Басқарма жұмысы туралы есеп

Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл‑ауқат қоры туралы» Заңында, ҚМГ Жарғысында және Басқарма туралы ережеде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында регламенттелген. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және ҚМГ Жарғысымен Компанияның басқа да органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. ҚМГ Басқармасын Акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын (сайлайтын) Басқарманың төрағасы басқарады. Өз кезегінде, Басқарманың қалған мүшелерін тағайындау ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне кіреді.

Басқарма құзыретінің аса маңызды мәселелеріне келесілер жатады:

  • ҚМГ Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыру;
  • бизнес‑жоспарды орындауды және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, Компанияның ағымдағы қаржы‑шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
  • ҚМГ мен ЕТҰ‑ның тұрақты дамуы бойынша іс‑шараларды іске асыру;
  • мүдделер қақтығысы мен корпоративтік қақтығыстарды реттеуге қатысу және олардың мониторингін жүргізу;
  • Жарғыда Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, ҚМГ ЕТҰ қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
  • ҚМГ міндеттемелерін ұлғайту және материалдық шегіне сәйкес мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару.
ҚМГ ДК қарауына шығарылған мәселелер, %

ҚМГ Басқармасын Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының ұсыныстары негізінде қалыптастырады. 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Басқарманың құрамына ҚМГ‑ның негізгі тоғыз басшысы кірді. Басқарманың отырыстары бетпе‑бет және сырттай өтеді және қажеттілігіне қарай шақырылады.

2023 жылы ҚМГ Басқармасы 59 отырыс өткізіп, 572 шешімді қарап, қабылдады.

2023 жыл ішінде қабылданған Басқарманың нақты шешімдерінің жалпы санынан белгіленген тәртіппен 154 мәселе ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына шығарылды.

2023 жылы Басқарма компания мүддесі бар ҚМГ мәмілелері бойынша 33 шешім қабылдады ҚМГ Жарғысына сәйкес, ДК және Басқарма мәселелерін қарауды бөлу бойынша материалдылық шек көрсетілген. .

2023 жылы қаңтар‑желтоқсан аралығында Басқарма шешімімен келесі құжаттар бекітілді:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ақпаратты жария ету саясаты;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жер қойнауы учаскелері мен кен орындарында залал келген жерлерді қалпына келтіру және объектілерді жабу саласындағы саясат;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының корпоративтік салықты есепке алу саясаты;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ салықтық есеп саясаты;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының кейбір ұйымдарының 2023 жылға арналған базалық тарифтік ставкасы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 2023‑2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі жол картасы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024‑2028 жылдарға арналған бизнес‑жоспары
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023 жылға арналған түзетілген бюджеті;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024 жылға арналған бюджеті;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығын сақтау және (немесе) қалпына келтіру мақсатында бір көзден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін дайындау және бекіту ережесі.

Бұдан басқа, 36 шешіммен ҚМГ‑ның жекелеген ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

ЕТҰ акционерлерінің (үлескерлерінің) жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын өкілеттіктер шеңберінде Басқарма ҚМГ ұстанымын айқындау және акционерлердің (үлескерлердің) жалпы жиналыстарында ҚМГ уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі үшін:

Сенімгерлік басқарудың акционері/ құрылтайшысы ретінде 10 шешім қабылданды
Жарғылық капиталға қатысу үлесінің қатысушысы/ сенімгерлік басқарушысы ретінде ҚМГ позициясын айқындау бойынша 125 шешім
Бұдан басқа, басқарма ҚМГ еншілес ұйымдарының барлық дауыс беретін акцияларына иелік ететін жалғыз акционердің/ тұлғаның шешімі ретінде 17 шешім қабылдады, оның ішінде:
Басқарманың 169 шешімі ҚМГ еншілес ұйымдарының барлық қатысу үлестерін иеленетін жалғыз қатысушысы/ жалғыз құрылтайшысы/ тұлғаның шешімдері, оның ішінде

Басқарма құрамы

ҚМГ Директорлар кеңесі және Басқарма құрамына 2022 жылдың сәуірінен бастап кіреді.

Туған күні: 1978 жыл 7 қараша.

Білімі

  • О.А. Жәутіков атындағы Республикалық физика‑математика мектебі;
  • «Тұран» университеті, «экономист» мамандығы;
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясы, «халықаралық қатынастар» мамандығы;
  • Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «мұнай‑газ ісі» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

  • ҚМГ компаниялар тобында жеті жылдан астам, ҚМГ‑де – төрт жыл, оның ішінде төрт жыл басшы лауазымдарында қызмет етті.
  • Әр жылдары M‑I Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясының Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында қауіпсіздік және өндіріс менеджері, бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер, «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице‑министрі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі.
  • 2022 жылдың сәуірінен бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2024 жылдың ақпан айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1978 жылы 26 тамыз.

Білімі

  • 2001 – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша аяқтады.
  • 2012 – мұнай‑газ бизнесін басқару саласында магистр дәрежесін алды;
  • 2013 – Іскерлік әкімшілендіру саласында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі

  • Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ бастап, оператор, шебер, жетекші инженер, технолог, мұнай және газ өндіру бөлімі бастығының орынбасары және бастығы болып қызмет атқарды;
  • 2010–2015 – «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ‑да жетекші инженер, мұнай өндіру департаменті директордың орынбасары және директоры болып жұмыс істеді;
  • 2015–2016 – «Круз» ЖШС директоры болып еңбек етті;
  • 2016–2018 – «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметін атқарды;
  • 2018–2019 – «Орал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді;
  • 2019–2023 – «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;
  • 2023–2024 – «Қаражанбасмұнай» бас директоры болып қызмет етті.
  • 2024 жылы 31 қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2023 жылдың ақпан айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1984 жылы 24 шілде.

Білімі

И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында «Халықаралық мұнай‑газ бизнесі» МВА дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі

  • Кәсіби мансабын 2006 жылы «Интегра» ЖАҚ‑та (Ресей Федерациясы) диспетчер, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылау инженері (ұңғымада) лауазымдарынан бастады.
  • 2007–2008 – «ҚазМұнайТеңіз» ҰК АҚ өндіріс департаментінің техникалық маманы.
  • 2008–2011 – «Каспиан Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» өндірістік департаментінде бұрғылау инженері болып жұмыс істеді.
  • 2011–2012 – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑та ірі мұнай‑газ жобаларын барлау және дамыту жобаларын басқару департаменттерінің 1‑санатты менеджері лауазымында қызмет етті.
  • 2012–2015 – «Ромпетрол С.А.» (Румыния) барлау және өндіру департаментінің директоры, барлау және өндіру жөніндегі бас директордың орынбасары.
  • 2015–2016 – «ҚМГ‑Кансу Оперейтинг» ЖШС Бас директорының геология және өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
  • 2016–2017 – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі.
  • 2017–2021 – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментін басқарды.
  • 2021–2023 – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2023 жылдың ақпан айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1972 жыл 14 қазан.

Білімі

Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру, тау‑кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

  • Еңбек жолын «Қазақстан‑Ресей сауда үйі» БК‑да бастады.
  • 1997 – Ақтау қаласы бойынша салық бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
  • 1997–1998 – ММГ «Мұнай‑гермес» өнімді материалдық‑техникалық қамтамасыз ету және өткізу басқармасы филиалының арнайы техника мен қосалқы бөлшектер көлігі бөлімінің және құбырлар мен металл бұйымдары бөлімінің инженері.
  • 1998–2006 – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ‑та пайдалану инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, балық аулау менеджері болып жұмыс істеді.
  • 2007–2010 – мұнай өнеркәсібі департаменті мұнай жобаларының мониторингі және нормативтік‑техникалық саясат басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары.
  • 2010–2014 – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2014–2015 – «BNG LTD» ЖШС Бас директорының орынбасары.
  • 2015–2020 – «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, МТҚ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары.
  • 2020–2023 – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице‑министрі, министрі.
  • 2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2022 жылдың мамыр айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1976 жыл 16 шілде.

Білімі

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық валюта‑қаржы қатынастары» мамандығы бойынша және Данди қ. университетін (Шотландия) «Мұнай және газ экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

  • 1999–2009 – «ҚазТрансОйл» АҚ‑та стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы, жобаларды басқару департаментінің менеджері, бас менеджер, директордың орынбасары, кейін көліктік логистика департаментінің директоры, перспективалық даму департаментінің директоры, Бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2009–2011– «ҚМГ‑Транскаспий» ЖШС Бас директорының орынбасары, бас директоры.
  • 2012–2016 – ҚТО Бас директорының кеңесшісі, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, Бас директордың даму жөніндегі орынбасары және активтер жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
  • 2016–2018 – «KMG Systems & Services» ЖШС Бас директорының кеңесшісі.
  • 2018 жылдан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау департаментінің директоры, мұнай тасымалдау басқармасының бастығы.
  • 2022 жылдың мамыр айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары.

ҚМГ‑ның 100 акциясына иелік етеді.

Басқарма құрамына 2023 жылдың мамыр айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1983 жыл 10 қыркүйек.

Білімі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, инженер‑технолог» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2016 жылы Almaty Management University‑де МВА дәрежесін алды (Атырау қ.).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Еңбек жолын 2005 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) №2 цехының сутегін өндіру және тазарту қондырғысының басқару пультінің операторы, содан кейін сутегін өндіру және тазарту қондырғысының аға операторы және дизель отынын гидротазарту және гидропарафиннен арылту қондырғысының аға операторы қызметінен бастады. Осы кәсіпорында 2008‑2010 жылдары бастықтың орынбасары, каталитикалық риформинг қондырғысының бастығы, жобалау‑конструкторлық орталығы бастығының орынбасары, бастығына дейін өсті.
  • 2010–2011 жылдары «ROMPETROL Petromidia Refinery» (Румыния) компаниясының техникалық бөлімі менеджерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2011–2019 жылдары АМӨЗ‑де жұмыс істеді: жобаларды техникалық сүйемелдеу департаментінің директоры, бас инженер, КПА және МТӨК жобаларын техникалық сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директордың орынбасары, техникалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы, МТӨК жобасының бас технологы, өндірістік бөлімінің бастығы ‑ бас технолог, өндіріс департаментінің директоры, технология жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы.
  • 2020–2022 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ техникалық даму департаментінің директоры, техникалық даму басқармасының бастығы және мұнай өңдеу және мұнай‑химия департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
  • 2023 жылдғы наурыздан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2022 жылдың мамыр айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1979 жыл 17 қараша.

Білімі

  • Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «құқықтану, заңгер» мамандығы;
  • Дюк университетінің Құқық мектебі мен Киюшу университеті, «халықаралық құқық» мамандығы (АҚШ‑Жапония).

Жұмыс тәжірибесі

  • Әр жылдары «Титул» заң агенттігі» ЖШС (Алматы қ.) заңгердің көмекшісі, «Grata Заң фирмасы» ЖШС (Алматы қ.) заңгер, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заң кеңесшісі, «Grata Заң фирмасы» ЖШС‑нің серіктес және Ақтөбе, Бішкек қалаларында филиал үйлестірушісі, «Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V.» компаниясының Қазақстан Республикасындағы (Алматы қ.) филиалында заң қызметінің басшысы, «Интегра Менеджмент» ЖАҚ Қазақстан Республикасы бойынша заң қызметінің директоры (Алматы қ.), «Eastcomtrans» (Алматы қ. және Ақтау қ.) компаниялар тобында заң қызметінің директоры/ құқық бойынша бас кеңесші, «Greenline Services Ltd.» (Мажарстан) компаниясының аға серіктесі \\консультант қызметтерін атқарды.
  • 2022 жылы 20 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2023 жылдың мамырынан бастап кіреді.

Туған күні: 1979 жыл 20 наурыз.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық валюта‑қаржы қатынастары» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған, Йокогам ұлттық университетінің (Жапония) МВА дәрежесіне және «Корпоративтік қаржыландыру» мамандығы бойынша London Business School (Ұлыбритания) дипломына ие.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Кәсіби мансабын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және бақылау басқармасының жетекші экономисі қызметінен бастаған.
  • 2004‑2005 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінің банк мәселелері жөніндегі ассистенті болып жұмыс істеді.
  • 2006 жылдан бастап 2007 жылдар аралығында ‑ Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі.
  • 2007 – 2012 жылдары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ компаниясында түрлі лауазымдарды атқарды: директордың орынбасары, корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
  • 2012 ‑ 2016 жылдары ‑ «KMG Drilling&Services» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, қаржы директоры.
  • 2016 – 2023 жылдары «PSA» ЖШС мұнай‑газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
  • 2023 жылғы сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

Басқарма құрамына 2020 жылдың ақпан айынан бастап кіреді.

Туған күні: 1974 жыл 16 желтоқсан.

Білімі

  • О. Жәутіков атындағы Республикалық физика‑математика мектебі;
  • Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, «халықаралық құқық, заңгер» мамандығы;
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы, «халықаралық экономика және құқық» мамандығы;
  • ENI Корпоративтік университеті, Милан қ., мұнай бизнесі магистрі;
  • Мәскеулік «СКОЛКОВО» басқару мектебі, «қаржы және инвестициялар» мамандығы, Executive MBA.

Жұмыс тәжірибесі

ҚМГ компанияларының тобындағы жұмыс тәжірибесі 18 жылдан астам, оның ішінде, 14 жыл – басшы лауазымдарда.

Әр жылдарда халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры, жаңа теңіз жобаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, одан кейін директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ‑та жобаларды басқару тобының жетекшісі, бас директордың кеңесшісі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру бизнесін сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры, аппарат басшысы – дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанаматүрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы Басқарма құрамы
Мырзағалиев М.М. Басқарма Төрағасы
Абдулғафаров Д.Е. Басқарма Төрағасының орынбасары
Брекешев С.А. Басқарма Төрағасының орынбасары
Закиров Б.Қ. Басқарма Төрағасының орынбасары
Макеев Д.С. Басқарма Төрағасының орынбасары
Арысова Д.А. Басқарма Төрағасының орынбасары
Лавренов В.С. Басқарма Төрағасының орынбасары
Хасанов Д.К. Басқарма Төрағасының орынбасары
Құдайбергенов Қ.М. Басқарма Төрағасының орынбасары
2023 жылдың Жылдық есебін бекіту кезіндегі Басқарма құрамы
Мырзағалиев М.М. Басқарма Төрағасы
Абдулғафаров Д.Е. Басқарма Төрағасының орынбасары
Брекешев С.А. Басқарма Төрағасының орынбасары
Закиров Б.Қ. Басқарма Төрағасының орынбасары
Макеев Д.С. Басқарма Төрағасының орынбасары
Арысова Д.А. Басқарма Төрағасының орынбасары
Лавренов В.С. Басқарма Төрағасының орынбасары
Союнов Н.Д. Басқарма Төрағасының орынбасары
Құдайбергенов Қ.М. Басқарма Төрағасының орынбасары