ҚМГ‑ның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің кешенді тәсілі

ҚМГ Директорлар кеңесі жалпы стратегиялық басқаруды жүзеге асырады және тұрақты даму қағидаттарының енгізілуін бақылайды, Компанияның Тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есебін бекітеді.

Директорлар кеңесі климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері жоғары басымдыққа ие екенін растайды. Директорлар кеңесі климаттық күн тәртібіне және тұтастай алғанда тұрақты дамуға қатысты, ҚМГ қызметіне қатысты мәселелерді қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі комитетке беру арқылы стратегиялық басшылықты қамтамасыз етеді.

ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті тұрақты даму мәселелерін қарайды және ұйымдастырады, тұрақты даму саласындағы саясатты бекіту жөніндегі ұсынымдарды дайындайды, ҚМГ‑ның тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есебін, Директорлар кеңесінің құзыретіне бекітілуі жататын тұрақты даму саласындағы іс‑шаралар жоспарларын және өзге де ішкі құжаттарды қарайды, тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық компоненттерін қалыптастырады, тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін құрады, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен басты қызмет көрсеткіштерін белгілейді, компанияда тұрақты дамудың енгізілуін бақылайды, тұрақты дамудың негізгі процестерге интеграциялануын жүзеге асырады.

ҚМГ Басқармасы Компанияда тұрақты даму саласындағы қағидаттарды, саясаттарды, стандарттарды және іс‑шаралар жоспарын лайықты түрде іске асыруды және енгізуді жүзеге асырады. Тұрақты даму саласындағы қызметтің мониторингін жүргізеді, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен басты қызмет көрсеткіштерінің орындалуын бағалайды.

Тұрақты даму мәселелеріне жетекшілік ететін ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары тұрақты даму саласындағы бастамалар бойынша мақсаттар мен басты қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіреді, тұрақты даму саласындағы есептің дайындалуын, тұрақты даму саласындағы корпоративтік стандарттардың іске асырылуын бақылайды.

ҚМГ стратегия және инвестиция портфелін басқару департаментінің Тұрақты даму секторы тұрақты дамуды басқару жүйесіне бастама жасайды, бұл жүйені үйлестіреді және енгізеді, бұл жүйені Компанияның бизнес‑қызметімен біріктіруге қолдау көрсетеді, тұрақты даму мәселелері бойынша әдістемелік қолдауды жүзеге асырады, тұрақты даму саласындағы есепті жыл сайын дайындау және бекітуге жауапты, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру және басқаруға, мүдделі тараптар картасын және өзара іс‑қимыл тетіктерін әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жәрдемдеседі, тұрақты даму саласындағы оқыту мәселелерімен айналысады, сондай‑ақ ұлттық компанияға ESG рейтингін беру және сақтап тұру мәселелері бойынша рейтинг компанияларымен өзара байланысты жүзеге асырады.

ҚМГ құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы жүйені енгізуді, ішкі және сыртқы ахуалды талдауды, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді айқындауды, мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) картасын және өзара іс‑қимыл тетіктерін әзірлеуді жүзеге асырады, тұрақты даму саласындағы бастамаларды орындайды, халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму саласындағы есепке арналған ақпаратты дайындайды.

ҚМГ барлық қызметкері әрқайсысы өз деңгейінде өзі үлгі көрсетіп, тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау жолымен тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен іс‑шараларды енгізеді.

ҚМГ-ның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің кешенді тәсілі

ҚМГ компаниялар тобындағы тұрақты даму мәселелерін регламенттейтін негізгі құжаттар тізімі

E
background

Экологиялық мәселелер

  • Экологиялық саясат
  • Энергетика саясаты
  • Ластаушы шығарындыларды басқару саясаты
  • ҚМГ‑ның төмен көміртекті дамудың 2022‑2031 жылдарға арналған бағдарламасы
  • Тұрақты даму саласындағы саясат
  • Парник газдарының шығарындысын басқару жөніндегі саясат
  • ҚМГ жер қойнауы учаскелері мен кен орындарында объектілерді жабу және бұзылған жерлерді қалпына келтіру саласындағы саясат
  • Су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт
  • Анықталатын қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бағалауды жүргізу жөніндегі корпоративтік стандарт
  • Денсаулық, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент жүйесі жөніндегі нұсқаулық
  • ҚМГ‑ның дағдарыс жағдайларын басқару регламенті
  • Энергия үнемдеу саласын және энергия тиімділігін арттыруды басқару жөніндегі регламент
  • Сапа жөніндегі нұсқаулық
  • Көміртегіге ішкі бағаны белгілеу тұжырымдамасы
  • Парник газдар шығарындысын мониторингілеу және есеп беру әдістемесі
S
background

Әлеуметтік мәселелер

  • Кадр саясаты
  • Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің үлгілік регламенті
  • Еншілес және тәуелді ұйымдардың ҚМГ объектілерінде жұмысын жүргізетін мердігер ұйымдармен өзара іс‑қимылы кезіндегі қызметтің үлгілік регламенті
  • Қызметкерлердің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ұстану және көшбасшылық кодексі
  • Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясат
  • Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясат
  • Адам құқықтары және қоғаммен қарым‑қатынас саясаты
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызды ережелер» корпоративтік стандарты
  • Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы бойынша корпоративтік стандарт
  • Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару бойынша корпоративтік стандарт
  • Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарт
  • Мердігер ұйымдармен еңбек, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында өзара іс‑қимыл жөніндегі корпоративтік стандарт
  • Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандарт
  • Міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік стандарт
  • Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
  • «Қорғау» картасын қолдану регламенті
  • Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану регламенті
  • Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламент
  • ҚМГ компаниялар тобындағы персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі бағдарлама
  • Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі 2023‑2028 жылдарға арналған жол картасы
  • Қауіпсіздік тәртібін бақылау ережелері
  • Оқиғаларды хабарлау және тергеу тәртібі туралы ережелер
  • Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету ережелері
G
background

Басқару мәселелері

  • Корпоративтік басқару кодексі
  • Тұрақты даму саласындағы тұжырымдама
  • Тұрақты даму саласында басқару жүйесі бойынша нұсқаулық
  • Тұрақты даму туралы есепті дайындау қағидалары
  • Іскерлік этика кодексі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл саласындағы саясат
  • Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
  • Құпия ақпарат беру саясаты
  • Қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу саясаты
  • Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі жөніндегі саясат
  • Дивизионалды басқару жүйесі аясында ҚМГ мен еншілес/тәуелді ұйымдардың өзара іс‑қимыл саясаты
  • Санкция саясаты
  • Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу қағидалары
  • Компанияда физикалық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы қорғанудың корпоративтік регламенті
  • Ішкі бақылау жүйесінің регламенті
  • ҚМГ‑ның экономикалық қауіпсіздік регламенті
  • Ақпараттық қауіпсіздік менеджментінің жүйесі жөніндегі нұсқаулық
  • ҚМГ‑ның ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспары
  • Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты.