Жауапкершілік туралы мәлімдеме
Директорлар кеңесі мен Басқарма Кодекске сәйкес Компанияның жылдық есебі мен қаржы есептілігінің дұрыстығына жауап береді.
Директорлар кеңесі және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі Жылдық есеп пен есептілікті дайындау және келісу кезінде өз жауапкершілігін түсінетінін мәлімдейді және Жылдық есеп пен есептілікті тұтастай алғанда, әділ, теңдестірілген және түсінікті деп есептейді, сондай‑ақ акционерлерге Компанияның жағдайын, қызмет нәтижелерін, бизнес‑моделін және стратегиясын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтиды.
Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі өзінде бар ақпаратты негізге ала отырып, келесіні растайды:
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қаржы есептілігі Компанияның активтері, міндеттемелері, қаржылық жағдайы, қаржы‑шаруашылық қызметінің нәтижелері, Компанияның еншілес кәсіпорындарымен біріктірілген балансы туралы шынайы және сенімді ақпарат береді;
- Басқарманың есебі Компания мен оның еншілес кәсіпорындарының қаржы‑шаруашылық қызметінің дамуы және көрсеткіштері мен қаржылық ахуалы туралы сенімді деректерді, сондай‑ақ олар тап болатын аса маңызды тәуекелдер мен белгісіздіктерді сипаттайды.
Директорлар кеңесі Кодекске сәйкес директорлардың тәуелсіз екенін белгіледі және Холланд Филип Малкольм, Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы және Мыңшәріпова Сая Найманбайқызының мінез‑құлқы мен шешім қабылдауы тәуелсіз деп есептейді. Директорлар кеңесі аталған директорлардың тәуелсіз шешімдеріне айтарлықтай әсер ететін немесе әсер ете алатын қандай да бір болмасын байланыстың немесе мән‑жайдың жоқ екенін анықтады.