Кредиттік рейтингтер

ҚМГ кредиттік рейтингтерді инвестициялық деңгейде ұстап тұруға, жоғары кредиттік профилін сақтап тұруға және адал қарыз алушы ретінде компанияның іскерлік имиджін сақтауды қамтамасыз етуге ниетті. 2023 жылы қаржылық тұрақтылыққа қатысты жүргізілген іс‑шаралардың нәтижесінде ҚМГ кредиттік рейтингі жоғарылды.

ҚМГ рейтингтерінің динамикасы

  • 2023 жылы 9 наурызда Standard & Poor’s рейтингтік агенттігі Компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растап, болжамдыдан «тұрақты» етіп қайта қарады. Бұл агенттіктің Қазақстанға қатысты рейтинг беру қызметін көрсетеді (рейтинг «ВВВ‑» деңгейінде расталды, болжам «тұрақты» болып қайта қаралды).
  • 2023 жылы 3 мамырда Standard & Poor’s рейтингтік агенттігі мемлекеттік қолдау ықтималдығын «жоғары» деңгейден «өте жоғары» деңгейге көтерді, Компанияның рейтингі өзгеріссіз қалды.
  • 2023 жылы 22 маусымда Fitch рейтингтік агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингін «BBB –»‑дан «ВВВ»‑ға дейін көтерді, дербес кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылуы негізінде болжам «тұрақты». ҚМГ рейтингі Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне тең.
  • 2023 жылы 13 желтоқсанда Moody’s рейтингтік агенттігі ҚМГ‑ның кредиттік рейтингін «Baa2» деңгейінде растады, болжам меншікті кредит төлеу қабілеттілігі рейтингісінің жоғарылауы аясында «позитивті» болып қайта өзгерді. ҚМГ рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингісіне тең.
  • 2023 жылы 26 желтоқсанда Standard & Poor’s рейтинг агенттігі ҚМГ-ның кредиттік рейтингін BB+ деңгейінде растап, меншікті кредит қабілеттілігі рейтингін «BB-»-ден «BB»-ге өзгертті.
ҚМГ кредиттік рейтингтері
Moody’s S&P Fitch
Baa1 BBB+ BBB+
Baa2 («жағымды») BBB BBB («тұрақты»)
Baa3 BBB− BBB−
Инвестициялық деңгейі
Ba1 BB+ («тұрақты») BB+
Ba2 BB BB
Ba3 BB− BB−
Қазақстанның егеменді рейтингтері
Moody’s S&P Fitch
Baa2 («жағымды») BBB– («тұрақты») BBB («тұрақты»)