Компанияның еліміздегі мұнай‑газ саласының геологиялық барлаудан бастап мұнай өнімдерін сатуға дейінгі әр сегментіне қатысуы мен көшбасшылығы көптеген мүдделі тарап үшін құндылық қалыптастыруға мүмкіндік береді. ҚМГ акционерлеріне уақтылы төлем жасайды, инвесторлар мен кредиторлар алдында өз міндеттерін лайықты орындайды, Қазақстанның ірі жұмыс берушісі мен салық төлеушісі. Сонымен қатар серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейте отырып, әлеуметтік жобаларға инвестиция салады және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.