Сыйақы туралы есеп

Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы

«Самұрық‑Қазына» АҚ басқармасының 2016 жылдың 26 қыркүйектегі шешімімен, өзге мәселемен қоса Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы белгілеу тәртібі көзделген «Самұрық‑Қазына» АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидалар бекітілді. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттері, Компания қызметінің ауқымы, ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер назарға алынады. Сыйақы тәуелсіз директорларға төленеді. Ұйымдардың директорлар кеңесінің құрамындағы «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілдеріне сыйақы «Самұрық‑Қазына» АҚ басқармасының шешімі негізінде белгіленеді.

Директорлар кеңесі мүшелерінің 2021‑2023 жылдар кезеңіндегі жиынтық сыйақысы
Директорлар кеңесінің мүшелері 2021 2022 2023
Директорлар кеңесі мүшелеріне АҚШ долларымен төленген сыйақының жиынтық мөлшері 381 944 350 000 196 375
Директорлар кеңесі мүшелеріне теңгемен төленген сыйақының жиынтық мөлшері 18 200 000 29 538 710 97 215 050

Басқарма мүшелерінің сыйақысы

Жалаулар

ҚМГ Директорлар кеңесі «Самұрық‑Қазына» АҚ басқармасының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялар тобының Адам ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес ҚМГ Басқармасының мүшелері қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі мен сыйақы саясатын айқындайды.

Есепті кезеңдегі (жылдағы) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Басқарма мүшелеріне өлшенетін, өзара байланысты, қисынды құрылған және теңдестірілген мотивациялық ПӘК карталарында көрсетілген стратегиялық және басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру мақсатында қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша төленеді.

Мотивациялық ПӘК картасы корпоративтік және функционалдық ПӘК‑тен тұрады.

Сыйақының тиімді және анық жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелерді алдын ала қарау үшін, Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеті құрылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, ҚМГ Басқармасының мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері 388 673 641,57 теңге болды, бұл Басқарма мүшелеріне (басшы қызметкерлерге) еңбекақы төлеу қағидаларына және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит, Корпоративтік хатшы, Комплаенс және Омбудсмен қызметтерінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына сәйкес Басқарма мүшелеріне 2023 жылы Басқарманың құрамында болған кезеңде ҚМГ төлеген салықтар мен зейнетақы аударымдары ескерілген ақшалай нысандағы жалақылардың және көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшерін қамтиды.

Басқарма мүшелері 2021ҚМГ Басқарма мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері 2021 жылы 227 908 251,96 теңге, сондай-ақ 2021 жылдың 1 тоқсанында 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ ҰК Басқарма мүшелеріне 347 532 554,00 теңге мөлшерінде сыйақы төленді. 2022 2023
Басқарма мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері, теңге 575 440 805,94 344 627 124,98 388 673 641,57