін;
  • 2012–2014 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, позиция – бас менеджер;
  • 2014–2016 ‑ «Самұрық‑Қазына Инвест» ЖШС («Самұрық‑Қазына» АҚ‑ға іссапарға жіберілді), позиция – Қордың инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры;
  • 2016–2018 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Позиция – Жаңа жобаларды дамыту департаменті жоба директоры (өсіп келе жатқан портфельдік компанияларды басқару);
  • 2018–2019 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Позиция – Активтерді дамыту департаменті Тау‑кен активтерін дамыту секторының басшысы;
  • 2019 – «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd., Позиция – Аға талдаушы/VP, Тікелей инвестициялар департаменті;
  • 2019–2021 ‑ «PlanetCare Management» ЖШС, лауазымы – Бас директордың инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары;
  • 2021–2023 – «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd., позиция – Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2023 – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық‑Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор.

Қоса атқаратын жұмыс пен ДК‑дегі мүшелік

  • 2023 жылғы маусымнан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2023 жылғы маусымнан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2023 жылғы мамырдан бастап – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2023 жылғы маусымнан бастап – «Объектілерді салу жөніндегі компания» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдың тамызынан бастап кіреді.

Туған күні: 1970 жыл 19 қазан.

Білімі

  • 1987–1992 – Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, Алматы;
  • 2008–2010 – Ломоносов атындағы ММУ Жоғары бизнес мектебі, Мәскеу қаласы, Executive MBA.

Жұмыс тәжірибесі

  • 1995–2008 – Аудитор, коммерциялық ұйымдарда бас бухгалтер;
  • 2008–2015 – «Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ АҚ аудит және бақылау департаментінің директоры;
  • 2015–2018 – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2018– 2023 – «АХҚО әкімшілігі» салық саясаты департаментінің директоры.

Қоса атқаратын жұмыс пен ДК‑дегі мүшелік

  • «QazaqGaz» ҰК АҚ Тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • «Samruk‑Kazyna Construction» ҰК» АҚ Тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі.

Сертификаттар, лицензиялар

  • Сертификатталған тәуелсіз директор (Certificate IOD) Institute of Directors (Ұлыбритания);
  • Аудитор, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 0000174 мемлекеттік лицензиясы;
  • 1‑санттағы салық консультанты.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

2023 жылғы қарашадан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

Туған күні: 1956 жыл 2 ақпан.

Білімі

  • 1973–1978 – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институты;
  • 1985 – Заң ғылымдарының кандидаты.

Біліктілік дәрежесі

  • Төтенше және Өкілетті Елші.

Жұмыс тәжірибесі

  • 1978–1987 – КСРО Ішкі істер министрлігінің Академиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмысқа қарсы күрес және қылмыстық сот төрелігі комитетіндегі Кеңес Одағы өкілінің жұмысын қамтамасыз ету тобындағы ғылыми қызметкері, адъюнкті, аға инспекторы;
  • 1987–1989 – КСРО Ішкі істер министрлігі Сыртқы қатынастар бөлімінің референті;
  • 1989–1992 – КСРО Ішкі істер министрлігінің Бүкілодақтық ғылыми‑зерттеу институты қазақстандық бөлімінің бастығы;
  • 1992–1995 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шарттық‑құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығының орынбасары, шарттық‑құқықтық басқармасының бастығы;
  • 1995–1996 – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенім білдірілген өкіл;
  • 1996–1996 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі;
  • 1996–1998 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • 1998–2004 – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  • 2004–2006 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • 2006–2007 – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы;
  • 2007–2019 – Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі өкіл;
  • 2021–2023 – Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, тұрақты даму мақсаттары бойынша ЕҚЫҰ ПА арнайы өкілі.

Сайланбалы лауазымдар, депутаттық

  • 2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты;
  • 2019–2023 – Сенат төрағасының орынбасары;
  • 2023 – Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы;
  • 2020–2022 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Директорлар кеңесінің төрағасы.

Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары

  • Ордендері: «Құрмет», «Парасат»;
  • Медальдері: 22, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін».

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.

2023 жыл 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамы
Тәуелсіз директорлар Холланд Филип Малкольм 2020
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы 2023
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы 2023
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы 2023
Шәкіров Асқар Оразалыұлы 2023
«Самұрық‑Қазына» АҚ өкілдері Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы 2016
Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы , Төраға 2023
Отыншиев Елжас Мұратұлы 2023
Атқарушы директор (Басқарма Төрағасы) Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы 2022
Өкілеттік мерзімі аяқталғандар Хаирова Әсел Әнуарқызы 2023
Ауғанов Ғибрат Қайратұлы 2023
Миллер Тимоти Глен 2023
Жанәділ Ернар Бейсенұлы 2023
Уолтон Кристофер Джон 2023

Директорлар кеңесінің тоғыз мүшесінің сегізі – Қазақстан, біреуі – Ұлыбритания азаматы.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны — тоғыз, оның ішінде:

  • тәуелсіз директорлар — бесеу,
  • «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілдері – үшеу;
  • атқарушы директор (Басқарма Төрағасы) – біреу
Директорлар кеңесінің құрылымы жас айырмашылығы бойынша келесідей:

Ұсыну және іріктеу тәртібі

Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу тәртібі ҚМГ Жарғысымен және өзге де нормативтік құжаттармен айқындалады, акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің Төрағасымен және Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады және кандидатураларды іздеуді және жалдауды жүзеге асыру кезінде ашықтық, әділдік және кәсібилік қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлердің және өзге де тұлғалардың өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған адамдар арасынан сайланады. Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың лауазымдық функцияларды орындау және Компанияның ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуының өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті білімі, дағдылары және тәжірибесі болуы керек, сондай‑ақ мінсіз іскерлік беделге ие болуға тиіс.

Директорлар кеңесінің төрағасын акционерлердің жалпы жиналысы сайлайды.

Тәуелсіз директорлар «Самұрық‑Қазына» АҚ басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 35/16 хаттамадағы шешімімен бекітілген «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялары Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидаларына сәйкес іріктеледі.

Директорлар кеңесінің құзырет бойынша құрылымы
Директорлар кеңесінің мүшесі Негізгі құзыреттер
1 Бердіғұлов Е.Қ. Стратегия, корпоративтік басқару, активтерді басқару, қаржы
2 Мырзағалиев М.М. Мұнай‑газ саласы
3 Холланд Ф.М. Мұнай‑газ саласы, жобаларды бағалау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік
4 Жұбаев А.С. Қаржы
5 Мыңшәріпова С.Н. Аудит, қаржы, комплаенс
6 Қарабалин Ұ.С. Мұнай‑газ саласы, стратегия
7 Отыншиев Е.М. Инвестициялар, активтерді басқару, стратегия
8 Арғынғазин А.Ә. Корпоративтік қаржы, аудит
9 Шәкіров А.О. Құқықтану, халықаралық қатынастар

Директорлар кеңесінің құрылымы әр түрлі бағыт бойынша кәсіби білім мен дағдылар тұрғысынан құрамның теңдігін көрсетеді.