ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылға арналған корпоративтік басты қызмет көрсеткіштерінің бірі ретінде ESG рейтингін бекітті, бұл ҚМГ‑ның ESG маңызды тәуекелдерін басқаруға тікелей мүддесін және халықаралық мұнай‑газ нарығында тұрақты даму қағидаттарын ұстанатындығын көрсетеді. Бұл басты қызмет көрсеткішін орындау ҚМГ компаниялар тобы үшін ESG негізгі бастамаларын іске асыруды көздейді.
2023 жылы Sustainalytics рейтингтік агенттігі ҚМГ‑ның ESG тәуекелдерін басқаруды 32,3 балл деңгейінде бағалады. Компания ESG факторларының тарапынан жоғары тәуекелдерге ұшырауы мүмкін. Sustainalytics компаниядағы ESG тәуекелдерін басқаруды «мықты» деп бағалады. Сонымен қатар ESG тәуекелдеріне ұшырау ықтималдығын «жоғары» деп бағалады. Сарапшылардың пікірінше, ESG‑тәуекелдерге ұшырау рейтингінің жоғары мәні сала бойынша орташа мәндерге, яғни мұнай‑газ саласына тән тәуекелдерге сай келеді.
ҚМГ‑ның басты ESG сын‑қатерлері – шығарындыларды, қалдықтарды азайту, төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қатысты жұмысты күшейту, сондай‑ақ корпоративтік басқару жүйесін озық халықаралық тәжірибелер деңгейінде ұстап тұру. Сонымен қатар ҚМГ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелері бойынша тәуекелдерді басқаруға қатысты сарапшылардың оң бағасын алды, адами капитал мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару деңгейін жоғарылатты, сондай‑ақ ресурстарды пайдалану, биоалуандылық және іскерлік этика мәселелері бойынша тәуекелдерді басқарудың тұрақты деңгейін сақтап қалды.
ҚМГ тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарға сай болу үшін өз қызметін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Компания өз күш‑жігерін өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және болдырмауға, парник газдары шығарындысын жүйелі төмендетуге, кәсіпорындары орналасқан өңірлерінде әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштер бойынша жұмысты жақсартуға бағыттайды. ESG тәуекел‑рейтингін арттыру мақсатында ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Жоспар 43 іс‑шарадан тұрады, олар бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай‑ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін қамтиды.
Компания тұрақты даму мәдениетін арттыруға ерекше ден қояды. Корпоративтік орталық пен еншілес/тәуелді ұйымдардың қызметкерлері үшін тұрақты даму бойынша оқу курстары үнемі өткізіледі.