«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жылдық есебінің шегі / дисклеймер
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2023 жылға арналған есебіне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ деп аталатын бас компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚМГ, Компания, ҚМГ тобы) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, ҚМГ шоғырландырылған қаржылық есебін құрастыру қағидаттары негізінде жасалған қызмет нәтижелері кіреді.
Жылдық есепте қызметтің бірқатар өндірістік-экономикалық көрсеткіші ХҚЕС қағидаттарына сәйкес және ХҚЕС бойынша 2023 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін ҚМГ шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мақсаттары үшін ҚМГ компанияларының жиынтығына қатысты айқындалған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дайындалған ҚМГ-ның есептік құжаттарының ұқсас көрсеткіштерінен ерекшеленуі мүмкін.
Бұл ретте Компания қызметінің кейбір көрсеткіштері басқарушылық және басқа да есептерді дайындау кезінде қолданылатын қағидаттарға сай келтірілген. Дайындық әдістемесіндегі, шоғырландырылған қаржылық және басқа есептіліктегі айырмашылықтарға байланысты бұл әдістемелер бойынша есептелген көрсеткіштер салыстыруға келмеуі мүмкін.
Қызметтің қаржылық нәтижелерін талдау ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған, аудит жүргізілген компанияның 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың шоғырландырылған қаржылық есебі ретінде қаралуы тиіс.
Жылдық есеп ағымдағы жағдайды ескеріп, Компания басшылығы жасаған болжам мен бағалауға негізделген, болашақта ҚМГ-ның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты «болжамды мәлімдемелер» болатын немесе сондай болып есептелуі мүмкін өтініштерді қамтиды. Болжамды мәлімдемелер тарихи фактілер болып есептелмейтін барлық мәселені қамтиды. Олар компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жағдайына, өтімділігіне, перспективасына, өсуіне, стратегияларына қатысты және Компания жұмыс істейтін салалар бойынша ҚМГ-ның ниеттері, сенімдері және ағымдағы болжамдар туралы мәлімдемелерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Сипаты бойынша болжамды мәлімдемелер тәуекел мен белгісіздікке байланысты, өйткені олар болуы мүмкін немесе болмауы мүмкін болашақ оқиғалар мен жағдайларға жатады, яғни қызметтің нақты нәтижелері түрлі объективті факторлардың әсерінен көрсетілген болжамдар мен бағалаулардан өзгеше болуы ықтимал.