Қор

Халықаралық тәуелсіз DeGolyer&MacNaughton компаниясы жүргізген аудитке сәйкес, PRMS халықаралық стандартымен 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 733 млн тонна (5 680 млн баррель м.э.) мұнай эквивалентіне тең. 2022 жылмен салыстырғанда 2Р қорларының деңгейі 3,7%‑ға өсті. Бұл көрсеткіштің өсуіне геологиялық‑техникалық іс‑шаралар көлемін ұлғайту, ұңғымаларды бұрғылау және операциялық активтердегі өндірісті толықтыруға бағытталған игеру жоспарларын өзгерту, сондай‑ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру жоспарларын іске асыруды нақтылау әсер етті.

PRMS халықаралық жүйесі бойынша қорларды жыл сайынғы бағалау Компанияның қормен қамтамасыз ету деңгейін ұстап тұру жөніндегі жобалық және нақты іс‑шараларға тұрақты бақылау жүргізілетінін көрсетеді. Дәлелденген қордың (1P) еселігі 16 жылға тең, бұл әлемдегі ең ірі халықаралық мұнай компаниялары арасындағы орташа көрсеткіштен жоғары, көрсеткіш 11 жылға жуық. Бұл ретте 2Р санатына (дәлелденген + ықтимал) жататын қордың жиілігі 25 жылды құрап отыр.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша PRMS бойынша таза қорларНетто қорлар басқа тараптарға тиесілі барлық үлестерді шегергеннен кейін (1) ҚМГ қатысу үлесіне, (2) ҚМГ-ге тиесілі емес, бірақ ҚМГ бақылайтын үлестес компанияларға жататын барлық қорлардың бөлігі ретінде айқындалады.
Қор санаты Көмірсутек, млн баррель м.э. Көмірсутек, млн тонна м.э.
2021 2022 2023 2021 2022 2023
Дәлелденген (1P) 3 694 3 775 3 943 477 486 507
Дәлелденген +ықтимал (2P) 4 983 5 478 5 680 645 708 733
Дәлелденген+ықтимал+ болжамды (3P) 5 869 6 294 6 502 761 816 842