Омбудсмен қызметі

Омбудсмен қызметінің (бұдан әрі — омбудсмен) негізгі функцияларының бірі – компанияның барлық қызметкерлерінің әділдігі мен мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету: даулар мен жанжалдарды ерте ескерту және реттеу; жүйелі сипаттағы және шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қарауына шығару; жанжалды жағдайларды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар беру. ҚМГ іскерлік этика кодексінде ҚМГ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, саяси немесе өзге де ерекшелігіне, әлеуметтік шығу тегі, мүлкі мен лауазымдық жағдайы, қарым‑қатынас тілі мен басқа да мән‑жайлар негізінде кемсітушілікке жол бермеу, сондай‑ақ осы белгілерге қарай жекелеген қызметкерлерге қандай да бір артықшылықтар берілуіне жол бермеуге қатысты қағидаттар туралы нақты жазылған.

Өз қызметін іске асыру кезінде ҚМГ омбудсмені Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

2023 жылғы шілдеде ҚМГ жаңа омбудсмені тағайындалғаннан кейін іскерлік әдеп кодексінің талаптарымен, омбудсменнің функциялары мен міндеттерімен танысу мақсатында ҚМГ ЕТҰ — Caspi Bitum, ҚТО, ЕМГ, ҚМГ‑Аэро, ҚМГ‑Секьюрити басшыларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен және кәсіподақтар өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Өтініштерді қарау, есепке алу, оның ішінде жедел желі бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Омбудсмен тікелей омбудсменге жолданған 12 өтінішті қарады.

Ауызша өтініштер бойынша (телефон байланысы, жеке қабылдаулар арқылы) омбудсмен/ омбудсмен қызметі консультациялар өткізді, ұсынымдар берді. Барлық келіп түскен өтініштерді қызмет қарады, проблемалық мәселелерді реттеу, оның ішінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданды.

2023 жылы ҚМГ атына «Нысана» колл орталығына өз еркімен хабар беру жедел желісі бойынша 112 өтініш келіп түсті. ҚМГ омбудсмен қызметі оларды тиісті құрылымдық бөлімшелердің уақтылы қарауына бақылауды жүзеге асырады.