Компания туралы

Қызмет аясы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚМГ, Компания) Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай‑газ компаниясы.

ҚМГ көмірсутекті барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай‑газ саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.

733 млн т. м. э.
көмірсутек қоры (2P)
23,5 млн тонна
мұнай мен конденсат өндіру
9,5 млрд м3
газ өндіру
80,4 млн тонна
мұнай тасымалдау
19,6 млн тонна
көмірсутек шикізатын өңдеу
1

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС

2

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС

3

Каспий Құбыр Консорциумы

4

«ҚазТрансОйл» АҚ

Қолданыстағы мұнай құбыры

Операциялық өндіруші активтер

Мегажобалар

МАС
Мұнай айдау станциясы

БМАС
Бас мұнай айдау станциясы

Барлау және өндіру

МӨЗ

ЖМҚС

Капитал құрылымы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл — ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қор, «Самұрық-Қазына» АҚ) — 67,42%, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі — 20%, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі — 9,58%, KASE және AIX биржаларында еркін айналымдағы акциялар саны — 3%. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі акциялар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл — ауқат қоры» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына берілген.

«Самұрық-Қазына» АҚ — тәуелсіз қор, оның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» қорының миссиясы — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қордың портфеліне мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, таукен кешендерінің, энергетика және жылжымайтын мүлік кәсіпорындары кіреді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі — Ұлттық Банк) — Қазақстан Республикасының орталық банкі және еліміздің банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өз құзыреті шегінде халықаралық банктер мен өзге де қаржы-кредит ұйымдарында басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынас орнатқан кезде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.