Акционерлермен және инвесторлармен өзара іс‑қимыл

Акционерлік капиталдың құрылымы

Акция иесінің атауы Жай акциялар, дана Жай акциялар, үлесі %‑бен Артықшылыққа ие акциялар, дана Акциялардың барлығы, дана Акциялардың барлығы, үлесі %‑бен
«Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» АҚ 411 371 263 67,42 411 371 263 67,42
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» ММ 122 023 898 20,00 122 023 898 20,00
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ 58 420 748 9,58 58 420 748 9,58
Миноритар акционерлер 18 303 584 3,00 18 303 584 3,00
Бағалы қағаздар шығарылымы2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша., дана
Акция түрі Жарияланған акция саны Жарияланған акция саны Сатылатын акциялар саны Жарияланбаған акциялар саны
Жай 849 559 596 610 119 493 18 303 584 239 440 103

Есепті кезеңде ҚМГ акционерлерінің құрылымында өзгерістер болды.

2023 жылдың соңында «Самұрық‑Қазына» АҚ 1,3 трлн сомаға ҚМГ акцияларын 122 023 898 дана көлемінде өз иелігінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің пайдасына шығарды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан сатып алынған акциялардың иесі атанған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің теңгерімінде.

Акцияларды сату үш траншпен жүзеге асырылды: 2023 жылдың қазан, қараша және желтоқсан айларында. Жалпы сатылған жай акциялардың үлесі 20%‑ды құрады.

Осылайша, бұл мәміле іс жүзінде акцияларды мемлекеттік органдар арасында қайта бөлуді білдіреді және ҚМГ қызметі мен кредиттік рейтингтері үшін ешқандай салдары жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша ҚМГ акцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына сату – республикалық бюджеттің кіріс бөлігі бойынша мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс‑шаралардың бірі.

2024 жыл 10 сәуірдегі жағдай бойынша ҚМГ акционерлік капиталының құрылымы келесідей:

  • «Самұрық‑Қазына АҚ – 67,42%
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 20%
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі – 9,58%
  • миноритар акционерлер – 3%

Жақын арада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тиесілі ҚМГ акцияларын «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ға сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі құжаттар бекітіледі деп күтілуде:

  • ҚМГ‑ның 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған және жеке);
  • ҚМГ‑ның 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі;
  • ҚМГ‑ның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері;
  • 2023 жылға дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімін тіркеу күні;
  • 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді бастау күні.

Акционерлер құқығы

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының ережелеріне сәйкес және қолданыстағы акцияларға байланысты қандай да бір құқықтарға нұқсан келтірмей, Компания акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығара алады. Жарғы компанияға тек қарапайым акциялар шығаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы акциялардың екі түрін қарастырады: жай және артықшылыққа ие. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында әр түрге қатысты жазылған белгілі құқықтары бар. Компания жарғысында бұл құқықтардың қолданылу аясы тереңірек көрсетілуі мүмкін (компанияның жарғысында мұндай құқықтардың қолданылуын тереңірек көрсету қарастырылмаған), алайда шектелуіне жол жоқ.

Жай акция иесі келесідей құқыққа ие:

  • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында және (немесе) акционерлік қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен акционерлік қоғамды басқаруға қатысу;
  • дивидендтер алу;
  • компанияның қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысында немесе акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамның бухгалтерлік есептілігімен өз бетінше танысу;
  • орталық депозитарийден немесе акционердің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын номиналды ұстаушыдан үзінді көшірмелер алу;
  • Директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидаттар акционерлерінің жалпы жиналысына ұсыныс;
  • сотта акционерлік қоғам органдары қабылдаған шешімдерге дау айту;
  • акционерлік қоғамға оның қызметі туралы ақпарат беруге және акционерлік қоғамнан осындай сұрау салу берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде негізделген жауап алуға жазбаша сұрау салулар жіберу;
  • акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу;
  • акционерлік қоғамның акцияларына айырбасталатын акцияларды немесе өзге де бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын АҚ туралы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен акциялардың санын немесе түрін өзгерту туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешім қабылдауына қатысу.

Акциялар айналымы

ҚМГ акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) 2022 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021‑2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.

IPO өткізілгеннен кейін еркін айналымдағы акциялардың үлесі (Free Float) – 3%.

ҚМГ акциялары қазақстандық AIX және KASE қор биржаларында ұсынылды. Бір акция үшін орналастыру бағасы 8 406 теңге болды, бұл ҚМГ‑ны шамамен 5,1 трлн теңге немесе 11 млрд АҚШ доллары көлемінде капиталдандыруды болжайды.

ҚМГ акцияларының бағасы жарияланған күннен бастап 2023 жылы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 37,3% өсті. 2023 жылы акционерлерге 300 млрд теңге көлемінде рекордтық дивидендтер төленді. Бір акцияға берілген дивиденд көлемі – 491,71 теңге. Төленген дивидендтерді ескере отырып, 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ акцияларының бағасы 43,1% өсті.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ‑ның нарықтағы капиталдандыру көрсеткіші 7,0 трлн теңгеге немесе 15,5 млрд АҚШ долларына жетті.

KASE биржасындағы параметрлер Жарияланған күні 31.12.2023
ҚМГ акциясының бағасы 8 406 11 541
ҚМГ нарықтық капиталдандыру, теңге 5,1 трлн 7,0 трлн
ҚМГ нарықтық капиталдандыру, АҚШ долл. 11 млрд 15,5 млрд
ҚМГ акциялары бағасының өзгеруі +37,3%
Төленген дивидендтерді ескере отырып, ҚМГ акциялары бағасының өзгеруі +43,1%
ҚМГ акцияларының жарияланған күннен 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі бағасы

Дивидендтер

2022 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның дивиденд бойынша жаңа саясаты («Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2022 жылғы 27 қазандағы №59/22 хаттама шешімімен) қолданысқа енді.

Дивиденд саясаты акционерлердің, несие берушілердің және Компанияның мүдделерінің тепе‑теңдігін қамтамасыз етуге, сондай‑ақ өз акционерлеріне дивидендтер төлеу мөлшерін анықтауда ашық болуға бағытталған.

  • Төлем туралы шешім ҚМГ акционерлерінің Жалпы жиналысында қабылданады.
  • Мұнай бағасы, ҚМГ борышының құрылымы, күрделі шығындар және өзге де елеулі жағдайлар ескеріледі.

Еркін ақша ағымы – қоғамның операциялық қызметтен шоғырландырылған ақша ағымы (бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді қоса алғанда, бірақ мұнайды жеткізгені үшін алынған аванстар бөлігінде айналым капиталындағы таза өзгерісті қоспағанда), есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері бойынша негізгі құралдарды сатып алуды шегергенде (оның ішінде негізгі құралдар үшін аванстар) минус материалдық емес активтерді сатып алу минус кен орнын игеру бойынша активтерді сатып алу минус бағалау және барлау активтерін сатып алу минус еншілес ұйымда/ бірлескен кәсіпорында үлесті сатып алу плюс еншілес ұйымда/ бірлескен /қауымдасқан кәсіпорында қатысу үлестерін сатудан алынған қаражат (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларымен бекітілген тізім бойынша қоғамның активтерін бәсекелестік ортаға беруден түскен қаражатты қоспағанда);

Таза қарыз – қолма‑қол ақшаны және олардың баламаларын алып тастағанда, банк салымдарын (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) алып тастағандағы жалпы қарыз.

EBITDA – бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер, сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құнын (тозу мен амортизацияны қоспағанда), өндірістік шығыстарды, жалпы және әкімшілік шығыстарды (тозу мен амортизацияны қоспағанда), тасымалдау және өткізу бойынша шығыстарды (тозу мен амортизацияны қоспағанда), табыс салығынан басқасын алып тастағандағы кіріс.

ҚМГ‑ның дивиденд саясаты еркін ақша ағымының 30%‑дан 50%‑ына дейінгі дивидендтердің ең төменгі мөлшерін айқындаудың белгіленген тәртібін көздейді.

ҚМГ дивидендтердің келесі мөлшерін төлеу үшін бар күшін салады:

  • егер «Таза қарыз/ EBITDA» көрсеткіші 1,0‑ден аз немесе оған тең болса, еркін ақша ағымының кемінде 50%;
  • егер «Таза қарыз/ EBITDA» көрсеткіші 1,0‑ден жоғары, бірақ 1,5‑тен аз немесе оған тең болса, еркін ақша ағымының кем дегенде 40%;
  • егер «Таза қарыз/ EBITDA» көрсеткіші 1,5‑тен жоғары, бірақ 2,0‑ден аз немесе оған тең болса, еркін ақша ағымының кемінде 30%;
  • егер «Таза қарыз/ EBITDA» көрсеткіші 2,0‑ден астам болса, төлем пайызы Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.

Дивиденд төлеу үшін негізгі шарттар:

  • жеткілікті жеке капитал;
  • есепті кезең үшін шоғырландырылған таза табыстың не есепті кезеңнің соңына бөлінбеген пайданың болуы;
  • жеткілікті еркін ақша ағымының болуы.

Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне кемінде 70 АҚШ долл. болған жағдайда, IPO‑дан кейін үш жыл ішінде жыл сайынғы дивиденд кемінде 200‑250 млрд теңге көлемінде төленеді.

Дивиденд тарихы
Көрсеткіш 2018 2019 2020 2021 2022
Бір акцияға шаққандағы дивиденд, теңге 60,64 133,97 81,95 327,80 491,71
Барлық төленген дивиденд, млн теңге 36 998 81 738 49 999 199 997 300 002

2023 жылы 26 маусымда ҚМГ акционерлерге 2022 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеуді аяқтады. Дивидендтердің жалпы сомасы – 300,0 млрд теңге. Бір жай акцияға берілген дивиденд мөлшері – 491,71 теңге.

Кредиттік рейтингтер

Халықаралық рейтинг агенттіктерінің кредиттік рейтингтері – ҚМГ компаниялар тобының кредит қабілеттілігіне берілген сенімді және тәуелсіз баға. Компания негізгі қаржылық көрсеткіштерді инвестициялық деңгейге жақын және одан жоғары ұзақ мерзімді несиелік рейтингті қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейде ұстауды көздейді. ҚМГ рейтинг агенттіктеріне ҚМГ компаниялар тобының кредит қабілеттілігін жан‑жақты және шынайы бағалау үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынады. ҚМГ Басқармасы мен рейтингтік агенттіктер арасында мерзімді шолу кездесулері өткізіледі және ҚМГ олармен тұрақты байланысты жалғастырады.

Компанияның өндірістік және қаржылық көрсеткіштері мен нарық динамикасынан басқа, ҚМГ кредиттік рейтингтері Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингтерімен байланысты. Мәселен, егеменді кредиттік рейтингтің өзгеруі қазақстандық эмитенттердің, соның ішінде ҚМГ‑ның кредиттік рейтингтеріне әсер етуі мүмкін.

2023 жылы ірі сыртқы экономикалық тәуекелдерге қарамастан, Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі компания рейтингін «BBB –» деңгейінен «BBB» деңгейіне дейін бір сатыға көтерді, S&P халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ болжамды «тұрақты» деп қайта қарап, компанияның бұрын белгіленген рейтингін растады, Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «позитивті» болжамды қайта қарау арқылы компанияның бұрынғы рейтингін растады. Қазіргі уақытта ҚМГ Moody’s және Fitch Ratings агенттіктерінен инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингке ие, ал S&P бойынша – егеменді рейтингтен бір сатыға төмен.

  • 2023 жылы 9 наурызда S&P рейтингтік агенттігі компанияның рейтингін «тұрақты» деген болжамды қайта қарап, «ВВ+» деңгейінде растады, бұл агенттіктің Қазақстанға қатысты рейтингтік әрекетін көрсетеді (рейтинг «ВВВ–» деңгейінде расталды, болжам «тұрақты» болып қайта қаралды).
  • 2023 жылы 22 маусымда Fitch Ratings ҚМГ‑ның кредиттік рейтингін «BBB–» деңгейінен «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді, дербес кредит қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауына байланысты болжам – «тұрақты». ҚМГ рейтингі Қазақстан Республикасы егеменді рейтингіне тең.
  • 2023 жылы 13 желтоқсанда Moody’s рейтингтік агенттігі компанияның рейтингін «Baa2» деңгейінде растап, «позитивті» деген болжамды қайта қарады, бұл агенттіктің компанияның меншікті кредит қабілеттілігі көрсеткіштерінің тұрақтылығы туралы пікірін көрсетеді.
  • 2023 жылы 26 желтоқсанда S&P рейтингтік агенттігі компанияның рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, болжамы «тұрақты», бұл ретте меншікті кредит қабілеттілігінің рейтингі «BB –» деңгейінен «BB»‑ ге дейін көтерілді.
ҚМГ кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі Күні Рейтинг деңгейі Болжамы
Moody’s Investors Service 13.12.2023 Baa2 Позитивті
S&P 26.12.2023 BB+ Тұрақты
Fitch Ratings 22.06.2023 BBB Тұрақты
Қазақстанның кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі Күні Рейтинг деңгейі Болжамы
Moody’s Investors Service 27.10.2023 Baa2 Позитивті
S&P 03.03.2023 BBB– Тұрақты
Fitch Ratings 17.11.2023 BBB Тұрақты
ҚМГ рейтингтерінің динамикасы

Облигация бойынша қарыздар

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ‑ның АҚШ долларымен қайта есептелген шоғырландырылған борышы – 8 265 млн АҚШ доллар, бұл 5 750 млн АҚШ доллары көлемінде ҚМГ еурооблигациялары мен «Самұрық‑Қазына» АҚ үшін Қашағандағы үлесті сатып алуға арналған 1 654 млн АҚШ долларын (752 млрд теңге), «Астрахань‑Маңғышлақ» су құбырын реконструкциялау және қуатын арттыруға арналған 154 млн АҚШ доллары (70 млрд теңге) көлеміндегі ҚМГ облигацияларын қоса алғандағы көрсеткіш.

ҚМГ компаниялар тобы жобаларының едәуір бөлігі өздерінің таза ақша ағымының есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте, ҚМГ мен ЕТҰ жекелеген стратегиялық жобаларды қаржыландыру үшін немесе Компанияның қаржы стратегиясын іске асыру шеңберінде қаржылық орнықтылықты қолдау үшін қолайлы нарықтық жағдайларда облигациялар нарығына шыға алады.

ҚМГ ішкі және халықаралық капитал нарықтарында өзінің борышты басқарудың ыңғайлы және теңдестірілген саясатына сәйкес қарыз алады. Компанияның борыштық бағалы қағаздары – Қазақстан эмитенттерінің арасындағы анағұрлым өтімді құралдардың бірі. ҚМГ‑ның шетел валютасындағы облигациялары тарихи түрде инвесторлардың кең ауқымын тартты. Инвесторлар базасы негізінен АҚШ, Еуропа және Азиядан мыңдаған институционалдық және бөлшек инвесторлардан тұрады. Еурооблигациялар Лондон қор биржасында, Қазақстан қор биржасында және AIX биржасында айналымда.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Корпоративтік орталық деңгейінде жалпы сомасы номиналы бойынша 5,75 млрд АҚШ доллары болатын еурооблигациялардың алты шығарылымы айналымда болды.

ҚМГ‑ның айналымдағы еурооблигациялары2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша корпоративтік орталық деңгейінде қамтамасыз етілмеген, басым.
Айналымның басталу күні/ өтеу күні Шығарылым көлемі, млн АҚШ долл. Айналымдағы облигациялар, млн АҚШ долл. Купон бойынша мөлшерлеме, жылдық % ISIN: RegS/144A
19.04.2017/19.04.2027 1 000 1 000 4,75 XS1595713782/US48667QAN51
19.04.2017/19.04.2047 1 250 1 250 5,75 XS1595714087/US48667QAP00
24.04.2018/24.04.2030 1 250 1 250 5,375 XS1807300105/US48667QAQ82
24.04.2018/24.04.2048 1 500 1 500 6,375 XS1807299331/US48667QAS49
14.10.2020/14.04.2033 750 750 3,50 XS2242422397/US48126PAA03

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша корпоративтік орталық деңгейінде жалпы сомасы 821 631,4 млн теңге номиналы бойынша ішкі облигациялардың бір шығарылымы айналымда болды.

ҚМГ облигациялары
Өтініштің/ өтеудің басталу күні Шығарылым көлемі, млн теңге Айналымдағы облигациялар, млн теңге Купон бойынша мөлшерлеме, жылдық % ISIN
16.09.2022/16.10.2035 751 631,4 751 631,4 3,0 KZ2C00008969
24.04.2023/01.04.2033 50 000 50 000 0,5 KZ2C00009736
24.11.2023/01.10.2033 20 000 20 000 0,5 KZ2C00010429

Инвесторлармен өзара байланыс

ҚМГ қаржыландыру көздеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және Компанияны қаржыландыру құнын төмендету мақсатында инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс‑қимылдың тиімді бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Инвесторлармен өзара іс‑қимыл процесіне Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарма Төрағасы, Басқарма мүшелері мен ҚМГ‑ның стратегиялық, қаржылық және операциялық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті, сондай‑ақ инвесторлармен жұмыс басқармасы тартылған.

ҚМГ жарты жыл сайын Басқарма мүшелері мен департамент директорларының қатысуымен инвесторлар үшін қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша конференц‑қоңыраулар өткізеді. Бұдан басқа, Компания инвесторлармен және рейтингтік агенттіктермен арнайы жеке конференц‑қоңыраулар ұйымдастырды, сондай‑ақ дамушы елдердегі тұрақты дамудың жаһандық трендтері мен нарықтық ахуал бойынша онлайн‑конференцияларға қатысты.

Компания инвестициялық қоғамдастық үшін ақпаратты жария ету кезінде уақтылық, толықтық және қолжетімділік қағидаттарын ұстанады. ҚМГ тоқсан сайын тоқсандық нәтижелер бойынша презентация, қаржылық нәтижелер бойынша пресс‑релиз, өндірістік нәтижелер бойынша пресс‑релиз, ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілік, сондай‑ақ деректер келтірілген талдамалық анықтамалықтар жариялайды. 2023 жылы Компания ҚМГ‑ның қаржылық және операциялық қызметі туралы инвесторлар мен талдаушылардың сұраныстары бойынша ақпаратты жедел ұсыну тәжірибесін жалғастырды.

Тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Компания 2022 жылы ESG бойынша ақпаратты жариялаудың ашықтығын айтарлықтай жақсартты. 2023 жылы ҚМГ Тұрақты даму туралы 2022 жылға арналған ауқымды есеп жариялады. 2022 жылдың қазан айында Sustainalytics ҚМГ ESG‑тәуекел‑рейтингінің деңгейін 32,3 балға дейін жаңартты. Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalytics агенттігі бағалаған әлемдегі 306 мұнай‑газ компаниялары арасында үздік 40 компания қатарына кірді.

Материалдар мен жарияланымдар ашық қолжетімділікте, сондай‑ақ Инвесторлармен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлерінің байланыс ақпараты компанияның сайтында «Инвесторларға» бөлімінде жарияланған.

ҚМГ екіжақты диалогтың тиімділігін одан әрі жақсартудың маңызын түсінеді және инвестициялық қоғамдастықтың компанияны қабылдауына үздіксіз талдау жүргізеді, бұл ақпарат кейіннен Директорлар кеңесі деңгейінде қаралады.

2023 жылы инвесторлармен өзара жұмыстың негізгі көрсеткіштері
1‑тоқсан
  • 2022 жылғы қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц‑қоңырау.
  • 2022 жылғы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация.
  • 2022 жылғы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша пресс‑релиздер.
  • ХҚЕС‑ке сәйкес 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есеп.
  • 2022 жылғы өндірістік нәтижелер.
  • 2022 жылғы қаржылық нәтижелер.
2‑тоқсан
  • 2023 жылдың 1‑тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация.
  • 2023 жылдың 1‑тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары.
  • 2023 жылғы 31 наурызда аяқталған үш ай үшін ХҚЕС‑ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиттелмеген).
  • 2022 жылғы жылдық есепті жариялау.
  • 2023 жылдың 1‑тоқсанындағы өндірістік нәтижелер
  • 2022 жылдың 1‑тоқсанындағы қаржылық нәтижелер
  • 2023 жылдың 19 мамырында EMEA және инвесторлар тобымен қоңырау.
3‑тоқсан
  • 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық нәтижелер қорытындысы бойынша KASE Эмитент күні.
  • 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация.
  • 2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары.
  • 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін ХҚЕС‑ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиттелмеген).
  • 2022 жылғы Тұрақты даму туралы есепті жариялау.
  • 2022 жылғы климаттық сауалнаманы (CDP) жариялау.
  • 2022 жылғы су қауіпсіздігі сауалнамасын (CDP) жариялау
  • 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелер
4‑тоқсан
  • 2023 жылдың 3‑тоқсанындағы тоқсандық нәтижелер бойынша презентация.
  • 2023 жылдың 3‑тоқсанындағы қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері бойынша баспасөз хабарламалары.
  • 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай үшін ХҚЕС‑ке сәйкес аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есеп (аудиттелмеген).
  • 2023 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелер
  • 2023 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер.