ESG тәуекел‑рейтингі

ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылға арналған корпоративтік басты қызмет көрсеткіштерінің бірі ретінде ESG рейтингін бекітті, бұл ҚМГ‑ның ESG маңызды тәуекелдерін басқаруға тікелей мүддесін және халықаралық мұнай‑газ нарығында тұрақты даму қағидаттарын ұстанатындығын көрсетеді. Бұл басты қызмет көрсеткішін орындау ҚМГ компаниялар тобы үшін ESG негізгі бастамаларын іске асыруды көздейді.

2023 жылы Sustainalytics рейтингтік агенттігі ҚМГ‑ның ESG тәуекелдерін басқаруды 32,3 балл деңгейінде бағалады. Компания ESG факторларының тарапынан жоғары тәуекелдерге ұшырауы мүмкін. Sustainalytics компаниядағы ESG тәуекелдерін басқаруды «мықты» деп бағалады. Сонымен қатар ESG тәуекелдеріне ұшырау ықтималдығын «жоғары» деп бағалады. Сарапшылардың пікірінше, ESG‑тәуекелдерге ұшырау рейтингінің жоғары мәні сала бойынша орташа мәндерге, яғни мұнай‑газ саласына тән тәуекелдерге сай келеді.

ҚМГ‑ның басты ESG сын‑қатерлері – шығарындыларды, қалдықтарды азайту, төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қатысты жұмысты күшейту, сондай‑ақ корпоративтік басқару жүйесін озық халықаралық тәжірибелер деңгейінде ұстап тұру. Сонымен қатар ҚМГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелері бойынша тәуекелдерді басқаруға қатысты сарапшылардың оң бағасын алды, адами капитал мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару деңгейін жоғарылатты, сондай‑ақ ресурстарды пайдалану, биоалуандылық және іскерлік этика мәселелері бойынша тәуекелдерді басқарудың тұрақты деңгейін сақтап қалды.

ҚМГ тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болу үшін өз қызметін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Компания өз күш‑жігерін өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және болдырмауға, парник газдары шығарындысын жүйелі төмендетуге, кәсіпорындары орналасқан өңірлерінде әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштер бойынша жұмысты жақсартуға бағыттайды. ESG тәуекел‑рейтингін арттыру мақсатында ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Жоспар 43 іс‑шарадан тұрады, олар бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай‑ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін қамтиды.

Компания тұрақты даму мәдениетін арттыруға ерекше ден қояды. Корпоративтік орталық пен еншілес/тәуелді ұйымдардың қызметкерлері үшін тұрақты даму бойынша оқу курстары үнемі өткізіледі.

Бұрғылау қондырғысы
ESG‑рейтингін жақсарту бағытында атқарылған іс‑шаралар:
Төмен көміртекті дамудың 2022‑2031 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс‑шаралар жоспары бекітілді
ҚМГ‑да өтініштерді қарастырудың оңтайлы тәсілі іске асырылып, қазіргі кезде қолданылады
GRI207 және Country by country OECD Action 13 стандарты бойынша салық ақпараты жарияланды
ҚМГ корпоративтік сайтында Мемлекет пайдасына төлемдер туралы есеп көпшілікке қолжетімді болып орналастырылды
Гендерлік құрам кеңейтілді — ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор С.Н.Мыңшәріпова, ҚМГ Басқармасы құрамына Д.А. Арысова кірді
ҚМГ кен орындары мен жер қойнауы учаскелерінде нысандарды жабу және бұзылған жерлерді қалпына келтіру саласындағы саясат бекітілді
ҚМГ есебінде мердігер ұйымдарда жарақат пен өлім‑жітім көрсеткіштері бойынша ақпарат жарияланды
ҚМГ‑ның тұрақты даму туралы есебі GRI 2021 жаңа стандартына сай жарияланды
Тиісті қызметкерлер үшін адам құқықтары жөнінде оқу ұйымдастырылды
Мұнай операцияларын корпоративтік басқару жүйесі үшін ISO 14001, ISO 9001 және ISO 45001 сертификаты берілді
ҚМГ‑ның ESG тәуекел рейтингін жақсартуға бағытталған іс‑шаралар жоспары:
ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі жоспарды бекіту (2024‑2025 жылдар)
ҚМГ есебінде TCFD ұсынымдары бойынша ақпаратты жариялау (2024‑2025 жылдар)
CDP Climate Change сауалнамасындағы ақпаратты жариялау (жыл сайын)
Климаттың өзгеруіне және оның компанияға әсеріне байланысты іс‑шаралар мен тәуекелдер туралы ақпаратты жариялау (2024‑2025 жылдар)
CDP Water Security сауалнамасындағы ақпаратты жария ету (жыл сайын)
Ластаушы заттар шығарындысын азайту жөніндегі бағдарламаны дайындау (2024 жылы)
Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын факелде тұрақты жағуды толық тоқтату» бастамаларын іске асыру (2030 жылы)
Биоалуандылық бағдарламасын әзірлеу (2025 жылы)
ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жергілікті қоғамдастықтарды дамыту және тарту бағдарламасын әзірлеу және бекіту (2024‑2025 жылдар)
Адам құқықтары жөнінде бағдарлама әзірлеу және адам құқықтарына әсерін бағалау жұмыстарын жүргізу (2025 жылы)
ҚМГ‑ның кадр саясатын жаңарту және бекіту (2024 жылы)
«Жасыл кеңсе» жобасын іске асыру (2024‑2026 жылдар)
Директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінде әйелдер үлесін кезең‑кезеңімен 30%‑ға арттыру (2023‑2030 жылдар)
ҚМГ ДК мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясатын алуандық қағидатын ескере отырып, жаңарту және бекіту (2024 жылы)
Су ресурстарын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту (2024 жылы)
СО2 тұту, сақтау және пайдалану жөніндегі жобаны енгізу (CCUS) (2025жылы)