ҚМГ‑ның тұрақты даму аспектілерін басқару қағидаттары

ҚМГ өзінің 2022‑2031 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясында тұрақты дамуды стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде белгіледі. Оның негізінде барлық бизнес‑процесс пен шешім қабылдау процестері тұрақты даму қағидаттарымен бірігуі тиіс.

ҚМГ‑ның тұрақты даму аспектілерін басқару саласы тұрақты дамудың мынадай қағидаттарын енгізуге негізделеді:
  • жариялық ‑ біз кездесу өткізіп, талқылауларға және диалог жасауға ашықпыз; мүдделі тараптармен екіжақтың мүддесін ескеріп, ұйым мен мүдделі тараптар арасындағы құқықтар мен балансты сақтауға негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз;
  • есеп беру ‑ біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсер еткеніміз үшін есеп беруіміз керек екенін түсінеміз;
  • ашықтық ‑ шешімдеріміз бен іс‑әрекеттеріміз мүдделі тараптар үшін айқын және ашық болуы тиіс;
  • этикалық тәртіп ‑ шешімдеріміз бен әрекеттеріміз өзара құрмет, әділдік, ашықтық, командалық рух пен сенім, адалдық пен ұждандылық сияқты құндылықтарға негізделген;
  • құрмет ‑ заңнамадан, қабылданған келісімшарттар барысында туындайтын немесе жанама түрде іскерлік өзара қарым‑қатынас аясындағы мүдделі тараптардың құқықтары мен мүддесін құрметтейміз;
  • заңдылық – қабылдаған шешімдеріміз, әрекеттеріміз бен тәртібіміз Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұйым органдарының шешімдеріне сай келеді;
  • адам құқықтарын сақтау ‑ біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтаймыз және олардың сақталуына ықпал етеміз;
  • сыбайлас жемқорлықпен күресу ‑ барлық мүдделі тараптармен өзара қарым‑қатынас кезінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік қағидатын ұстанамыз;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеу ‑ лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің жеке мүддесі оның лауазымдық, функционалдық міндеттерін әділ орындауына ықпал етпеуі тиіс;
  • жеке мысал – әрқайсымыз күн сайын өз іс‑әрекеттеріміз, мінез‑құлқымыз және қабылданған шешіміміз арқылы тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз; басқарушы позициялардағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өзінің жеке басының іс‑әрекетімен тұрақты даму қағидаттарын енгізуді ынталандыруы тиіс.