Ақпаратты TCFD нұсқауларына сәйкес жария ету

2023 жылы климаттық тәуекелдерді басқару және тұрақты даму жөніндегі халықаралық рейтингтерді жақсарту жөніндегі іс‑шаралар шеңберінде ҚМГ Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның климат саласындағы корпоративтік басқару жөніндегі іс‑қимыл жоспарын әзірлеу және ақпаратты TCFD ұсынымдарына сәйкес жария етуді дайындау» жобасын (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асырды.

Жоба 4 кезеңнен тұрды.

Жобаның бірінші кезеңі «Бастапқы диагностика» кезінде декарбонизация және ҚМГ‑ның тұрақты даму саласындағы бизнес‑процестерінің TCFD ұсынымдарына сәйкестігіне талдау жүргізілді. TCFD ұсынымдарына сәйкес ақпаратты жариялау саласындағы үздік секторлық тәжірибелерді айқындау және ұсыну мақсатында салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) орындалды, оның ішінде қысқа (2030 жылға дейін), орта (2045 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (2060 жылға дейін) перспективада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнес моделіне олардың ықпалына неғұрлым терең сценарий талдау жүргізу мақсатында Климаттық тәуекелдер парағы айқындалды.

«Тәуекелдерді бағалау, климаттың өзгеру сценарийі, талдаулар және стресс‑тесттер» жобасының екінші кезеңінде Климаттық тәуекелдер үшін тиісті сегменттерді кейіннен талдау үшін компанияның құн тізбегіне талдау жасалды.

Компанияның шетелдік активтерін қоса алғанда, құн тізбегінің (өндіру, тасымалдау, өңдеу) әрбір сегментін сценарийлік талдау үшін 17 ЕТҰ арасында 25 стратегиялық активтер айқындалды. Бұдан әрі бұл активтердің температураның өзгеруінің және уәкілетті орган тарапынан реттеудің әртүрлі сценарийлері кезінде Климаттық тәуекелдерге бейімділігін айқындау бойынша сценарий талдау жасалды.

Климаттық тәуекелдерді талдау нәтижелері бойынша бұл тәуекелдердің ЕТҰ‑ның негізгі қаржылық көрсеткіштеріне және «Қазмұнайгаз» АҚ‑ның таза пайда және EBIDTA margin сияқты шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштеріне әсерін анықтау үшін есептеулер орындалды. Әрі қарай компанияның активтері мен тиісті ЕТҰ негізгі климаттық тәуекелдерге бейімділігіне сәйкес сараланды. Талдау кезінде ҚМГ ТКДБ шеңберінде іске асыруды жоспарлаған энергетиканың жаңа түрлеріне көшуге байланысты мүмкіндіктер және декарбонизация жобалары ескерілді.

Жобаның үшінші кезеңі барысында компанияның ағымдағы жоспарларын толық түсіну үшін ҚМГ‑ны декарбонизациялау шараларына талдау жасалды. Жүргізілген талдау негізінде ex‑ante және ex‑post сандық бағалау үшін климаттың өзгеруіне қарсы күрестің басым шараларын іске асыру нәтижелерін сандық бағалау бойынша әдістеме бөлігінде ұсынымдар жасалды. Ex‑ante сандық бағалаулары стратегиялық жоспарлау және іске асырылатын климаттық іс‑әрекеттердің басымдықтарын анықтау үшін пайдаланылатын болады, ал ex‑post сандық бағалаулары ҚМГ климаттық есептілігі үшін пайдаланылатын болады. Ұсынылған сандық әдістемелер парник газдар хаттамасы сияқты парник газдарды есепке алудың халықаралық стандарттарына негізделген. Сондай‑ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ белгілеген мақсаттарды (2031 жылға арналған парник газдары шығарындыларының мақсатты көрсеткіші және 2060 жылға арналған Төмен көміртекті болжамдар) қайта қарау бойынша ұсынымдар

a) халықаралық стандарттармен (мысалы, SBTi мақсатты белгіленген жылдан бастап 5‑10 жылға қысқа мерзімді мақсатты және 2050 жылдан кешіктірмей ұзақ мерзімді мақсатты әзірлеуді ұсынады) және

b) парник газдары шығарындыларын есепке алу стандарттары (мысалы, GHG Protocol), оның ішінде шекаралар мен деректердің толықтығы.

Сонымен қатар, ҚМГ‑ның климаттық мақсаттары халықаралық стандарттарға қалай сай болуы мүмкін екендігі туралы ұсыныстар берілді (мысалы, SBTi ұсынғандай Scope 3 шығарындыларын қосуға қатысты). Талдау негізінде декарбонизация жөніндегі шаралар тізімін өзінің Климаттық мақсаттарына қол жеткізу, тәуекелдерді азайту және климаттық мүмкіндіктерді пайдалану үшін ҚМГ салдарын жұмсарту және бейімдеу жөніндегі қосымша шаралармен толықтыру бөлігінде ұсынымдар берілді. Бұл тізім негізінен энергия және ресурс үнемдеу жөніндегі шараларға, сондай‑ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ белгілеген жаңартылатын энергия көздерін енгізу/инвестиция құюға негізделген.

Жобаның төртінші және соңғы кезеңі барысында алдыңғы кезеңдердің нәтижелерін және жүргізілген талдауды қорытындылай келе, климат саласындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс‑қимыл жоспары әзірленді.

Ақпаратты TCFD нұсқауларына сәйкес жария ету
TCFD кестесі
Ашықтыққа қатысты ұсыныстар Жылдық есеп бөлімдері

Корпоративтік басқару

Климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерге қатысты Компанияның корпоративтік басқару принциптерін жариялаңыз

a) Директорлар кеңесі климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді қалай қадағалайтынын сипаттаңыз
b) Климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау мен басқарудағы менеджменттің рөлін сипаттаңыз

Стратегия

Бұл ақпарат маңызды болған жағдайда компанияның қызметіне, стратегиясына және қаржылық жоспарлауына климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктердің нақты және ықтимал әсерін ашыңыз

a) Компания қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада анықтаған климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сипаттаңыз
b) Компанияның қызметіне, стратегиясына және қаржылық жоспарлауына климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктердің әсерін сипаттаңыз
c) Климатқа байланысты әртүрлі сценарийлерді, соның ішінде 2°C және одан төмен сценарийлерді ескере отырып, компания стратегиясының тұрақтылығын сипаттаңыз Климаттық сценарийлерді құру жоспарланып отырған климат саласындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс‑қимыл жоспары әзірленді.

Тәуекелдерді басқару

Компанияның климатқа байланысты тәуекелдерді қалай анықтайтыны және бағалайтыны, сондай‑ақ оларды қалай басқаратыны туралы мәліметтерді ашыңыз

a) Компанияда қабылданған климатқа байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау процестерін сипаттаңыз
b) Компанияда қабылданған климатқа байланысты тәуекелдерді басқару процестерін сипаттаңыз
c) Климатқа байланысты тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару процестері компанияның жалпы тәуекелдерді басқару процесіне қалай біріктірілгенін сипаттаңыз

Көрсеткіштер мен мақсаттар

Бұл ақпарат маңызды болған жағдайда климатқа байланысты тиісті тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау және басқару үшін қолданылатын көрсеткіштер мен мақсаттарды ашыңыз

a) Компания өзінің стратегиясы мен тәуекелдерді басқару процесіне сәйкес климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау үшін пайдаланатын көрсеткіштер туралы мәліметтерді жариялаңыз
b) Парник газдарының шығарындылары туралы мәліметтерді 1‑қамту, 2‑қамту және, егер қажет болса, 3‑қамту және онымен байланысты тәуекелдерді жариялаңыз
c) Компания климатқа байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару үшін пайдаланатын мақсаттарды және мақсатты нәтижелермен салыстырғанда нақты нәтижелерді сипаттаңыз