ҚМГ басшылығының тұрақты даму саласындағы басты қызмет көрсеткіштері

Тұрақты даму жөніндегі стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға арналған Басқарма төрағасы қызметінің уәждемелік басты көрсеткіштері (Компанияның корпоративтік басты қызмет көрсеткіштері), ҚМГ Басқарма мүшелерінің, ҚМГ құрылымдық бөлімшелері басшыларының және еншілес/тәуелді ұйымдары бірінші басшыларының «Тұрақты даму және өндірістің көміртегі сыйымдылығын үдемелі төмендету» стратегиялық мақсатын іске асыруға бағытталған ынталандыру басты қызмет көрсеткіштері бекітілді. Атап айтқанда:

  • компанияның тұрақты даму бастамаларын қамтитын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі корпоративтік басты қызмет көрсеткіштері, сондай‑ақ жазатайым оқиғалар коэффициентін төмендетуге, сонымен қатар қауіпті жағдайларды, қауіпті факторларды және басқаларды анықтауға бағытталған, бұл жағдайлар туралы ҚМГ тобының бүкіл компанияларына хабарлауға бағытталған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кешенді көрсеткіш;
  • ҚМГ Басқарма мүшелеріне тұрақты даму бастамаларын, сондай‑ақ ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспарын және ESG‑рейтингін орындауды қамтитын инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша басты қызмет көрсеткіштері белгіленді;
  • еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларына көрсеткіштердің бірі ретінде көміртегі ізін мониторингілеуге және азайтуға бағытталған басты қызмет көрсеткіші енгізілді.
  • ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына компанияның тұрақты даму жөніндегі міндеттерін орындау үшін басты қызмет көрсеткіштері енгізілді, соның ішінде:
    • ілеспе мұнай газын жағу қарқындылығы көрсеткішін төмендету;
    • тарихи мұнай қалдықтарын қалпына келтіру;
    • өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының функцияларын автоматтандыру;
    • Су ресурстарын басқару бағдарламасын әзірлеу;
    • «2023‑2025 жылдарға арналған ҚМГ компаниялар тобында персоналдың денсаулығын басқару» іс‑шаралар жоспарын жүзеге асыру;
    • көміртегі квоталарын сатудан түскен табыс;
    • ҚМГ‑ның ішкі көміртегіге бағаны белгілеу механизмін әзірлеу;
    • өндіруші еншілес және тәуелді кәсіпорындарда отын және табиғи газды пайдалану тиімділігін арттырудың техникалық әрі экономикалық әлеуетін анықтауға бағытталған технологиялық пештер мен қазандық жабдықтарына мақсатты аудит жүргізу;
    • TCFD ұсыныстарына сәйкес бастапқы ақпаратты жариялауға дайындау;
    • ҚМГ активтеріне айдауға арналған СО2 шығарындысы көздері мен резервуарлардың скринингі (CCS/CCUS пилоттық жобасы)
    • еншілес және тәуелді ұйымдарда әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын зерттеу үшін «Самұрық Қазына» АҚ‑ның өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес Industrial Relations скринингін жүргізу.