Денсаулық сақтау, өнеркәсіптегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Бастамалар мен бағдарламаларға қатысу

Дүниежүзілік Банктің 2030 жылға қарай ілеспе газды жағу тәжірибесін толығымен тоқтату бастамасы

БҰҰ‑ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсаты бастамасы

CPD климат бойынша бағдарламасы

Метан деңгейін төмендету жөніндегі жаһандық бастама

Caspian Environmental Protection Initiative

Caspian Environmental Protection Initiative – CEPI

Международная ассоциация производителей нефти и газа

Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы – IOGP

Негізгі көрсеткіштер

Әлеуметтік көрсеткіштер
Көрсеткіш 2021 2022 2023
Жұмыс уақытын жоғалтқан жазатайым оқиғалардың коэффициенті (LTIR) 0,31 0,36 0,30
Өлім‑жітім коэффициенті (FAR) 2,93 1,00 2,11
Өлім‑жітім саны 1 1 2
Экологиялық көрсеткіштер
Көрсеткіш 2021 2022 2023
NОx шығарындылары, көмірсутек шикізатын өндірудің 1 мың тоннасына, тонна 0,24 0,31 0,36
SОx шығарындылары, көмірсутек шикізатын өндірудің 1 мың тоннасына, тонна 0,22 0,21 0,23
Мұнай құрамындағы ілеспе газды жағу қарқындылығы, көмірсутек шикізатын өндірудің 1 мың тоннасына, тонна 2,1 1,5 1,4

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі

Денсаулық сақтау, өнеркәсіптегі қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджмент жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының, ISO 14001 және ISO 45001 салалық және халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленген, үздік әлемдік тәжірибелер мен тәсілдерді, Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (International Association of Oil & Gas Producers, IOGP) ұсынымдарын пайдалана отырып, көшбасшылық, тәуекелдерді басқару және үздіксіз жетілдіру сияқты іргелі принциптерге негізделетін 10 негізгі элементтен тұрады.

2006 жылдан бастап ҚМГ‑де ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 талаптарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілді. Едәуір деңгейде энергия тұтынатын еншілес және тәуелді ұйымдар ISO 50001 стандартына сәйкес сертификатталған. Интеграцияланған басқару жүйесінің тиімділігін тәуелсіз аудиторлар бағалап отырады.

Менеджмент жүйесін (МЖ) жетілдіру мақсатында ҚМГ Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша ISO 45001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталады.

МЖ мақсаты – ДС, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару үшін ортаны қамтамасыз ету. МЖ жұмыс нәтижелері ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің жарақаттануы мен денсаулығына залалдың алдын алуды, сондай‑ақ жұмыс орнында жұмысшының денсаулығы мен еңбек жағдайы тұрғысынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Тиісінше, ҚМГ үшін тиімді алдын алу шараларын қабылдау арқылы ДС, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы тәуекелдерді болдырмау немесе азайту аса маңызды.

2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында МЖ бойынша жаңа редакциядағы басшылықты жаңарту және бекіту бойынша жұмыс жүргізілді, онда ДС, ӨҚ және ҚОҚ саласын жақсартуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар қосылды:

  1. ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің ҚМГ‑ның өмір үшін маңызды қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету бойынша басшылардың жауапкершілігі;
  2. ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына не қоршаған ортаға негізді түрде қауіп төндіретін ықтимал қауіпті жағдай туындаған кезде жұмыстан бас тартуға немесе тоқтатуға заңды құқық кепілдігін беру;
  3. денсаулық үшін тәуекелдерді бағалауға негізделген ҚМГ компаниялар тобында персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және енгізу;
  4. ҚМГ компаниялар тобы мен мердігерлер қызметкерлерін тәуекелдерді басқару процестеріне тарту, «Қорғау» картасын қолдану арқылы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтау және хабардар ету.

Құжаттаманың жарамдылығы мен сәйкестігін сақтау мақсатында 2023 жылы бірқатар ішкі регламенттеуші құжат қайта қаралды:

  1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу кезінде өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі регламент;
  2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламент;
  3. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы оқиғаларды хабарлау және тергеп‑тексеру тәртібі туралы ереже;
  4. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі стандарт.

2023 жылы 5 қазанда ҚМГ ДК және Басқарма мүшелерінің, ТШО, НКОК және ҚПО өкілдерінің, сондай‑ақ ҚМГ ЕТҰ‑ның 44 бірінші басшысының қатысуымен «Қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы көшбасшылық» тақырыбында ҚМГ бас директорларының форумы өтті. JMJ халықаралық компаниясының сарапшылары қауіпсіздік мәдениетіндегі көшбасшылық бойынша семинар өткізді. ТШО, НКОК және ҚПО өкілдері оқиғаларға тергеу жүргізу және оның салдарын басқару бойынша тәжірибелерін ортаға салды.

ҚМГ қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға және біздің қызметімізбен байланысты барлық адамның денсаулығын қорғауға, сондай‑ақ жұмыс істейтін өңірлерде экологиялық тұрақтылықты сақтауға басымдық береді. Бұл құндылықтар біз үшін даусыз», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Экологиялық жауапкершілік және қауіпсіздік

2023 жылғы негізгі көрсеткіштер:

0,23 (IOGP — 0,09)
SOx шығарындыларының қарқындылығы
98,9 %
ІМГ пайдалану коэффициенті
С 
CDP Климат рейтингі
0,36 (IOGP — 0,35)
NOx шығарындыларының қарқындылығы
1  145  мың тонна
Тарихи қалдықтар мен мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру (2022 жылы — 693,7 мың тонна)
С 
CDP су қауіпсіздігі рейтингі
1,4 (IOGP — 8,6)
Ілеспе мұнай газының жану қарқындылығы
6 %
Энергия тұтынудың төмендеуі (2022 жылмен салыстырғанда)
Экологиялық көрсеткіштер, КСШ өндірудің м.э. 1 мың тоннасына шаққанда, тонна
Жыл SOx шығарындыларының қарқындылығы NOx шығарындыларының қарқындылығы Шикі газды жағу қарқындылығы Шикі газды утилизациялау деңгейі, %
2021 0,22 0,24 2,1 98
2022 0,21 0,31 1,5 98,8
2023 0,23 0,36 1,4 98,9

ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін басқару жөніндегі мақсаттар ҚМГ компаниялар тобының даму стратегиясымен тікелей байланысты. ҚМГ‑ның 2031 жылға дейінгі Даму стратегиясы экологиялық жауапкершілікті арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларды көздейді. ҚМГ компанияларының тобы үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындыларды басқаруды және газды факелде жағуды қысқартуды, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқаруды және жерді қалпына келтіруді қамтиды.

ҚМГ мен ЕТҰ‑ның басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту бойынша біздің маңызды міндеттеріміздің бірі – шикі газды пайдалану мен утилизациялауды арттыру, газды факелде жағуды барынша азайту.

Бекітілген Экологиялық саясатқа сәйкес, Компания газды атмосфералық ауаға факелде тұрақты түрде жағу көлемін нөлге жеткізуге тырысады.

Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайту мақсатында 2015 жылы Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемдері бойынша есептілік жыл сайын тапсырылады.

Компания экологиялық жауапты бизнес жолымен жүруді жалғастыра келе, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытады, осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізеді, осылайша компанияның экологиялық саясатында көрсетілген өз міндеттемелерін орындайды.

ҚМГ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау қаласында «Атырау экология диалогы: Экология және өнеркәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік» тақырыбында конференция өткізді. Іс‑шара барысында экологиялық жобалар, сондай‑ақ компания активтеріндегі атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі іс‑шаралар кеңінен талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың бес жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында Атырау облысының әкімдігі мен ҚМГ арасында Атырау қаласын көгалдандыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауыты үш жыл ішінде Талғайран ауылының маңында орналасқан Соколок каналының бойына 10 мың ағаш отырғызады. Сонымен қатар, 2023 жылы АМӨЗ әкімдікке тамыр жүйесі жабық, жетілген 200 түп күлтелі ағаш берді. Ағаштар ретросаябақтың аумағына отырғызылады.

Осы бастаманы жалғастыра отырып, қазан айында компанияның 300‑ге жуық қызметкері корпоративтік экологиялық акцияға шығып, ағаш отырғызды.

2023 жылдың қыркүйегінде Компания миллиондаған адам бірігіп, табиғатқа деген қамқорлығын көрсетіп, оны қоқыстан тазартуға бағытталған «World Clean up day» экологиялық акциясы аясында экологиялық челлендж ұйымдастырды. Бұл бастаманы ӨМГ, ҚБМ, ЕМГ, ММГ, АМӨЗ, ПҚОП, ПМХЗ, CaspiBitum, ҚазГӨЗ, OSC секілді ҚМГ‑ның өзге де еншілес ұйымдары қолдады. Нәтижесінде, барлық өңір бойынша 900 тоннадан астам қоқыс жиналды, бұл көлемі бойынша 5 қабатты ғимаратқа тең.

2023 жылы компанияда KMG‑Volunteer еріктілер қозғалысы жұмысын бастады. Волонтерлік қозғалыстың іс‑шаралар жоспарына сай және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында волонтерлер елордадағы Ә. Бөкейхан атындағы № 76 мектеп‑лицейінің аумағына ағаш отырғызды. ҚМГ оқу орнына 129 түп ағаш сыйлады.

Қызметкер

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым жобалар

Тарихи жиналған ластануларды жою

Бұрыннан жиналған ластануларды жою, сондай‑ақ қоршаған ортаға теріс әсер ету көздерін жою (жұмыс істемейтін ұңғымалар, сарқынды су жинағыштар, полигондар және өзге де өндірістік объектілер).

Қоршаған ортаға шығарындыларды азайту

Технологиялық шешімдерді жетілдіру жолымен қоршаған ортаға бөлінетін шығарындыларды азайту, мысалы, технологиялық пештерде отын ретінде пайдаланылатын отын мазутын отын/табиғи газға ауыстыру, жаңа буын қоспаларын пайдалану, өндірістік объектілердің аумағын көгалдандыру және абаттандыру, жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс‑шаралар, газды өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттарды кеңейту, газды өңдеу жөніндегі қондырғыларды салу және т.б. Шығарындыларды азайту жөніндегі негізгі мақсаттарды белгілеу ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу шеңберінде жоспарланады.

TAZALYQ жобасы

TAZALYQ жобасы «АМӨЗ» ЖШС ағынды суларды тазарту құрылыстарын жаңғыртуды, сондай‑ақ «Тухлая балка» алаңын рекультивациялауды көздейді.

Қаражанбас кен орнындағы қабат суын тұщыту зауыты

Қабат суын тұщыту зауыты осы өңірде стратегиялық маңызды рөл атқарады, оның іске қосылуы кен орнын өзін‑өзі сумен қамтамасыз етуге және өңір халқының мұқтаждықтары үшін судың едәуір көлемін бағыттауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған экологиялық мониторинг ақпараттық жүйесі

Автоматтандырылған экологиялық мониторинг ақпараттық жүйесі қоршаған ортаны қорғау саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға арналған және келесі маңызды міндеттерді қамтиды: мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы есептілікті қалыптастыру процестерін автоматтандыру; нормативтік рұқсат беру құжаттарының дерекқорын жүргізу және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдерді есептеу; өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаның жай‑күйіне жедел мониторинг жүргізу.

Тарихи мұнай қалдықтарын қалпына келтіру және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту

2024 жылға дейін тарихи мұнай қалдықтарын толық утилизациялау және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту.

Су ресурстарын басқару бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты – су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру және су алу мен су тұтынуды қысқарту жөніндегі іс‑шараларды, мақсатты көрсеткіштерді айқындау, айналымды сумен жабдықтауды және суды қайта пайдалануды арттыру, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және ЕТҰ бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, жалпы алғанда, төгінділер көлемін және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.

ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелері бойынша персоналды оқыту

Персонал – маңызды актив, сондықтан ҚМГ компаниялар тобында ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін оқытудағы қажеттілік сұранысқа ие болып қала береді. Осыған байланысты персоналды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру – басым бағыттардың бірі.

2021 жылдан бастап ҚМГ Корпоративтік орталығының қызметкерлерін қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт‑техникалық минимум бойынша міндетті оқыту «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС платформасында жүргізілуде.

2023 жылы ҚМГ компаниялар тобының 108 464 қызметкерін оқытуға 938 991,09 мың теңге жұмсалды. Оның ішінде ӨҚ, ЕжҚОҚ саласында мынадай негізгі бизнес‑бағыттар: «Өндіру» — 482 964,4 мың теңге, «Тасымалдау» — 143 839 мың теңге, «Өңдеу» — 196 533,5 мың теңге, «Сервис» — 110 614,9 мың теңге, ҚМГ корпоративтік орталығы — 5 039,2 мың теңге.

Қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығыстар
Көрсеткіш 2021 2022 2023
Оқыған қызметкерлер саны 61 678 79 071 108 464
Сомасы, мың теңге 498 714 504 548,6 938 991,09
Негізгі бизнес‑бағыттарға бөле отырып ӨҚ, ЕжҚОҚ бойынша оқыту
Бизнес бағыты Жұмысшылар саны Сомасы, мың теңге
Өндіру 56 867 482 964,4
Тасымалдау 17 046 143 839
Өңдеу 17 802 196 533,5
Сервис 16 668 110 614,9
ҚМГ корпоративтік орталығы 81 5039,2

ӨҚ, ЕжҚОҚ бойынша оқыту «70/20/10» «жұмыс орнында/ ішкі/ сыртқы» оқыту моделі бойынша қолда бар оқу‑курстық комбинаттар/орталықтар базасында жүргізіледі. Тәжірибелі қызметкерлер арасында тәлімгерлік және ішкі тренинг бойынша бағдарламалар іске асырылады, шеберлік сыныптары мен тренингтер, үздік қызметкерлер арасында түрлі конкурстар өткізіледі, бұл ішкі коммуникацияларды жетілдіруге және қызметкерлерді өз кәсібінде үздік болуға ұмтылуға ынталандыруға мүмкіндік береді.

ӨМГ (Жаңаөзен қ.), ҚТО (Ақтау қ.), «Oil Services Company» ЖШС (Ақтау қ.) және «ҚМГ‑Инжиниринг» ЖШС (Астана қ.) меншікті оқу‑курстық комбинаттары/орталықтарына ие.

Энергия үнемдеу және тиімділікті арттыру бағдарламалары

Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру

Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, бұл – осы қызметтегі жүйелік басқару бойынша жалпыға бірдей танылған үздік халықаралық практика.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасын орындау шеңберінде 2022 жылғы желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік энергетикалық саясаты әзірленді және бекітілді, ол ҚМГ‑ның барлық еншілес тәуелді ұйымдарына, сондай‑ақ мердігер ұйымдарға қолданылады.

Саясат энергияны тұтыну тұрғысынан тиімді сатып алулар мен жобалық қызметке қолдау көрсетеді, энергетикалық менеджмент бөлігіндегі жауапкершілікті айқындайды және экономикалық орындылыққа назар аудара отырып, ең жақсы қол жетімді әдістерді, халықаралық тәжірибелерді, стандарттар мен әкімшілік шешімдерді енгізуді қолданады, энергия үнемдеуге және энергетикалық тиімділікті арттыруға бағытталған және 2022‑2031 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Төмен көміртекті даму бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі және мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді белгілеу және талдауға негіз береді.

2022 жылғы желтоқсанда компанияның барлық ЕТҰ‑да ұқсас саясаттар бекітілді және ішкі құжаттарды «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ корпоративтік энергетикалық саясатына сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілді.

2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару жөніндегі регламент бекітілді. Регламент энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару шеңберінде ҚМГ компаниялар тобы бөлімшелері мен қызметкерлерінің өзара іс‑қимыл тәртібін, өкілеттіктері, міндеттері мен жауапкершілік деңгейін айқындайды.

Энергия ресурстарын тұтыну

Компанияның корпоративтік орталығы энергия тұтыну және энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша деректерді жинайды және талдайды, прогресті бақылайды және жақсарту мүмкіндіктерін анықтайды, өткен кезеңмен және саладағы ұқсас компаниялардың (IOGP) көрсеткіштерімен салыстырады.

2023 жылы барлығы 124,1 млн ГДж (4 088 мың. тонна ш.о.т.) отын‑энергетикалық ресурстар (2022 жылмен салыстырғанда 6% аз, энергия ресурстарын тұтыну көлемінің төмендеуі ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс‑шаралар жоспарын орындаумен байланысты), оның ішінде электр энергиясы – 12,9 млн ГДж, жылу энергиясы – 3,8 млн ГДж, мотор отыны – 1,6 млн ГДж және қазандық пеш отыны – 105,8 млн ГДж (бұл ретте энергия ресурстарын жалпы тұтыну көлемінен мұнай зауыты газы – 24%, табиғи газ – 22%, бензин газы – 15% және ілеспе мұнай газы – 9%). Энергия тұтыну көлемі «мұнай және газ өндіру», «мұнай тасымалдау» және «мұнай мен газ өңдеу» үш бизнес бағыты арасында бөлінген.

2023 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша өндірілетін меншікті энергия көлемі 740 мың кВт электр энергиясына және 3 988 мың Гкал жылу энергиясына жетті.

2023 жылы ЖЭК‑ті қолдауға бағытталған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, АМӨЗ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу‑қаржы орталығы» ЖШС‑нан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген өз қажеттіліктері үшін 3 741 мың кВт көлемінде электр энергиясын сатып алды. 2023 жылы ПҚОП және «CASPIBITUM» БК» ЖШС аумағында көше жарығы үшін күн панельдері сағатына 101 мың кВт электр энергиясын өндірді.

Отын түрлері бойынша энергия ресурстарын тұтыну, %
Бизнес‑бағыттар бойынша энергия тұтыну құрылымы

Энергия тұтынуды азайту

ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін дамытудағы негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай‑ақ ілеспе мұнай газын пайдалана отырып меншікті генерациялау көздерін, дамыту.

2023 жылы 1 шілдеден бастап электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу‑сатуды (бірыңғай сатып алушы тетігі) және нақты уақыт режимінде электр энергиясын теңестіруші нарықты енгізу жолымен электр энергиясының көтерме сауда нарығы (ЭКН) реформаланды.

Жаңа тетік шеңберінде ел бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық тұтынушылары үшін электр энергиясына бірдей тариф белгіленеді, сондай‑ақ жіберілген теңсіздіктер үшін қаржылық жауапқа ЭКН субъектілері тартылады.

ҚМГ ЕТҰ‑ы қазірдің өзінде электр энергиясының көтерме нарығында жұмыс істейді.

2023 жылы төмен көміртекті даму жоспары бойынша 60 іс‑шара орындалды, отын‑энергетикалық ресурстардың есептік жылдық үнемделуі 653,2 мың ГДЖ құрады, заттай мәнде – 12 312 мың кВт электр энергиясы, 8 276 Гкал жылу энергиясы, 2 489 тонна қазандық‑пеш отыны және 13 149 мың м3 табиғи газ, бұл шығарындыларды 45 054 тонна СО2 деңгейінде азайтумен тең. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі іс‑шараларды іске асыруға жұмсалған жалпы шығындар 3 509 млн теңгені құрады.

Энергия сыйымдылығы

2023 жылы көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша меншікті энергия тұтыну ҚМГ компаниялар тобы бойынша орташа алғанда өндірілген көмірсутек шикізатының тоннасына 2,7 ГДж құрады, бұл 2022 жылы өндірілген көмірсутектердің тоннасына 1,5 ГДЖ құраған IOGP көрсеткішінен 80% жоғары.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша орташа көрсеткіш ӨМГ мен ҚБМ‑дегі жоғары үлестік тұтыну есебінен бұрмалауға ұшырағандықтан, нақты көрінісі бола алмайды. Қаражанбас кен орнында мұнайды жерасты қабаттарынан бумен және ыстық сумен ығыстыру арқылы ғана өндіруге болатындығына байланысты IOGP деректері бойынша бір тонна КБМ көмірсутектерін өндіруге жұмсалатын энергия ресурстарының үлестік шығындары әлемдік орташа көрсеткіштен 6 есе көп. Бір тонна ӨМГ көмірсутегін өндіруге жұмсалатын энергия шығынының көрсеткіші IOGP мәліметтері бойынша әлемдік орташа көрсеткіштен 2,3 есе артық. Бұл өндірілетін мұнайда еріген парафиндердің көп болуына және реологиялық қасиеттеріне байланысты, нәтижесінде мұнай өндіру және тасымалдау процесінде оны тек қыста ғана емес, жазда да жылыту қажет.

ЖЭК

Бұдан басқа, ТКДБ‑ны іске асыру жоспарында энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуден басқа, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға және офсеттік саясатты іске асыруға айтарлықтай назар аударылады, бұл көміртегі ізін азайтуға мүмкіндік береді.

ҚМГ төмен көміртекті сутекті өндіру үшін ресурстық әлеуетті, құрылысқа инвестициялардың техникалық мүмкіндігін, коммерциялық және экономикалық орындылығын айқындау және бағалау, сондай‑ақ мұнай беру көлемін арттыру үшін мұнай‑газ кен орындарында көмірқышқыл газын қайта айдай отырып, «көгілдір» сутекті өндіру мүмкіндіктерін айқындау үшін техникалық‑экономикалық есептеу жүргізіп жатыр.

Осылайша, классификацияға сай болу үшін «көгілдір» сутегі өндірісі мен көмірқышқыл газын тұту, тасымалдау және сақтау технологиялары қатар жүреді.

ҚМГ көмірсутек шикізатын өндіру операторы ретінде процестердің көміртегі сыйымдылығы талаптарына сәйкес көмірқышқыл газын ұстауды және көмуді қамтамасыз ете отырып, табиғи және (немесе) ілеспе мұнай газын бу риформингі немесе пиролиздеу әдісімен сутегін өндіру мүмкіндігіне ие.

Климаттың өзгеруі және парник газдарының шығарындылары

Басқару

ҚМГ‑ның ұзақ мерзімді даму стратегиясында климаттық аспектілер бойынша мынадай басым бағыттар белгіленді.

  1. Парник газдарының атмосфераға шығарындыларын басқару;
  2. Шикі газды тұрақты алау етіп жағуды қысқарту;
  3. Өндірілген өнім көлеміне шаққанда, шығарындылардың қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту және энергия тиімділігін арттыру;
  4. Метанның ағуын азайту;
  5. Жасыл жобаларды қаржыландыруды ұлғайту.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің жаһандық тренді бүкіл әлемдегі компаниялардың қызметіне әсер етіп жатыр. ҚМГ елдің төмен көміртекті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын қолдау мақсатында, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және тұрақты даму қағидаттарына жауап беретін 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. ҚМГ даму стратегиясына сәйкес, көміртегі ізін біртіндеп төмендету – Компания дамуының негізгі бағыттарының бірі.

Бағдарламаның операциялық процестердің энергия тиімділігін арттыру және ЖЭК жобаларын іске асыруға арналған негізгі бағытынан басқа, Компания сондай‑ақ декарбонизация бойынша қосымша шараларды, атап айтқанда, көміртекті тұту, сақтау және утилизациялау (CCUS), сутегі энергетикасын дамыту, орман‑климат салаларындағы жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр.

2021 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді, ол парник газдарының тікелей және жанама шығарындыларын 2019 жылғы деңгейден 15%‑ға қысқартуды көздейді. Сонымен қатар, биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тәуекелдер мен мүмкіндіктер

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі – Корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Ол стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге кері әсер етуі мүмкін жағдайларды дер кезінде анықтауға, бағалауға, мониторинг жүргізуге және азайтуға бағытталған. Осы тәуекелдерді барынша азайту мақсатында, Компания іс‑шаралар кешенін жүзеге асырады. Тәуекелдер бойынша есеп Директорлар кеңесіне тоқсан сайын ұсынылады.

Ақпаратты жария ету

ҚМГ CDP климат бойынша сауалнамасына сай 2019 жылдан бастап парник газдарының тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректерді, парник газдарының шығарындыларын басқару мәселелерін, Румыния мен Грузиядағы халықаралық активтерді қоса алғанда, ҚМГ‑ның барлық активтері бойынша негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктерді жария етеді.

2023 жылы шілдеде 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ‑ның Климат бойынша сауалнамасы жарияланды. Есепке сәйкес, 2022 жылдың нәтижелері бойынша ҚМГ компанияларының тобында көмірқышқыл газының тікелей шығарындыларының көлемі 7,6 млн тонна СО2 (8,1 млн тонна СО2 экв.) құрады. СО2 эквивалентіндегі деректер IPCC Fifth Assessment Report (метан – 28, азот оксиді – 265) жаһандық жылыну потенциалының коэффициенттерін пайдалана отырып ұсынылған.

Әрбір ЕТҰ бойынша парник газдарының тікелей шығарындылары бойынша деректер тәуелсіз аккредиттелген ұйымдармен расталған. 2023 жылғы Ақпарат CDP есебінде 2024 жылдың 3 тоқсанында жарияланады. Ақпаратты жариялау кезінде ҚМГ жүйелілік пен салыстырмалылық қағидатын ұстанады және ақпаратты бөлісудің толықтығын арттыру және үшінші деңгейдегі жанама шығарындылар бойынша есептілік салаларын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізеді.

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2020 2021 2022
Тікелей шығарындылар (Scope 1) млн  тонна СО 2 ‑экв. 15,8 10,6 8,1
Жанама шығарындылар (Scope 2, географиялық әдіс) млн  тонна СО 2 ‑экв. 3,5 3,3 3,3
Жанама шығарындылар (Scope 2, нарық әдісі) млн  тонна СО 2 ‑экв. 3,5 3,3 3,2
Жанама шығарындылар (Scope 3) млн  тонна СО 2 ‑экв. 61,3 62,1 61,8

Шикі газды тиімді пайдалану

Газды факелде жағуды қысқарту – ҚМГ компаниялар тобы үшін басым міндеттердің бірі. Бекітілген экологиялық саясатқа сәйкес, Компания газды атмосфералық ауаға тұрақты факел арқылы тұрақты жағу деңгейіне нөлге жеткізуге тырысады. ҚМГ газды тиімді пайдалану мәселелеріне көбірек көңіл бөлуде. Осылайша, соңғы 6 жылда шикі газды факелде жағу көлемі 89% қысқарды (2017 жылғы көлем – 315,8 млн м3). 2023 жылдың қорытындысы бойынша шикі газды пайдалы қолдану 98,9%‑ға жетті. Газды факелде жағу көлемінің төмендеуіне ЕМГ‑де күкіртті сутектен тиімді тазартатын газды кешенді өңдеу қондырғысының іске қосу қосылуы әсер етті. Сондай‑ақ, ҚОА компаниясының «Қожасай» кен орнында қуаты жылына 226 млн м3 тауарлық газды құрайтын заманауи газ өңдеу кешені пайдалануға берілді.

2023 жылы шикі газды утилизациялау 98,9%‑ға жетті. Шикі газды факелде жағу көрсеткіші өндірілген көмірсутек шикізатының 1 мың тоннасына шаққанда 1,4 тонна деңгейінде (2022 жылы – 1,5, 2021 жылы – 2,1). бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7% және салалық орташа IOGP көрсеткішінен 84% төмен.

ҚМГ 2015 жылы Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық утилизациялау» бастамасын қолдады. Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайтуға тырысады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемі жөніндегі есептілік жыл сайын Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы өкілдігіне тапсырылады.

Шикі газды факелде жағу көлемі
Көрсеткіш 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
Жалпы шикі газды факелде жағу көлемі, млн м3 315,8 148,9 80,2 57,6 52,5 35,7 33,3
Шикі газды тиімді пайдалану деңгейі, % 85 93 97 98 98 98,8 98,9
Шикі газды жағу қарқындылығы, өндірілген КСШ 1 мың тоннасына 11 6 2,95 2,2 2,1 1,5 1,4
Қалдықтарды утилизациялау

ҚМГ‑ның өндірістік қызметі барысында өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болады. ҚМГ компанияларының тобында қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар кешені әзірленуде және іске асырылуда, түзілген және жинақталған қалдықтардың, оның ішінде мердігер компаниялардың қалдықтарының есебі жүргізіледі, қалдықтарды қалпына келтіргенге дейін немесе жойғанға дейін оларды қауіпсіз жинақталады. 2022 жылы түзілген және жинақталған қалдықтарды қалпына келтіруге арналған ҚМГ шығыстары 17,8 млрд теңгеге жетті.

Қалдықтарды қалпына келтіру әдістерін таңдау кезінде басымдық заманауи технологияларға, оның ішінде қоршаған ортаны қайта ластамайтындарына берілетінін атап өткен маңызды.

2019 жылы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚМГ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол бойынша 2024 жылға дейін бұрыннан жиналған қалдықтарды утилизациялау және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту бойынша жұмыстарды орындау міндеттемесі қарастырылған. Меморандумға ММГ, ӨМГ және ҚБМ қосылды.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап келісімшарттық аумақтар түгенделді, ол бойынша қалдықтардың сипаттамалары, қалдықтардағы мұнай өнімдерінің құрамы және жалпы көлемі айқындалды. Осы түгендеу негізінде мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтірудің тиісті жобалары әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісілді, жобалардың шеңберінде мұнаймен ластанған қалдықтарды утилизациялаудың қауіпсіз және тиімді технологиялары таңдап алынды және ұсынылды, 2024 жылды қоса алғанда, мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіруді жүргізу кестесі жасалды.

Сонымен бірге, ЕМГ мен ҚТМ меморандумдағы міндеттемеге кірмегеніне қарамастан, мұнда да бұрыннан ластанған жерлерді жинау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Аталған компаниялар құрамында мұнайы бар бұрыннан жиналған қалдықтарды утилизациялау және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жөніндегі жұмыстарды орындауға мамандандырылған ұйымдармен ұзақ мерзімді шарттар жасасты.

2023 жылы ҚМГ ЕТҰ объектілерінде 1 145 мың тонна тарихи қалдық утилизацияланды, олардың орны қалпына келтірілді.

ҚМГ компаниялар тобында қалдықтарды басқару жөніндегі корпоративтік стандарттың жобасы әзірленді, оны 2024 жылы бекіту жоспарланып отыр. Стандартта Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қалдықтарды басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде ЕТҰ жауапты тұлғаларының қадам бойынша әрекеттері көрсетілген. Стандарт – өндірістік объектілердегі қалдықтарды басқару мәселелері бойынша жұмыста басшылыққа алынатын құжат.

Қалдықтарды бөлек жинау мен қайта пайдалануды енгізу шеңберінде 2023 жылы ҚМГ ғимаратында алюминий банкаларды, пластикалық бөтелкелерді және шыны ыдыстарды қабылдау бойынша терминалдар (фандомат) орнатылды. 2023 жылы фандомат одан әрі утилизациялау үшін 17 516 пластикалық бөтелке мен 3 403 алюминий банка қабылдады.

Активтерді шығару бойынша міндеттемелер

Мұнай‑газ активтері

Заңнамаға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, белгілі бір келісімшарттардың талаптары бойынша ҚМГ‑ның негізгі құралдарды демонтаждау, жою және әрбір кен орнындағы жер учаскелерін қалпына келтіру бойынша заңды міндеттемелері бар. Атап айтқанда, ҚМГ міндеттемелеріне барлық өнім бермейтін ұңғымаларды біртіндеп жабу және құбырларды, ғимараттарды демонтаждау мен келісімшарттық аумақты қалпына келтіру, сондай‑ақ пайдаланудан шығару сияқты қызметті түпкілікті тоқтату және өндіріс учаскесіндегі қоршаған ортаны ластауға жол бермеу жөніндегі міндеттемелер бойынша шаралар қабылдау жатады.

Компания активтердің шығарылуы бойынша міндеттемелерді әрбір келісімшарт бойынша жеке есептейді. Міндеттеме сомасы инфляцияның болжамды деңгейіне түзетілген және өтпелі экономикасы бар елдердің мемлекеттік борышы бойынша қазақстандық нарыққа тән тәуекелдерге түзетілген орташа ұзақ мерзімді тәуекелсіз проценттік мөлшерлемелерді пайдалана отырып, дисконтталған міндеттемелерді өтеу үшін талап етілетін бағаланған шығындардың ағымдағы құны болып табылады.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша компанияның мұнай‑газ активтерін жою жөніндегі міндеттемелерге арналған резервінің баланс құны 124 млрд теңгені (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 88 млрд теңге) құрады (толығырақ Шоғырландырылған қаржылық есебінің 30‑ескертпесінде).

Магистральды мұнай құбырлары және газ құбырлары

2012 жылдың 4 шілдесінде күшіне енген Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» Заңына сәйкес, ҚТО‑ның (ҚМГ‑ның еншілес ұйымы) магистральды құбырды пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жою және кейіннен қоршаған ортаны қалпына келтіру, оның ішінде жерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізу бойынша заңды міндеттемесі бар. Құбырларды жою және жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттемеге арналған резерв ҚМГ‑ның демонтаж және рекультивациялау жұмыстарының құнына жүргізген есебінің негізінде бағаланады. 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, ҚМГ компаниялар тобының құбырларды жою және тиісті жерлерді рекультивациялау жөніндегі міндеттеме бойынша резервінің баланс құны 46 млрд теңгені (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша — 41 млрд теңге) құрады (толығырақ Шоғырландырылған қаржылық есебінің 30‑ескертпесінде).

Экологиялық оңалту

ҚМГ сондай‑ақ экологиялық тазарту жұмыстары мен оңалтуға арналған міндеттемелер бойынша резервтерді қалыптастыру бойынша бағалау жүргізеді және пайымдау шығарады. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығын болашақ экономикалық пайдаға қарай және оған қатысты себептерге байланысты капиталдандырылады.

Компанияның экологиялық оңалтуға арналған резерві ҚМГ компаниялар тобының қолданыстағы қазақстандық және еуропалық нормативтік базалардың талаптарын орындауы үшін қажет шығындардың тәуелсіз бағасына негізделген басшылықтың тиімді бағасын білдіреді. 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша экологиялық міндеттемелер бойынша резервтің баланс құны 39 млрд теңгені құрады (2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша – 681 млрд теңге) (толығырақ Шоғырландырылған қаржылық есебінің 36‑ескертпесінде).

Су ресурстарын қорғау

Су – ҚМГ‑ның барлық өндірістік процестерінің ажырамас бөлігі. ҚМГ БҰҰ‑ның жаһандық шартының қағидаттарын ұстанады және өз қызметіне Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) қолданады. Компания барлық 17 ТДМ‑ды ұстанады, солардың бірі – № 6 мақсат. «Таза су және санитарлық тазалық». Компания өз қызметінде су тұтыну көлемін қысқартуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, суды қайталап және айналымда пайдалануды ұлғайтуға, ағын сулардың сапасын арттыруға және табиғи су объектілеріне әсерін барынша азайтуға ұмтылады.

ҚМГ – көмірсутектерді өндірумен, тасымалдаумен және өңдеумен айналысатын вертикалды интеграцияланған компания. Барлық процестер судың едәуір мөлшерін талап етеді. ҚМГ суды жерүсті, жерасты көздерінен, муниципалдық сумен жабдықтау жүйелерінен және Каспий теңізінен алады. ҚМГ кәсіпорындарының сарқынды суларының негізгі қабылдағышы (және соңғы пункті) келесідей түрлі мамандандырылған қабылдағыштар: жинағыш тоғандар, булану алаңдары және сүзу алаңдары. Бұл объектілер – сарқынды суларды табиғи тазартуға және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге арналған техникалық құрылғылар. Өздерінің жинақтағыштары жоқ кәсіпорындар суды тазарту мен утилизациялау үшін су ағындарын мамандандырылған компанияларға береді. Экологиялық заңнамада белгіленген ағызылатын су сапасының нормативтеріне сарқынды суларды тазартудың механикалық және биологиялық әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Алайда жерүсті табиғи су қоймаларына ағынды су ағызылмайды.

Компанияның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тазартылған ағынды суларды технологиялық процеске қайтару, жасыл желектерді суару үшін пайдалану, салынып жатқан алаңдар мен жолдардағы шаңды басу арқылы қайта пайдалану көлемін арттыру.

ҚМГ су тапшылығы бар аудандарда пайдаланылатын активтерді картаға түсіру үшін Әлемдік ресурстар институтының (WRI) Aqueduct су стресі құралын пайдаланады. Осы өңірлерде ҚМГ тұщы суды аз пайдалану, суды қайта падалану көлемін ұлғайту және су пайдалануды бақылау үшін су ресурстарын басқару жөніндегі іс‑шараларды әзірлейді.

Су ресурстары тапшылығының алдын алу, экономиканың жоспарланған өсімін қамтамасыз ету, сондай‑ақ ҚМГ компаниялар тобы бойынша су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселесін шешу үшін 2024 жылы бекітуге жоспарланған Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленді.

«Атырау МӨЗ» ЖШС

«Тазалық» жобасы – қазіргі уақытта АМӨЗ жүзеге асыратын табиғатты қорғау бағытындағы негізгі іс‑шаралардың бірі. Жоба булану өрістерін, механикалық және биологиялық тазарту құрылыстарын реконструкциялауды және толық тазарту қондырғысын салуды көздейді. Жоба ағынды суларды тазарту сапасын арттыру және тазарту қондырғыларының ашық алаңдарынан атмосфераға зиянды булануды тоқтату және булану өрістерінен қоршаған ортаға бөлінетін зиянды әсерді азайту арқылы экологияға айтарлықтай әсер етеді.

Осы жоба шеңберінде механикалық тазарту құрылыстарының өнімділігін екі есеге арттыру көзделген. Сондай‑ақ, АМӨЗ‑дің сарқынды суларын АМӨЗ‑ге тиесілі булану алаңдарына ағызуға қолданған ашық каналдың орнында АМӨЗ‑ден қалалық кәріз‑тазарту құрылыстарына дейін құбыр орнатылды, сол арқылы қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуіне жол берілмейді. Сондай‑ақ, АМӨЗ бірнеше кезеңнен тұратын булану өрістерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр: булану өрістерін құрғату, қамыс шабу, терең жырту, биопрепаратпен өңдеу, сондай‑ақ үш деңгейлі қалпына келтіру жұмысы.

«Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбыры

2023 жылы Атырау облысында «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбыры іске қосылды, ол кешенді қайта құру нәтижесінде кеңейтілді. Су құбырын реконструкциялау белгіленген мерзімнен бір жылға ерте жүзеге асырылды.

Жаңартылған «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбыры Атырау және Маңғыстау облыстарының халқы, кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы үшін қосымша 60 мың текше метр су көзіне айналады.

Жоба шеңберінде тозған жабдықтарды жаңарту бойынша жұмыстар орындалды, ұзындығы шамамен 177 км магистральды су құбырының екі учаскесі ауыстырылды, құрылыс кезінде 500‑ден астам адам жұмылдырылды. Нәтижесінде «Астрахань – Маңғышлақ» су құбырының өткізу қабілеті тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мың текше метрге дейін артты.

Мәселен, Кендірлі кентінде қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту зауыты салынуда. Одан Жаңаөзен қаласына дейін ұзындығы 105 км магистральды су құбыры салынады.

Бұдан басқа, «Каспий» сумен жабдықтау зауытын реконструкциялау жүргізілуде. Нәтижесінде зауыт қуаты екі есе артып, 40 мың текше метрге жетеді.

Маңғыстау облысы Кендірлі демалыс аймағы ауданында су тұщыту қондырғыларын салу

«Кендірлі» демалыс аймағында қуаты тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщытуға мүмкіндік беретін зауыттың құрылысы басталды. Бұл жоба Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін ауыз су тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, сондай‑ақ туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға жан‑жақты әсер етеді. Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, ал зауыттың жобалық қуатқа шығуы 2025 жылдың көктеміне жоспарланған.

«Қаражанбасмұнай» АҚ

ҚБМ Қаражанбас кен орнында Маңғыстау облысында кен орнын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған қабат суын тұщыту зауыты іске қосылды. Зауыт толық қуатқа шыққан кезде қабат суын өңдеу тәулігіне 42,5 мың м3 болады, бұл ретте тазартылған су өндіру тәулігіне 17 мың м3 жетеді. Бұл едәуір су мөлшерін өңір халқының мұқтаждығына жолдауға мүмкіндік береді.

ҚМГ компаниялар тобының суды және су ресурстарын басқару жөніндегі деректері 2020 жылдан бастап Су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама шеңберінде Carbon Disclosure Project (бұдан әрі – CDP) алаңында жарияланды. 2022 жылғы ақпарат CDP ресурсында жарияланған.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ҚМГ және оның ЕТҰ өндірістік қызмет нәтижелеріне, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік факторлардың алдын алуға қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына басымдық береді.

ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты жоғары басшылықтың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бейілділігіне негізделген және әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін дамытуға тартуға бағытталған. Компания мен оның ЕТҰ басшылығы жазатайым оқиғалар мен апаттарға, алкоголь, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын пайдалануға және жол‑көлік оқиғаларына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Компания ұлттық заңнамалардан басқа, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын сақтауға міндеттенеді. Компания әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес өндірістегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

2023 жылғы негізгі көрсеткіштер

ҚМГ Қазақстан Республикасының ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі ретінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және Компанияның өндірістік объектілері жұмыс істейтін аудандарда тұратын персонал мен халықтың денсаулығын сақтауға көп көңіл бөледі. Біздің қызметкерлер Компанияның еңбек қызметі үшін қауіпсіз жағдай жасайтынын және жұмыс орнында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін ең жоғары стандарттарды енгізетінін атап айтады.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 19% төмендеді (2022 жылғы 36 жағдайдан 2023 жылы 29 жағдайға дейін).

Жол‑көлік оқиғаларының саны 21% төмендеді (2022 жылы 24 жағдайдан 2023 жылы 19 жағдайға дейін), өрт саны 100% төмендеді (2023 жылы өрт тіркелмеді, 2022 жылы бір жағдай тіркелді).

2023 жылы оқыс оқиғалар көрсеткішінің оң динамикасына қарамастан, еңбек қызметіне байланысты адам өлімімен аяқталған екі жазатайым оқиға орын алды, 2 қызметкер ПҚОП‑тың бір қызметкері ЖКО салдарынан және «Кен‑Құрылыс‑Сервис» ЖШС‑нің бір қызметкері жылжымалы заттардың әсері нәтижесінде) қайтыс болды.

ЕҚ және ӨҚ негізгі көрсеткіштері Өлшем бірлігі 2021 2022 2023 2023/2022 Ауытқу %
Жазатайым жағдайлар Жағдай 28 35 28 −7 −20
Жазатайым жағдай кезінде зардап шеккендер Адам 32 36 29 −7 −19
өлім‑жітімді қоса алғанда Адам 3 1 2 +1 +100
Жол‑көлік оқиғалары Оқиға 22 24 19 −5 −21
Өрт Оқиға 6 1 0 −1 −100
Жазатайым оқиғалар мен өлімге әкелген жағдайлардың коэффициенті
Көрсеткіш 2021 2022 2023 IOGP2022 жылға арналған IOGP көрсеткіштер https://www.iogp.org
Жұмыс уақытын жоғалтуды қосқанда болған жазатайым оқиғалар коэффициенті, 1 млн адам‑сағатқа шаққанда 0,31 0,36 0,30 0,26
Өлім‑жітім коэффициенті, 100 млн адам‑сағатқа шаққанда 2,93 1,0 2,11 0,30

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару

2023 жыл ішінде апаттар мен инциденттердің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде өндірістік процестердің қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету/ кедергілерді басқару мәселелері бойынша ЕТҰ‑да түсіндіру, кеңестік‑консультациялық жұмыс жүргізілді. Сондай‑ақ, 2023 жылы ЕТҰ‑ның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметі бойынша 23 жоспарлы тексеру жүргізілді. ҚМГ компаниялар тобындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай‑күйін жақсарту бойынша 220 ұсыныс пункті берілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ энергия көздерін оқшаулаудың корпоративтік қағидаларын енгізу шеңберінде ЕТҰ‑мен LOTO өндірістік қауіпсіздік жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. LOTO өндірістік қауіпсіздік жүйесін енгізу және қолдану ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің бақылауында. 2024 жылы ҚМГ компаниялар тобының өндірістік қызметіне LOTO өндірістік қауіпсіздік жүйесін енгізу және практикалық қолдану жөніндегі жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Сондай‑ақ, ҚМГ ЕТҰ объектілерінде өндірістік қауіпсіздікті жүйелі жетілдіру мақсатында ММГ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының оқу полигонында жанып тұрған ұңғымадағы ашық субұрқақты жою және зардап шегушіні құтқару бойынша «Кәсіби әскерилендірілген авариялық‑құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Маңғыстау филиалы бөлімшесінің, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қатысуымен апатқа қарсы жаттығу өткізілді. Іс‑шара барысын «Самұрық‑Қазына» АҚ, ҚМГ, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің, Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және ҚМГ ЕТҰ өкілдері қадағалады. Жаттығуда ұңғыма жабдықтарын салқындату, субұрқақтың жылу шығару қарқындылығын төмендету, газдану аймағын анықтау, сағаны тығыздау және ауырлатылған бұрғылау ерітіндісін айдау арқылы ұңғыманы сөндіру бойынша іс‑шаралар пысықталды.

Көлік қауіпсіздігі

ЖКО статистикасы бойынша Компанияға тәуелді емес оқиғалардың туындау қаупінің объективті факторлары бар екенін атап өту қажет. Осындай факторлардың бірі – көлік құралдарының үлкен саны, ол бүкіл Компания бойынша 11 мыңнан астам бірлікті құрайды, сервистік компаниялар қызметі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа‑райына қарамастан сапарға шығу қажеттілігімен ерекшеленеді.

Екінші фактор – Қазақстан Республикасының барлық аумағында шашыраңқы орналасқан Компанияның еншілес ұйымдарының географиялық орны, сондай‑ақ олардың үшінші тараптың кінәсінен ЖКО‑ның туындау қауіпі жоғары болатын ірі қалалар мен елді мекендерде орналасуы. Мысалы: 2023 жылы болған 19 ЖКО‑ның 79 %‑ы (15 ЖКО) үшінші тараптың кінәсінен болған жол‑көлік оқиғасына жатқызылды.

Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автокөлікті пайдалану және қызмет көрсету процесінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, ЖКО алдын алу, компания қызметкерлерінің жарақаттану тәуекелдерін азайту шеңберінде көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде:

  • 2023 жылы ЕТҰ мен мердігер ұйымдардың 1905 қызметкері (ЕТҰ‑ның 1451 қызметкері, мердігер ұйымдардың 454 қызметкері) RoSPA халықаралық стандарттарына сәйкес «Қорғана отырып жүргізу» («Defensive Driving») әдістемесі бойынша оқудан өтті.
  • ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің қауіпсіздік белдіктерін тағуға қатысты хабардар болуын арттыру және ЖКО кезінде жарақаттануды азайту мақсатында ЖКО кезінде фронтальды соқтығысу тренажер‑имитаторының практикалық көрсетілімі («Конвинсер») өткізіледі, оған ҚМГ ЕТҰ‑ның 7 783 қызметкері қатысты.
  • «Сапарларды басқару» көлік құралдарына автоматтандырылған мониторинг жүргізу жүйесі жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОТК, ОСК‑да көлікті басқару процестеріне диагностика жүргізілді (ҚБМ, ӨМГ, ОТК, ОСК‑да жобаны іске асыру бойынша Жол карталары бекітілді).

Өрт қауіпсіздігі

2023 жылы ҚМГ нысандарында өрт тіркелген жоқ. Бұл ретте өрт қауіпсіздігі бөлігінде келесідей оқиғалар тіркелді:

Он бір тұтану (АМӨЗ (2), ӨМГ (2), ӨМС, ММГ, Petromidia МӨЗ, ЕМГ, ҚГМ, ОЅС, 1 жарқыл (ӨМГ), 3 бықсып жану оқиғасы (ҚТО, АМӨЗ, ММГ).

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес «өрт», «тұтану», «бықсып жану» және «жарқыл» түрлі белгі мен анықтамағ ие, осыған байланысты жоғарыда аталған жағдайлар өрттер статистикасына кірмеген.

2023 жылы 21 маусымда Румыниядағы Petromidia зауытында жеңіл гидрокрекинг қондырғысында (MHC) жүргізілген арнайы техникалық жұмыстардан кейін өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Бөлімшенің және мұнай өңдеу зауытының басқа секцияларының қызметкерлері толық эвакуацияланды.

Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында 2021 жылы қазанда ҚМГ 2022‑2024 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігі саласындағы кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Онда қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді, сондай‑ақ алдын алу іс‑шаралары көрсетілген.

Кешенді жоспарға сәйкес және «Самұрық‑Қазына» АҚ тапсырмасын орындау аясында барлық ЕТҰ‑да жыл бойы жоспарлы өрт‑тактикалық оқу‑жаттығулар өткізілді.

2023 жылы шілдеде «Самұрық‑Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен ММГ‑де оқу‑жаттығулар өткізілді.

2023 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің қатысуымен «CASPI BITUM» БК ЖШС резервуарлық паркінде өртті жою бойынша өрт‑тактикалық оқу‑жаттығулар өткізілді.

ҚМГ корпоративтік орталығында 2023 жыл ішінде адамдарды эвакуациялаумен және ғимаратта шартты өртті сөндірумен екі өртке қарсы жаттығу өткізілді.

Мердігер ұйымдармен ӨҚ, ЕжҚОҚ саласында өзара іс‑қимыл

Компания мердігер ұйымдармен ӨҚ, ЕжҚОҚ саласында өзара іс‑қимыл процестерін жақсартуға ұмтылады. Олар ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінде мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың жұмысты орындауы мен қызмет көрсетуі кезінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және төмендетуге негізделген.

Компания мердігер ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, ҚМГ адам өміріне маңызды ережелерді, компанияның ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы саясаттары мен стандарттарының талаптарын сақтауды және орындауды талап етеді.

Мердігер ұйымдардың қатысуымен болған оқиғаларды азайту мақсатында ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті 2023 жылы 12 ЕТҰ‑да ӨБ саласындағы мердігер ұйымдармен өзара іс‑қимыл процестерінің дұрыстығына аудит жүргізді, нәтижесінде жағдайды жақсартуға 587 ұсыным берілді.

2023 жылы компанияның ұйымдарында ӨҚ, ЕжҚОҚ қызметтерінің ұйымдық құрылымдарын талдау негізінде ЕТҰ‑ға ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы мердігер ұйымдармен өзара іс‑қимыл жөніндегі маманды штатқа қосу ұсынылды.

Сондай‑ақ, мердігерлермен жасалатын шарттарда Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын және ҚМГ‑ның ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы стандарттарының талаптарын бұзатын мердігер ұйымдарға қатысты айыппұл санкцияларын енгізу көзделген.

Потенциалды қауіпті жағдайларды басқару және ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы оқиғаларды болдырмау үшін компанияда «ҚМГ‑ның өмірлік маңызды ережелері» енгізілді, ол мердігерлік ұйымдарға да қолданылады, бұл қызметкерлерге өздерін және әріптестерін жазатайым оқиғалардан қорғау үшін қабылдауы мүмкін әрекеттермен танысуға мүмкіндік береді. Саясатқа сәйкес және СМ, мердігерлерді қоса алғанда, Компания қызметкерлеріне жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына не қоршаған ортаға негізді түрде қауіп төндіретін ықтимал қауіпті жағдай туындаған кезде жұмыстан бас тартуға немесе тоқтатуға заңды құқық берілді.

Мердігер ұйымдармен ӨҚ, ЕжҚОҚ саласында коммуникацияны және өзара іс‑қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылы «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілдерінің және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша «Оқиғаларды тергеп‑тексерудің тиімділігі және мердігер ұйымдарда ӨҚ, ЕжҚОҚ басқару» тақырыбында ӨҚ, ЕжҚОҚ қызметтері басшыларының форумы өткізілді. Форумда ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы процесстік тәсілдер мен мердігер ұйымдарды басқару бойынша өзекті кейстер талданды, атап айтқанда Деминг PDCA циклі негізінде процестік басқарудағы проблемалық міндеттердің шешімін іздеуге арналған аналитикалық тәсіл және оны Chevron компаниясының мысалында мердігер ұйымдарды басқаруға қолдану мәселесі қарастырылды.

Компанияның ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы негізгі талаптары жұмылдыру алдындағы аудит – техника мен жабдықтың, мердігер персоналының жұмыс басталғанға дейінгі дайындығы, мердігердің негізгі қызметкерлері қатарынан ӨҚ, ЕжҚОҚ бойынша жауапты қызметкерлерді тағайындау, мердігермен бастапқы кеңес өткізу, ӨБ жоспарын әзірлеу және іске асыру, мердігердің ЕжҚОҚ (жұмыс басталар алдында,жұмыстарды орындау барысында, жұмыстарды аяқтағаннан кейін) және мердігердің ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы нәтижесін бағалау.

ӨҚ, ЕжҚОҚ бағытын цифрландыру

Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру, қауіпсіз жүргізу мәдениетін және бірыңғай орталықтандырылған цифрлы платформаны құру мақсатында 2022 жылы ЕМГ‑де «Сапарларды басқару» көлік құралдарының автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру аяқталды.

«Сапарларды басқару» көлік құралдарының автоматтандырылған мониторинг жүйесін ЕМГ‑де енгізу нәтижесінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі оң әсерді ескере отырып, жобаны ҚМГ‑ның басқа еншілес және тәуелді ұйымдарында кезең‑кезеңімен арттыру шеңберінде, 2023 жылы ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОТК, ОСК‑да көлікті басқару процестеріне диагностика жүргізілді және жобаны іске асыру бойынша жол карталары бекітілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы процестерді цифрландыру шеңберінде ЕМГ базасында электронды наряд‑рұқсат беру жүйесін енгізу процесі жалғасуда. 2023 жылы желтоқсан айынан бастап электронды наряд‑рұқсат беру жүйесі ЕМГ‑ның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінде пайдалануға берілді. Сондай‑ақ 2023 жылы қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу кезінде, ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде инциденттердің алдын алуға және қызметкерлерге теріс әсерді азайтуға бағытталған TUMAR өндірістік қауіпсіздігі бойынша автоматтандырылған зияткерлік жүйені әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесін жетілдіру

2018 жылдан бастап ҚМГ IOGP ұйымның толық құқылы мүшесі ретінде кіру туралы шешім қабылдады.

IOGP‑ге мүше болған жылдары ҚМГ IOGP халықаралық озық ұсынымдары мен тәжірибелерін зерделеп, пайдаланды, бұл ҚМГ‑ның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, жалпы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерін, сондай‑ақ жалпы менеджмент жүйесін жақсартуға көмектесті, ҚМГ‑ның халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері мен рейтингін көтерді.

IOGP 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін IOGP‑ге мүше 100‑ге жуық кәсіпорында 2 мың өлімге әкелген жазатайым оқиғаларға талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде қауымдастық қауіпсіздікке қойылатын жиі қайталанатын өрескел қателіктерді анықтады.

Осы қателіктердің алдын алу үшін өмірді сақтаудың тоғыз маңызды ережесі әзірленді. Бұл ережелер жұмысшыларға өздерін және әріптестерін жағымсыз салдары бар қауіпті жағдайлардан қорғау үшін жасай алатын әрекеттері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Қауымдастыққа мүше ретінде ҚМГ еншілес тәуелді ұйымдарға «ҚМГ‑ның адам өміріне маңызды ережелерін» әзірледі және енгізді. Қызметкерлерді «ҚМГ‑ның адам өміріне маңызды ережелерінің» сақталуы туралы ақпараттандыру мақсатында ЕТҰ‑да қызметкерлерге нұсқау беру, бейнематериалдар арқылы телехабар тарату науқандары өткізілді. ҚМГ Басқарма Төрағасының атынан «ҚМГ‑ның адам өміріне маңызды ережелерін» сақтаудың маңызы жайлы және орындалуы қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы туралы үндеу жолданды.

Қызметкерлерде еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту мақсатында, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс‑шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бағдарламасы бойынша ҚМГ және ЕТҰ‑ның 30 мыңға жуық қызметкері оқытылды.

Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы

Қазақстан Республикасы заңнамасының және қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, Компанияда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару жүзеге асырылады. Өндірістік процеске қарамастан, ҚМГ өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды сауықтыру бойынша белсенді саясат жүргізеді.

2023 жылы ЕТҰ қызметкерлерінің арасында жарақаттанумен байланысты емес өлім‑жітім саны екі жағдайға немесе 20%‑ға азайды. Негізінен, бұл көрсеткіш қызметкерлердің жүрек‑қан тамырлары ауруларының салдарынан тіркелді.

Еңбек қызметіне байланысы жоқ өлім‑жітім саны, %

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясының «Персоналдың денсаулығын басқару» 24-стратегиялық бастамасын орындау шеңберінде денсаулық сақтау және өндірістік санитария жөніндегі ішкі құжаттар әзірленіп, келісілді:

  • ҚМГ компаниялар тобындағы персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі 2023‑2025 жылдарға арналған іс‑шаралар жоспары.;
  • ҚМГ компаниялар тобында міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік стандарт;
  • ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі жаңа редакциядағы регламент;
  • ҚМГ компаниялар тобында өндірістік санитарлық бақылаудың бірыңғай үлгілік бағдарламасын жасау жөніндегі регламент.

ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламентке сәйкес, жыл сайын және тұрақты негізде медициналық оқу дабылдарын жүргізу арқылы әрбір өндірістік объектіде шұғыл медициналық ден қою жоспары тестіленеді. ЕТҰ объектілерінде 2023 жылы 560‑тан астам медициналық оқу дабылдары, оның ішінде өндірістік аумақтарда орналасқан мердігер ұйымдардың қатысуымен өткізілді. Медициналық оқу дабылдары келесі тақырыптар бойынша жүргізілді: биіктіктен құлау, есін жоғалту, улану, жүрек тоқтауы және т.б. Аппараттық кешендерді енгізу жалғасуда – медициналық тексерудің электронды жүйесі және 2023 жылдың соңына қарай ҚМГ ЕТҰ‑да 44 бірлік аппараттық кешен енгізілді.

Қызметкер